ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

Төраға орынбасарлары

 Есімов Асқар Асылбекұлы

 Есімов Асқар Асылбекұлы, 1981 жылы туған. 2003 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ Көлік және коммуникациялар академиясының кеден ісі инженері мамандығын, 2006 жылы Алматы экономикалық университетінің экономика факультетін бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы қызметтерінен бастаған.

2006-2007 жылдар аралығында ҚР Туризм және спорт министрлігі Өңірлерде спортты дамыту бөлімінің бастығы болып жұмыс істеген.

2007-2008 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» АҚ бас менеджері қызметін атқарды.

2009-2010 жылдар аралығында «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарушы директоры, «Қазақстандық ипотекалық несиелерді кепілдеу қоры» АҚ корпоративтік хатшысы, Басқарма төрағасының орынбасары болды.

2011-2013 жылдар  аралығында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақстандық тұрғын үй – құрылыс корпорациясы» АҚ басқарушы директоры – Басқарма мүшесі қызметтерін атқарды.

2013-2014 жылдар  аралығында «Қайық» Есу федерациясы» ҚБ вице-президенті болып жұмыс істеген.

2014 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағаның орынбасары лауазымына тағайындалды.

Оспанов Ерлан Қуанышбайұлы

Оспанов Ерлан Қуанышбайұлы, 1973 жылы туған. 1996 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін информациялық жүйелер мамандығы бойынша, 2001 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетінің заң факультетін, 2015 жылы Астана университетінің экономика факультетін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы «Шұғыла» ЖШС инженері заңгер кеңесшісі атқарушы директор қызметтерінен бастаған.

2001-2006 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының бас маманы, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының бөлім бастығы, Алматы облысы соттар әкімшісі болып жұмыс істеген.

2008-2009 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің бас сарапшысы, төраға орынбасары қызметін атқарды.

2009-2010 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Жоғары Соты аппаратының бөлім меңгерушісінің орынбасары, бас кеңесшісі болды.

2010-2011 жылдар  аралығында «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрігінің мемлекеттік кәсіпорның директоры қызметін атқарды.

2011-2012 жылдар  аралығында Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеген.

2012-2013 жылдар аралығында — «Назарбаев орталығы» көп функциялды ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары.

2013-2016 жылдар аралығында Н. Назарбаевтың Мәдениет, білім беру және әлеуметтік бағдарламалар қоры директорының орынбасары болды.

2016 жылда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде Заң қызметі департаментінің басқарма басшысы қызметін атқарды.

2016 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағаның орынбасары лауазымына тағайындалды.

Байжанов Бекболат Құстүтінұлы

Байжанов Бекболат 1978 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін дене тәрбиесі мәдениетінің оқытушысы, спорт жаттықтырушысы мамандықтары бойынша бітірген. Педагогика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2003 жылы Бөгенбай батыр атындағы дарынды балаларға арналған облыстық спорт мектеп-интернатының әдіскері ретінде бастаған. Степногорск қаласының Ішкі саясат бөлімінің бас маманы, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің бас маманы лауазымдарын атқарған.

2008-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарды.

2014-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті бұқаралық спортты және олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту басқармасының басшысы лауазымын атқарған.

2016 жылдың қыркүйегінен бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының қызметін атқарып келді.

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »