ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

“Жаңалықтар”

Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

IMG-20170817-WA0000

Қызылорда облысы әкімінің өкімімен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының қызметіне Акимов Олжас Азатұлы тағайындалды. Олжас Акимов 1980 жылы 8 наурызда Қызылорда облысының Байқоңыр қаласы, Төретам кентінде дүниеге келген. Ресей халықаралық олимпиадалық университетінде «Спорттық менеджмент», Қ.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Заңгер», Болашақ университетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша бітірген. ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік [...]

Август 17th, 2017 | Posted in Жаңалықтар | Read More »

Астана мен Шанхай ынтымақтастығы!

20170816-IMG_0847

Астана – 17 тамыз сағ 11.30-да «Ethno Music Hall» ғимаратында (Этноаул) Халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесі аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен  Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім шаралары жөніндегі Кеңестің Халықаралық Астана марафонына арналған баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференциясында марафон бағыты (cтарт, финиш, су алу пункттері), нөмірлерді тарату, офлайн тіркелу ережелері, жарнамалық кампания (фото, бейне жазбаларды БАҚ [...]

Август 17th, 2017 | Posted in Жаңалықтар | Read More »

ПАЛОДАРДА ЖАСӨСПІРІМДЕР МЕН ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАЗҒЫ ЧЕМПИОНАТЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

IMG_4675

Павлодарда жасөспірімдер мен қыздар арасында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты мәресіне жетті. Жарысқа Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының жас шаңғышылары қатысып, күш сынасты. 10-15 тамыз аралығында Павлодарда шаңғы жарысынан жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтті. Жарысқа 10 мен 17 жас аралығындағы [...]

Август 17th, 2017 | Posted in Жаңалықтар | Read More »

«EXPO-2017» Халықаралық көрмесі аясында 13- тамызда өткен «АЛТЫН ЖЕБЕ» халықаралық турнирінің

450_5990329466655 (1)

Астана — 13 тамыз сағат 12.00-де Астанадағы «Қазанат» атшабарында Жамбы атудан «Алтын жебе» халықаралық турнирінің екінші күні ашылды. Шараға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының Президенті Неджметтин Эрдоган Билял  келді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы  да отандық садақшыларды қолдауға келді. Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған бұл жарысқа қатысқан [...]

Август 14th, 2017 | Posted in Жаңалықтар | Read More »

ПАВЛОДАРДА ЖАСӨСПІРІМДЕР МЕН ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАЗҒЫ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

ARMT7875

10 тамызда Павлодарда жасөспірімдер мен қыздар арасында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты өтеді. Жарысқа Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының жас шаңғышылары қатысады деп күтілуде. Алдымыздағы бейсенбі күні Павлодарда жасөспірімдер мен қыздар арасында шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты басталады. Дәстүрлі түрде өткізілетін жазғы жарыстардың [...]

Август 9th, 2017 | Posted in Жаңалықтар | Read More »

Ольга Рыпакова Лондондағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Рыпакова17

Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан XVI әлем чемпионатында қазақстандық Ольга Рыпакова қола жүлдеге ие болды. Үш қарғып секіруден әйелдер арасындағы финалдық бәсеке Астана уақытымен кеше түнде өтті. Жүлдеден үмітті үш қыздың ішінен ең әуелі Ольга Рыпакова шығып, өз бағын сынады. Ол бірінші мүмкіндігінде 14,45 метрге секіріп, бірден көш бастады. Ал Венесуэладан келген [...]

Август 8th, 2017 | Posted in Жаңалықтар | Read More »

«Алтын жебе» Халықаралық турнирі

SCK_4380

Астана – 7 тамыз сағ 11.30-да Орталық Коммуникациялар қызметі алаңында Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында жамбы ату бойынша «Алтын жебе» халықаралық турнирін өткізуге арналған баспасөз конференциясы ұйымдастырылды. Шараның ұйымдастырушылары: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР «Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы» және «Түркі халықтарының дәстүрлі спорт түрлері қауымдастығы». Әлеуметтік серіктес - «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. Жарысқа әлемнің [...]

Август 7th, 2017 | Posted in Жаңалықтар | Read More »

Дәстүрлерді жаңғыртамыз!

20170806_180124

Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Қостанай облысы аламан бәйге өткізді.  АСТАНА – 6 тамыз сағ. 16.00-де «Қазанат» атшабарында Қостанай облысының мәдени күндері қарсаңында бәйге түрлерінен «ЭКСПО-2017» кубогына арналған республикалық турнир өтті. Спортшылар 21 шақырымыдық аламан бәйге, 15 шақырымдық топ бәйгеде бақтарына сынады. Жүлде қоры қомақты болды. Топ бәйгенің жалпы жүлде қоры автокөлік және 2 млн [...]

Август 7th, 2017 | Posted in Жаңалықтар | Read More »

Елордада шаңғы роллерінен Астана ашық кубогы жүлдегерлері марапатталды

ARMT7707

5 тамызда Қалалық шаңғы роллері тас жолында (Орталық саябақ) шаңғы роллерінен жарыстар өз мәресіне жетті. Оған Қазақстанның қазіргі уақытта жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар спортшылары, шаңғы жарысынан Қазақстан Ұлттық құрама мүшелері, жас және ардагер шаңғышылар қатысты. Дәстүрлі түрде өткізілетін шаңғы роллерінен Астана ашық кубогы шаңғы спортын дәріптеуді, жастардың шаңғы жарысымен айналысуын көздеп, азаматтарды белсенді салауатты өмір [...]

Август 7th, 2017 | Posted in Жаңалықтар | Read More »

Ольга Рыпакова әлем чемпионатының финалына бірінші орынмен шықты

D4S_9581

Ұлыбритания астанасы Лондон қаласында жеңіл атлетикадан XVI әлем чемпионаты басталды. Қазақстан спортшыларының арасында бүгін жарыс жолына үш қарғып секіруден 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мен 2017 жылғы Азия чемпионы 18 жастағы Мария Овчинникова өнер көрсетті. Үш қарғып секіруден әйелдер арасындағы бәсекеге 26 жеңіл атлет келген екен. Олар іріктеу кезеңінде 2 топқа бөлініп сайысқа түсті. [...]

Август 7th, 2017 | Posted in Жаңалықтар | Read More »

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »