ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

Спорттық атақтары және біліктілік санаттарын беру

СПОРТТЫҚ АТАҚТАРЫ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІК САНАТТАРЫН БЕРУ

«Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтары және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру»

ЖАДЫНАМА

«Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтары және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік қызметті алушылар атақтары мен біліктіліктерін ресми тану мақсатында жаттықтырушылар, әдіскерлер, нұсқаушылар, спортшылар және спорттан төрешiлер болып табылады.

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9675 болып тіркелген «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорттық атақты беру туралы куәлік, біліктілік санатын беру туралы куәлік немесе спорттық атақты, біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесі не Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№ 11276 болып тіркелген «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығымен бекітілген стандартының 9-1-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт істеру комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ААҮ МК») және «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) мемлекеттік қызметті көрсету үшiн жүгінген кезде қажетті құжаттардың тізбесі:

1) «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атақтарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс;

спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерациясының мөрімен және оның басшысының қолымен куәландырылған жарыс хаттамаларының көшірмелері;

3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;

2) «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері», «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атақтарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыныс;

спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерациясының мөрімен және оның басшысының қолымен куәландырылған жарыс хаттамаларының көшірмелері;

3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет;

3) «біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы», «біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы» біліктілік санаттарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

кәсіптік білімі туралы диплом;

жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірмесін, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды дайындауы туралы анықтамасы;

спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен және оның басшысының қолымен куәландырылған жарыстар хаттамаларының көшірмелері;

4) «біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер», «біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер» біліктілік санатарын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органының қолдаухаты;

кәсіптік білімі туралы диплом;

жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

5) «біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы» біліктілік санатын беру (және/немесе растау) туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық құжат нысанындағы өтініш;

білімі туралы диплом;

жұмыс берушінің оны тоқтату күні мен негіздемесі туралы белгісі бар еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының, немесе еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен үзінді көшірме, немесе қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттың анықтамасы;

спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерацияның мөрімен куәландырылған, спортшының соңғы 2 жылдағы жетістіктері көрсетілген санат беру туралы қолдаухат;

6) «жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi», «ұлттық спорт төрешiсi» біліктілік санаттарын беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін:

көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – жеке тұлғаның нотариалды куәландырылған сенімхаты (сәйкестендіру үшін);

4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

3-қосымшаға сәйкес ұсыным;

спорт түрі бойынша аккредиттелген республикалық және (немесе) өңірлік спорттық федерация өткізетін төрешілердің республикалық семинарынан өткені туралы анықтама;

төрешілік туралы анықтамасы немесе өтініш берушінің төрешілік растайтын жарыс хаттамасының көшірмесі

3х4 көлеміндегі түрлі-түсті екі фотосурет.

1-қосымша

Нысан

______________________________

(Дене шынықтыру және спорт

______________________________

саласындағы уәкілетті органның атауы)

___________________________________

біліктілік комиссиясының төрағасына

ӨТІНІШ

___________________________________________________________

(жаттықтырушыға, нұсқаушы-спортшыға, спорттық төрешіге спорт

түрін көрсету, әдіскерлерге – спорт мекемесінің атауы)

Мен, _____________________________________________________________

Туған жылы ______________________________________________________

Спорттық атағы _________________

Жұмыс орны, атқаратын лауазымы __________________________________

Жаттықтырушы-оқытушылық жұмыс өтілі ____________________________

Үй мекенжайы: __________________________________________________

Маған ___________________________________________________________

беру туралы мәселені қарауыңызды сұраймын.

Мына нәтижелерді спорттық атақ беру үшін негіздеме болады деп

санаймын: _________________________________________

«Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтары біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісем беремін.

20__ жылғы «___» ______________ ____________________

(жеке қолы)

2-қосымша

Нысан

ҰСЫНЫС

Спорт түрі Атағы Фотосурет орны
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады) Туған күні
Жеке сәйкестендіру нөмірі
Ұсынып отырған өңір (облыс, қала) Спорт мектебі (спорт клубы)
Оқу, жұмыс орны Білімі
Спортшымен шұғылдану уақыты (жаттықтырушылар үшін)
Үйінің мекенжайы
Алдыңғы атағы Атақ берілген немесе расталған күні
Спортшы және (немесе) жаттықтырушысы Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Қолы
Спортшы
Бірінші жаттықтырушысы немесе спорт түрі (спорт түрлері) бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама команданың тізіміне сәйкес жаттықтырушысы
Аккредиттелгенреспубликалық және

(немесе) өңірлік спорт

федерациясының

Басшы ________

Мөр орны

Күні 20___ ж. «__»___

Дене шынықтыру және спорт басқармасының(облыс, қала)

Басшы __________

Мөр орны

Күні 20___ ж. «__»___

РМКМ «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы»Басшы ____________

Мөр орны

Күні 20___ ж. «__»___

Комиссияның қарауына келіп түскен күні: 20__ж. «__»__________

Негізгі көрсеткіштер (нормативтер)
Орындаған күні және орны (күні, айы, жылы және қала, ел) Жарыстардыңатауы, Жарыс дәрежесі, санаты Көрсеткеннәтижесі
Төрешілауазымы Төрешініңтегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Қала (ел) Төрешіліксанаты
Бас төреші
Бас хатшы
Аға төреші

3-қосымша

Нысан

ҰСЫНЫС

Спорт түрі Атағы Фотосурет орны
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады): Туған күні
Жеке сәйкестендіру нөмірі
Ұсынып отырған өңір (облыс, қала) Ведомство Спорт мектебі
Оқу, жұмыс орны Білімі «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білімі
Үйінің мекенжайы
Алдыңғы атағы Атақ берілген немесе расталған күн
Спортшыны даярлаған жаттықтырушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Жаттықтырушылық санаты
Бастапқы дене шынықтыру ұйымы
Басшысы ____________Мөр орныКүні 20___ ж. «__»___
Дене шынықтыру және спорт басқармасының (облыс, қала)Басшысы ____________

Мөр орны

Күні 20___ ж. «__»___

Аккредиттелгенреспубликалық және

(немесе) өңірлік спорт

федерациясының

Басшысы ____________

Мөр орны

Күні 20___ ж. «__»___

Комиссияның қарауына келіп түскен күні 20__жылғы «__»__________

Негізгі көрсеткіштер (нормативтер)
Орындағанкүні және орны (күні, айы, жылы және қала, ел) Жарыстардың атауы, Жарыс дәрежесі,санаты Көрсеткен нәтижесі
Төрешілауазымы Төрешініңтегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Қала (ел) Төрешіліксанаты
Бас төреші
Бас хатшы
Аға төреші,төреші
Атақ беру туралы белгі Жауапты тұлға (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Лауазымы
Бас тарту себебі және бұзушылықтар туралы белгіЖіберілген күні 20__ жылғы «___» ______________

4-қосымша

Нысан ______________________________

(Дене шынықтыру және спорт

______________________________

саласындағы уәкілетті органның атауы)

___________________________________

біліктілік комиссиясының төрағасына

ӨТІНІШ

___________________________________________________________

(жаттықтырушыға, нұсқаушы-спортшыға, спорттық төрешіге спорт

түрін көрсету, әдіскерлерге – спорт мекемесінің атауы)

Мен, _____________________________________________________________

Спорттық атағы ___________________________________________________

Жұмыс орны, атқаратын лауазымы ________________________________

Жаттықтырушы-оқытушылық жұмыс өтілі ____________________________

Үй мекенжайы: __________________________________________________

Маған ___________________________________________________________

беру туралы мәселені қарауыңызды сұраймын.

Мына жұмыс нәтижелерін біліктілік санатын беру үшін негіздеме болады

деп санаймын: ____________________________________________________

_______________________________________________________________

Жаттықтырушының, әдіскердің, нұсқаушы-спортшының және спорттық

төрешілердің лауазымдарына арналған біліктілік талаптарымен таныстым

____________________

«Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтары біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісем беремін.

20__ жылғы «___» ______________ ____________________

(жеке қолы)

5-қосымша

Нысан

Жаттықтырушы-оқытушының спортшыларды даярлауы туралы
АНЫҚТАМА

_________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Р/с№ Дайындаған спортшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Туған жылы Спортшымен жұмыс істеген өтілі Растаушы құжат Спорттық нәтижесі Тіркелген (берілген) орны Растаушы құжат

Басшының қолы ____________________

Мөр орны 20__ жылғы «___» _______________

Дене шынықтыру және спорт жөніндегі

облыстық (республикалық маңызы

бар қаланың, астананың) басқарма

басшысының қолы ____________________

Мөр орны 20__ жылғы «___» _______________

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »