ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

Гендерлiк саясат

Қазақстан спортына әйелдердің қатысуы туралы
АНЫҚТАМА

Заманауи спорт — қоғам мен адам өмірінің бірегей құбылысы. Ол әдемі, тартымды, адамға рухани және физикалық қуаттану үшін зор мүмкіндіктер ұсынады. Демек, әйелдердің спорттық шараларға белсене қатысып, онымен жүйелі айналысуларының себебі түсінікті.

Соңғы жылдары спортпен шұғылданатын адамдардың жалпы санының бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда да өсуі байқалады. Бұл ретте, әйелдер де өздеріне тән дәстүрлі әйелдер спортына ғана емес, сонымен қатар спорттың жаңа түрлері мен ерекше спорттық пәндерге аса қызығушылықпен қатысып келеді. Олар ерлер орнатқан кейбір абсолюттік рекордтарға барынша жақын, жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізіп келеді.

2017 жылғы статистикаға сәйкес, біздің елімізде 1 116 592 әйел, соның ішінде ауылдық жерлерде  357 214 әйел дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысады.

Анықтама: қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындардың жалпы саны 5204,4 мың адамды құрайды, оның ішінде 1164,5 мың әйелдер немесе 21,4%. Ауылдық жерлерде спортпен шұғылданатын  әйелдердің саны 6,8% -ы құрайды.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі жылдарында жазғы және қысқы спорт түрлерінен Олимпиада ойындарында жеңімпаздар мен жүлдегерлер әйелдердің саны 20 адамды, ал, әлем чемпионаттарында жүлде алған әйелдердің саны  27 адамды құрады.

Бұған қоса, ағымдағы жылы жазда Индонезияда өткен 2018 жылғы Азия ойындарына қатысқан қазақстандық спортшылардың саны 489 адамды құрады, оның ішінде               261 ер, 228 әйел немесе жалпы спротшылардың 47%ын әйелдер құрады.

Сондай-ақ, ұлттық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама команданың сапында 40 әйел енгізілді, олардың үшеуі әлем чемпионатында жеңімпаз және жүлдегер атанған, ал, спортпен шұғылданатын мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың арасында 145 әйелдің екеуі Әлем чемпионаттары мен Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

Жазғы спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың құрамындағы 5 692 адамның ішінде: ерлердің саны — 3 310 адамды, ал әйелдердің саны — 2 382 адамды немесе жалпы құрамның 41,8%-ын құрайды. Ал, қысқы спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың құрамындағы 1 327 адамның ішінде: ерлердің саны – 854 адамды, әйелдердің саны – 473 адамды немесе жалпы құрамның 35,6%-ын құрады.

Бүгінгі таңда, Қазақстанда спорт түрлері бойынша халықаралық санаты бар судьялардың жалпы саны 373 адамды құрайды, оның ішінде: 275 адам ерлер болса, 98-і әйелдер немесе олардың 26,3%ы.

Сонымен қатар, жыл сайын спорттың жаңа түрлерін белсенділікпен меңгеріп жатқан әйелдердің саны артып келеді. Атап айтқанда, 2013 жылы еліміздің әйелдері арасында қазақ күресінен бірінші Қазақстан чемпионаты өткізілді. Ал, 2014 жылы «Astana — Acca Due O» халықаралық әйелдер командасы құрылды.

Әрине, спортпен шұғылданатын барлық қыздардың өжеттігі таңғалдырады. Алайда, өмірлерін футбол немесе аралас жекпе-жек секілді ерлерге тән қатты әрі өрескел спортқа арнаған нәзік жандылар ерекше құрметке лайық. Себебі, бұл спорт түрлерінен ауыр жарақат алу қаупі өте жоғары. Мұндай қиындықтарға қарамастан қыздар спортпен шұғылданады, өйткені олар өмірдің барлық қиындықтарына дайын. Тіпті, кейбіреулері жарыстарда үнемі жеңіп, түрлі дәрежелерде чемпион атанып жүр.

Анықтама:

Абдумалик Жансая Даниярқызы – шахматтан халықаралық әйелдер арасындағы Гран-при иегері, жастар арасындағы Азия чемпионатының чемпионы, жастар арасындағы әлем чемпионатының чемпионы. Қыздар арасындағы екі дүркін әлем чемпионы.

Бегайым Қырғызбаева – әйел футболшының клубтық мансабы                 2004 жылы «Алма-ҚТЖ»-да басталды, дәл сол кезден бастап, футбол бойынша  Қазақстанның әйелдер чемпионаты бастау алды. Алма-ҚТЖ құрамында Бегайым 5 рет (2004, 2005, 2006, 2007 және 2008) Қазақстан чемпионы атанды.

Елена Хрусталева – биатлоншы Қазақстанның ұлттық құрамасында Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы атанды. Өзінің мансабында Елена әлем чемпионатында төрт мәрте әлем чемпионатының ондығына кірді, соның ішінде 2009 жылғы әлем чемпионатында жеке жарыста алтыншы орынға ие болды.

Ельзабет Тұрсынбаева – қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы үшін            2018 жылғы Пхеньчхан (Корея) қысқы Олимпиадасы кәсіби мансабындағы алғашқы жарыстардың бірі болды. Лиза қысқа және ерікті бағдарламаларда тиісті деңгейде өнер көрсете алды. Нәтижесінде ол планетамыздағы үздік мәнерлеп сырғанаушылары тізімінде 12-ші орынға шықты.

Жазира Жапарқұл – зілтемірші, 1993 жылы 22 желтоқсанда Түркістан облысының Арыс қаласында дүниеге келген. Екі дүркін әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2014 ж.), жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Қазіргі уақытта Шымкент қаласында тұрады.

Құрышбаева Ділдаш – самбодан Азия ойындарының чемпионы, Қазақстан Республикасының спорт шебері.

Мекенбаева Мөлдір – әлем чемпионы, ҚР спорт шебері.

Ольга Рыпакова – ұзындыққа қарғып секіруден 2010 жылғы әлем чемпионы, үш қарғып секіру мен жетісайыстан Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, Бангкокте (Таиланд) өткен Универсиада-2007 чемпионы. Рыпакова — Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.

Ольга Шишигина – 2000 жылғы Сиднейдегі Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Қазақстанның туын төрт жылдықтың басты ойындарында аспанда шарықтату үшін керемет жұмыс жасады. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері бүгінгі күнге дейін мемлекеттің дамуына үлес қосып келеді. 2013 жылғы қаңтардан бастап Ольга Шишигина Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының құрамына кірді.

Садуақасова Динара Рамазанқызы – халықаралық шахмат гроссмейстеры, 14 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы, 20 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы.

Сарсекенова Кенжеш – Аягөз қаласында дүниеге келген, коньки тебу спорты бойынша Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, (1994 жылы Норвегияның Лиллехаммерінде, 1998 жылы Жапонияның Нагано қаласында өткен) қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы, конькимен сырғанау спорты бойынша мемлекеттік жаттықтырушы.

Фируза Шарипова — спортшы 1994 жылы 29 тамызда Тараз қаласында дүниеге келген. Шарипованың алғашқы жеңістері 2012 жылы басталды. Кәсіби рингдағы дебютін 2016 жылдың мамырында бастады. 2017 жылы Шарипова өзінің FSK Promotion жарнамалық компаниясын құрды.

Юлия Галышева – Пхенчанедағы қысқы Олимпиадада могулист қола медальді жеңіп алды. 2010 жылы Ванкувер қаласында Юлия Могулда 11-ші орынға ие болды. 2014 жылғы Сочидегі Олимпиада ойындарында Юлия жетінші болды. Алматыдағы 2011 жылғы Азиада ойындарында Галышева могулда және параллель могулде алтын алған болатын.


Неғұрлым даярлығы бар, қоғам мен
мемлекет өмірінің түрлі салаларында
қызмет атқаратын әйелдер қатарынан
оларды шешім қабылдау
деңгейіне ілгерілету бойынша
2016 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарын
бекіту туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. Неғұрлым даярлығы бар, қоғам мен мемлекет өмірінің түрлі салаларында қызмет атқаратын әйелдер қатарынан оларды шешім қабылдау деңгейіне ілгерілету бойынша 2016 жылға дейінгі іс-қимыл жоспары бекітілсін.

2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жүктелсін.

3. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысына Жоспардың орындалуы жөніндегі қорытынды ақпаратты ұсыну Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөліміне жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

    А. Мусин

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы А. Мусиннің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 01-38.69 «Мемлекет пен қоғам өміріндегі әр түрлі салаларда қызмет ететін, анағұрлым даярланған әйелдерді шешім қабылдау деңгейіне ілгерілету бойынша 2016 жылға дейінгі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» бұйрығын орындауға орай келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» 2012 жылғы            20 қаңтардағы № 226 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қайта ұйымдастырылуына байланысты Агенттік құрылды. Осыған орай, Агенттіктің жаңа 2012-2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілуде.

Аталған жоспарда «Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту» деген 4-тарауда:

- Қазақстан қосылған халықаралық актілерге сәйкес ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін іске асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың министрліктің және азаматтық қоғам өмірінің барлық аспектілерінде шешімдер қабылдау процесіне тең қатысуын қамтамасыз ету;

- шешім қабылдау деңгейіндегі, (департамент және басқарма басшылары) әйелдердің санын 30%-ға жеткізу көзделген.

Агенттік өз қызметінің барлық салаларында әйелдер мен ерлердің тең құқықтарын көздейді. Агенттіктегі қызметкерлердің жалпы санынан әйелдердің саны 57,7%-ды құрайды, оның ішінде басшылық қызметтегі әйелдер саны жалпы бысшылар санының 47,6% құрайды.

Көшіріп алу Жоспар Гендер 82kb  .doc

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Сұхбат

20180705173502

Фируза Шарипованың 4 тамызға жоспарланған кездесуі кейінге шегерілді

Июл 27 2018

Екі салмақ дәрежесінде кәсіби бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың Мириам Гутьерасспен межелеген кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы қазақстандық спортшының баспасөз-қызметі хабарлайды. Бокс кеші Санкт-Петербургтегі М-1 Аренда 4 тамызда  өтуі тиіс Далее »