ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

2017 жылғы

Проект выступления Министра культуры

и спорта Республики Казахстан

А. Мухамедиулы

12 сентября 2017 года

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Құрметті Үкімет мүшелері және шақырылған қонақтар!

Слайд 1

Ел басының Қазақстан халықына арналған Жолдауларының аясында Мәдениет және спорт министрлігі өткен кезеңде стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, министрліктің
2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарын іске асырды.

Слайд 2

Министрліктің ең басты стратегиялық бағыттарының бірі – 2025 жылға қарай елімізде отандастарымыздың 35 пайызын дене шынықтыру және спортпен жүелі түрде шұғылдануын қамтамасыз ету.

Осы бағытта бұқаралық спорт пен оның инфрақұрылымын дамыту және республика спортының материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында бірқатар шаралар жүзеге асырылды.

3 Слайд

2016 жылдың қорытындысы бойынша Министрлік дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын халықтың үлесін 4 млн-нан астам адамға жеткізіп отыр (4 млн.863 мың.), бұл 27,6%. Осы 3 жыл ішінде бұл көрсеткіш 2,3%-ға өсті.

Өңірлер бойынша салыстырғанда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысумен қамтылуының ең жоғары көрсеткіші Шығыс-Қазақстан облысында (30,3%), ал ең төмені – Маңғыстау (25%) және Оңтүстік Қазақстан облыстарында (25%).

Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту 15,3% болды (427,3 мың бала).

Осыған себепкер болып отырған жыл сайын жүйелі түрде 5млн-нан астам адамның қатысуымен өткізілетін бұқаралық-спорттық іс-шараларды атап өту қажет (анықтама: 43мың іс-шара өткізілді, оның ішінде ауылда 25 мың).

4 Слайд

Саны жылдан жылға артып келе жатқан спорттық марафондардың аса танымал болып келе жатқанын ескерген жөн.

ЭКСПО-2017 көрмесінің аясында өткен Халықаралық Астана марафоны осы беталыстың дәлелі болды. (ақпарат үшін: Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) және Азиядағы өзара іс-кимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨІСШК) қатысуымен. Қатысушылардың жалпы саны: 25 мемлекеттен 5 мыңнан астам адам).

Сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстану бойынша ақпараттық насихаттау жұмыс атқарылып жатыр. Республикалық «Казспорт» телеарнасының насихаттаудағы үлесі зор.

Анықтама үшін:

2016 жылы республикалық және жергілікті БАҚ құралдары 16 625 материалды жарыққа шығарды, соның ішінде теледидар мен радиода – 3326, басылымдарда – 5148, сайттарда – 8149;

Апта сайын «Қазақ спорты», «Спорт», «Проспорт» газеттері шығарылады, «Спорт.кз», «Вести.кз», «Аламан.кз», «Дода.кз» интернет-ресурстары жұмыс істеуде. Республикалық және өңірлік деңгейде әлеуметтік желілерде де белсенді жұмыс жүргізілуде).

 

5 Слайд

Әкімдіктермен, Білім және ғылым министрлігімен мектептерде спорттық секциялардың, клубтардың жұмыс істеуі қамтамасыз етіліп, мектеп лигаларының спорттық жарыстары ұйымдастырылып және өткізіліп жатыр.

Тұрғылықты жер бойынша қосымша білім беру мекемелері (17,4 мың бала тәрбиеленетін 79 дене тәрбиесі даярлығының балалар мен жасөспірімдер клубы) жұмыс істейді.

Біз балалар және жасөспірімдер, соның ішінде мамандандырылған спорт мектептері желісін дамыту бойынша жұмысты жалғастырып жатырмыз (2016 жылдың қорытындысы бойынша — 450 бірлік, айналысатындардың саны 307 мың бала).

6 Слайд

Білім және ғылым министрлігінің қатысуымен дене шынықтыру және спортпен айналысуға студенттер тартылуда.

Бүгінгі күні жоғарғы оқу орындары студенттерінің 20% (186 мың адам), ал колледждердің – 30% (283 мың адамнан астам) спортқа тартылған.

Студенттік лигалар шегіндегі жарыстар қарқынды дамуда.

2014 жылдан бастап футзалдан, волейболдан және баскетболдан Ұлттық студенттер лигалары бастама алған.

2020 жылға дейін Ұлттық студенттер лигалары еліміздің барлық жоғары оқу орындарын қамтиды деп жоспарлануда.

7 Слайд

Спортпен айналысатын мүгедектерге барынша жағдайлар жасалып жатыр. 2009 жылдан бері дене шынықтыру және спортпен айналысушылардың үлесі 4%-дан 10,2%-ға дейін өсті,(2009 жылғы 12 мың адамнан 2016 жылы 27 мың адамға).

Олардың спорттық дамуы үшін спорттық клубтар, спорт мектептері және олардағы бөлімдер жұмыс істеуде.

(анықтама үшін:

өңірлерде 12 спорт клубы;

мүгедектер арасындағы спорт бойынша 2 мамандандырылған мектеп (Қарағанды обл. және ОҚО);

ойын спорт түрлері және мүгедектер спорты бойынша 1 балалар және жасөспірімдер мектебі (Павлодар обл.);

спорт мектебінде 1 бөлім (Қызылорда қ-сы) жұмыс істеп жатыр).

Аталған мекемелерде мүгедектер тегін айналысады.

Жасалып жатқан қолайлы жағдайлардың арқасында 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен XV жазғы Паралимпиада ойындарында біздің құрама команда 1 алтын, 1 күміс, сондай-ақ, XXIII жазғы Сурдлимпиада ойындарында біздің құрама алғашқы рет 7 медаль (1 алтын, 1 күміс, 5 қола) ұтып алды.

8 Слайд

Елімізде ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Ұлттық спорт түрлерімен айналысушылардың үлесі 2013 жылғы 5,9%-дан 2016 жылы 7,7%-ға өсті (299 682 адам).

Ұлттық спорт түрлері бойынша республикада 7 мамандандырылған спорт клубы (Астана и Алматы ққ., Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Алматы және Маңғыстау обл.), 9 мамандандырылған спорт мектебі (Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола, Павлодар обл. және Оңтүстік Қазақстан обл. 2 клуб) және Астана қаласында Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы жұмыс істеп жатыр.

Жыл сайын ұлттық спорт түрлері бойынша кешенді және спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі.

(анықтама үшін: Халық спорт ойындары, «Ақ бидай» ауыл спорт ойындары, Ауыл жастар ойындары, Ұлттық спорт түрлерінің фестивалі, по қазақ күресінен «Қазақстан барысы» және «Жас барыс» республикалық турнирлері).

«Қазақстан барысы» жобасы біздің ұлттық спорт брендімізге айналды және «Евразия барысы» және «Әлем барысы» турнирлерін ұйымдастырып өткізу арқылы халықаралық деңгейге шықты. Осының арқасында ауылды жерлерде балалар мен жастар қазақ күресі секцияларына белсенді тартылып жатыр.

ЭКСПО-ның аясында Астана қаласында әлем чемпионаттары, халықаралық турнирлер және т.б. өткізілді.

(анықтама үшін: көкпардан және тоғыз құмалақтан әлем чемпионаттары, Қазақ күресінен «Әлем барысы» абсолютті әлем чемпионаты, жамбы ату және теңге ілуден халықаралық турнирлер, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне ат спорты түрлерінен «ЭКСПО Кубогі» және Облыстардың мәдени күндері бағдарламасы бойынша ұлттық спорт түрлерінен өнер көрсетілді).

Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитеттің 11-сессиясының қорытындысы бойынша «қазақ күресі» ЮНЕСКО-ның Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілгенін ерекшк атап өткім келеді.

9 Слайд

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің– Елбасының тестілері бұқаралық спорттың маңызды құраушысы болып табылады.

(анықтама үшін: 2016 жылы Тестілерде 4,2 млн. адам қатысып, 93 мың адам Президенттік деңгейдегі нормативтерді орындады, соның ішінде ауылды жерлерде – 22 мың адам; 185 мың адам ұлттық деңгейдегі нормативтерді орындады, соның ішінде ауылды жерлерде – 57,8 мың адам).

Ағымдағы жылы қолданыстағы Тестілер бойынша халықтың дене шынықтыру даярлығына қойылатын нормативтік талаптарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіп жатырмыз.

(анықтама үшін: талаптарды төмендетіп, сәйкесінше тестілерге халықтың барлық топтары қатысуын қамтамасыз ету үшін халықтың дене шынықтыру даярлығының үшінші деңгейі енгізілу жоспарланып отыр).

10 Слайд

Баршаға мәлім, денешынықтырумен халықты қамту спорт инфрақұрылымының бар болуына тәуелді.

Елімізде 11,1 мың спорт ғимараттары қызмет етеді және олардың саны 2015 жылмен салыстырғанда 4 пайыздан астамға көбейді.

Олардың ішінде 9,2 мыңы спорт мектептерін қоса алғанда білім обьектілеріне, ал 2 мыңы денешынықтыру-спорт обьектілеріне жатады.

11 Слайд

2017 жылдың басынан бастап еліміздің өңірлерінде жергілікті бюджет және демеушілер қаражаты есебінен 11 денешынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы аяқталды.

4 денешынықтыру-сауықтыру кешендері бойынша құрылыс аяқталу кезеңінде (Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстары).

Облыстарда мемлекеттік-жекешелік әріптестік есебінен әр түрлі кезеңдерде 21 жоба іске асырылуда, бұл бізге жаңа экономикалық жағдайда спорт инфрақұрылымын дамытуда қосымша мүмкіндіктерді ұсынады.

(Анықтама: 2 жоба Алматы қ., 2 — Ақтөбе обл., 2 — ШҚО, 1 — Жамбыл обл., 2 — БҚО, 3 – Қостанай обл.,1- Қызылорда обл., 1 - Павлодар обл., 1- Солтүстік Қазақстан обл. және 6 жоба Оңтүстік Қазақстан обл.).

Осыған байланысты, Атырау, Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау облыстары мен Астана қаласының әкімдеріне осы бағыттағы жұмысты күшейту қажет.

Осы өңірлерге мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында спорт обьектілерін салудағы Ақтөбе облысының оң тәжірибесіне көңіл аударуды ұсынамыз (2017 жылы Мұз сарайының, Жекпе-жек сарайының құрылысы аяқталуда).

12 Слайд

Министрлікпен денешынықтыру-спорттық мақсатындағы обьектілерді салу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бұл:

Щучинск қаласындағы Республикалық шаңғы базасының құрылысы (қолданысқа беру мерзімі – 2018 жылдың қазан айы);

Олимпиадалық даярлау орталығы құрылысының қайта жандануы (Астана қ.) (обьектіде техникалық аудит өткізілді, ТЭН мен ЖСҚ-ны түзету жоспарланған);

2005 жылы басталған Алматы облысындағы Республикалық олимпиадалық даярлау базасының құрылысы (сметалық құнын түзету бойынша мәселе пысықталуда).

Министрліктің, әкімдіктердің, спорт мекемелері басышsларының біріккен күштерімен тұрақты түрде балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, спорт клубтарына мемлекеттік тапсырысты үлестіру, денешынықтыру-сауықтыру қызметтеріне жеңілдіктерді сақтау есебінен халық үшін (зейнеткерлерге, студенттерге, мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға) спорт ғимараттарының қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

13 Слайд

Ал қазір, құрметті Бақытжан Әбдірұлы, мен бұқаралық спортқа теріс әсер тигізетін мәселелерді атап өткім келеді.

Бірінші, сонымен қатар ең маңызды мәселердің бірі – спорт инфрақұрылымының халық санына жетіспеуі.

Спорт инфрақұрылымының өсуі негізінен жазықтық алаңдарды салу есебінен байқалады.

(анықтама: 2017 жылдың 6 айы бойынша елімізде 133 спорт алаңдары: аула спорт алаңдары, алаңдар, көшедегі Street Workout жаттығу құрылғылар кешендері қолданысқа берілді).

Ал, жабық спорт құрылыстарының саны республика бойынша, әсіресе ауылды жерлерде әлі де жетіспейді.

Мысалы, мектептер жанындағы спорт залдары тек сабақ өткізу үшін қолданылады.

(анықтама: ауылдардағы 4 837 спортзалдары бар, оның ішінде 4133 мектептерге қарайды).

Елімізде барлығы денешынықтыру-сауықтыру залдары бойынша 1,5 млн шаршы метр қажеттілік бар, ол іс жүзінде 46 пайыз қажеттілікті құрайды (651 мың шаршы метр).

Осыған байланысты, және де халықты дене шынықтыру және спортпен бұқаралы түрде шұғылдануға тарту мақсатында денешынықтыру-сауықтыру кешендері құрылысын республикалық және жергілікті бюджеттен бірлесіп қаржыландыру есебінен қайта жандандыруды ұсынамыз.

Бұрын 2014-2015 жылдары еліміздің 8 өңірінде 18 денешынықтырусауықтыру кешендері пайдалануға берілді, бұл біздің елде жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын адамдардың санын 2% -ға көбейтуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы спорттық нысандардың құрылысында оң динамикаға ие бола отырып, аймақтардан осы бағытта өз жұмысын күшейтуді сұраймыз.

14 Слайд

Екінші мәселе — білім беру мекемелерінде, халықтың тұрғылықты жері бойынша және жаппай демалатын орындарда спорттық құрал-жабдықтардың жетіспеушілігі.

Слайд жалпы білім беру мектептерін жабдықтау деңгейін көрсетеді. Ең төмені Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстары мен Астана қаласында.

Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша елдегі жалпы білім беретін мектептерге арналған спорттық жабдықтардың орташа көрсеткіші 67,5% құрайды.

15 Слайд

Келесі мәселе — тұрғылықты жер бойынша бұқаралық спорттың әлсіз дамуы.

Бүгінгі таңда елімізде дене шынықтыру дайындығы жөніндегі балалар мен жасөспірімдер клубтарының желісі жеткіліксіз дамыған, олардың саны 79 бірлік. Сонымен қатар, олар 6 аймақта мүлде жоқ (Алматы, ШҚО, Қызылорда және Маңғыстау облыстары, Алматы және Астана қалалары).

Бұған қарамастан, оларды қысқарту жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, Ақмола, Атырау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы балалар мен жасөспірімдер клубтарының желісі де нашар дамыған (Қазақстан Республикасындағы БЖК-нің жалпы саны — 569 бірлік).

16 Слайд

Облыстар әкімдіктерінің мәліметі бойынша, республикада тұрғылықты мекенжай бойынша 2016 жылы 3 мың спорт жөніндегі нұсқаушы-әдіскер жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда елде 2,3 мың ауылдық округтер бар, олардың 2 мыңында — нұсқаушы-әдіскер қызмет көрсетеді. Нұсқаушы-әдіскер мамандары бойынша қажеттілік - 33,5% құрайды.

(Анықтама: Қарағанды (11,2%), Атырау (12,7%), Шығыс Қазақстан (34,4%), Батыс Қазақстан (36,5%) және Оңтүстік Қазақстан (38 %)).

Бұл мәселені шешу үшін Қызылорда облысының облыстық спорт басқармаларының тәжірибесіне сәйкес, штатында спорт бойынша нұсқаушы-әдіскер көзделген аудандық спорт бөлімдері жанындағы спорт клубтарын дамытуды ұсынамыз.
Болашақта біз осы мамандармен елді мекендерді қамтамасыз ету жөніндегі нормативтерді әзірлеуіміз қажет болады.

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!

Мен сізден біз айтқан мәселелерді қолдауды және олар бойынша тапсырмалар беруіңізді сұраймын, себебі олардың шешімі бұқаралық дене шынықтыру мен спортты дамытуға серпін береді.

Сөзімді қорытындылай отырып, сіздерге министрліктің алдына қойылған бұқаралық спорт саласындағы барлық міндеттер шешілетініне үәде беремін.

Назар аударғандарыңызға рахмет!

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »