ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

Tөраға

Жарасбаев Серік Маратұлы


ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының бұйрығымен Жарасбаев Серік Маратұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Жарасбаев Серік Маратұлы, 1984 жылы туған. 2006 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетін дене шынықтыру мамандығы бойынша, ал 2009 жылы аталған университетін  мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша Ресей Халықаралық Олимпиада университетін спорттық әкімшілендіру мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің бокстан оқытушысы-жаттықтырушы, спорттан нұсқаушы-әдіскері болып бастады.

2007-2010 жылдар аралығында СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының оқу-спорттық әдістемелік бөлімінің бас маманы, оқу-спорттық әдістемелік бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

2011-2012 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті Білім, инновациялық технологиялар және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы қызметін атқарды.

2012 жылы СҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

2012-2014 жылдар аралығында — Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Жазғы спорт түрлері басқармасының бастығы, Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаментінің директоры.

2014-2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Сұхбат

IMG_4529

Фируза Шарипова Әлемдік рейтингте көтерілді

Июн 19 2018

Қазақстандық екі салмақ дәрежесі бойынша Әлем чемпионы Фируза Шарипова, әлемдік рейтингте едәуір өсті деп, спортшының баспасөз қызметі хабарлайды. Мәселен, Шарипова тоғызыншы орынды иеленіп, BoxRec-тің ТОП-10 қатарына кірді. Ал, WBС рейтингінде Далее »