ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

“Ұлттық спорт түрлері”

Қазақ күресінен Мұстафа Шоқай атындағы республикалық турнир өтеді

20151209203013

14-15 желтоқсан күндері Қызылорда облысының Шиелі кентінде ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Мұстафа Шоқай атындағы қазақ күресінен 1996-1997 жылғы жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтізіледі. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Биыл 10-шы мәре ұйымдастырылатын турнирге Алматы қаласы, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан [...]

Декабрь 10th, 2015 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Ұлттық спорт түрлері | Read More »

«Алаш арландары» қазақ күресі спорт клубының палуандары ҚФ кубогында күміс еншіледі

20151207124957

Тараз қаласында ҚР қазақ күресі федерациясының кубогы жолындағы бәсекелер аяқталды. 16 команда қатысқан дүбірлі додада Қызылорда облысының «Алаш арландары» клубы күміс жүлдені еншіледі. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Қызылордалықтар алғашқы белдесуде Жамбыл облысының  спортшыларынан басым түссе, жартылай финалдық кездесуде Алматы қаласының палуандарын таза жеңіспен ұтты. Ал финалда Семей жігіттерінен [...]

Декабрь 8th, 2015 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Ұлттық спорт түрлері | Read More »

Таразда мықты командалар қазақ күресі федерациясының кубогі үшін күш сынасады

20151204062510

Бұл күндері «Тараз-Арена» спорт сарайы елдің мықты палуандарын Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған қазақ күресі федерациясының кубогы республикалық турниріне жинады. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. «Қазақстанда тұңғыш рет елдің ең мықты командаларының арасында қазақ күресінен спорт шарасы өтуде. Турнирге қатысудың міндетті шарты клубқа мүше болуы тиіс. Әрбір команда [...]

Декабрь 4th, 2015 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Ұлттық спорт түрлері | Read More »

Бурабайда Ұлы Дала ойындары мен «Алтын жебе» халықаралық турнирі өтеді

20151127013029

2016 жылы жамбы атудан «Алтын жебе» І халықаралық фестиваль-турнирі Оқжетпес тауының маңында өтеді. Бұл туралы Астанада өткен Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының алқа мәжілісінде белгілі болды, деп хабарланған қауымдастық сайтында. Жиынға Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан, ұлт спортының жанашырлары мен «Нұр Отан» партиясының өкілі, республика көлеміндегі Ұлттық спорт мектептері мен ұлттық спорт [...]

Ноябрь 27th, 2015 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Ұлттық спорт түрлері | Read More »

Астанада «Алтын тұғыр» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті

20151126004221

АСТАНА. ҚазАқпарат — 25 қарашада Астанада «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Алтын тұғыр» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті. ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған шарада партия Төрағасының бірінші орынбасары А.Мырзахметов жеңімпаздарды құттықтады, деп хабарлайды nurotan.kz. Биыл партияның тікелей қолдауымен ҚР Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Астана [...]

Ноябрь 26th, 2015 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Ұлттық спорт түрлері | Read More »

Қазақ күресі федерациясы Кубогының жүлде қоры 20 млн теңгені құрайды

20151118130126

3-5 желтоқсан күндері Тараз қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өтетін қазақ күресі федерациясы кубогының жүлде қоры 20 млн теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін турнирге арналған баспасөз мəслихатында белгілі болды. Жүлде жеңген командалар арасында қалай үлестіріледі десек, 1 орынға — 10 000 000 теңге, 2 орын — 5 000 000 теңге, 3 орын — 2 [...]

Ноябрь 19th, 2015 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Ұлттық спорт түрлері | Read More »

Батысқазақстандық қос тоғызқұмалақ шебері Азия чемпионатына қатысады

20151116134635

Батысқазақстандық тоғызқұмалақшылар Әсет Қайыржанов пен Жарасхан Сағынбаев алдағы жылы Қытайда өтетін ІІІ Азия чемпионатына Қазақстан құрамасы сапында қатысады. Тоғызқұмалақтан БҚО құрамасының аға бапкері Дәулет Әбідкәрімовтің айтуынша, олар бұл жолдаманы жуырда Ақтау қаласында жастар арасында тоғызқұмалақтың классикалық және блиц түрінен өткен ел чемпионатының қорытындысына сәйкес иеленді. Жас ерекшеліктеріне қарай 16, 18 және 20 жастағылар арасында ұйымдастырылған [...]

Ноябрь 17th, 2015 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Ұлттық спорт түрлері | Read More »

Сыр спортшылары «Жас Барыс» республикалық турнирінде 10 медаль еншіледі

20151110153026

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында қазақ күресінен жастар мен жасөспірімдер арасында өткен «Жас Барыс» республикалық турнирінде сырбойылықтар 3 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль алып, жалпыкомандалық есепте үшінші орынды иеленді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Бірінші орында — Оңтүстік Қазақстан облысы, екінші орында — Жамбыл облысы.  Жекелей сында жастар [...]

Ноябрь 11th, 2015 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Ұлттық спорт түрлері | Read More »

Оралда республикалық «Жас барыс» турнирінің жеңімпаз-жүлдегерлері белгілі болды

20151109183714

Орал қаласында қазақ күресінен республикалық «Жас барыс» турнирі мәреге жетті. БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, айтулы додаға үш жас ерекшеліктері бойынша 16 команда құрамында 350-ге жуық балуан қатысты. Жарыс қорытындысында 1996-1997 жылғы жастар арасында Бекжан Төлепов (55 кг), Райымбек Рәнтаев (60 кг, екеуі де Қызылордадан), Қасымхан Төленбай (66 кг), Әбдіқасым Сахан [...]

Ноябрь 10th, 2015 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Ұлттық спорт түрлері | Read More »

Көкшетауда асық ойынының 4 түрі бойынша жарыс өтті

20151109185751

Көкшетауда облыстық «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен асық ойындары бойынша 2-ші облыстық жарыс өтті. «Алтын сақа» жобасы негізінде өткізілетін ұлттық асық ойынының Асық ату, Үш табан, Ханталапай, Бес асық ойыны түрлері бойынша Көкшетау қаласы (қазақ тілінде) дарынды балаларға арналған мамандандырылған №3 облыстық мектеп-интернатында ұйымдастырылған жарысқа Зеренді, Бурабай аудандары және Көкшетау, Степногор қалаларынан келген [...]

Ноябрь 10th, 2015 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Ұлттық спорт түрлері | Read More »

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »