ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

“Шаңғы спорты”

Алексей Полторанин — Әлем кубогы есебінде 17-орында

20160105015200

Швейцариядағы «Тур де Ски» көпкүндігіне қатысып жатқан қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Әлем кубогының жалпы есебінде үздік 20-лыққа кірді. Алексей осы маусымда 105 спортшының ішінде 17 орында келеді. Полторанин 161 ұпай жинады, деп жазады sports.kz. Шаңғы жарысынан Әлем кубогының жалпы есебі: 1. Мартин Йонсруд Сундбю (Норвегия) - 828 2. Петер Нортуг (Норвегия) - 499 3. Финн Хааген Крог (Норвегия) - [...]

Январь 5th, 2016 | Posted in Жаңалықтар,Шаңғы спорты,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

Шаңғы спортынан ӘЧ: қоссайыстан өткен жарыста жеңімпаз анықталды

20150204161742

Алматыда жасөспірімдер (17 жасқа дейін) мен жастар арасында (23 жасқа дейін) шаңғы спортының солтүстік түрлері және шаңғы жарыстары бойынша өтіп жатқан Әлем біріншілігінде қоссайыстан ерлер арасында жарыс өтті. Бірінші, шаңғымен трамплиннен секіруде норвегиялық Ярл Магнус Риибер үздік нәтиже көрсетті (129,8 м). Екінші орынды чехиялық Томаш Портик иеленді (118.0 м), ал үшінші орын Йонас Гаральд Рииберге [...]

Февраль 5th, 2015 | Posted in Жаңалықтар,Шаңғы спорты,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

Қостанайлық полицейлерде өздерінің шаңғы базасы пайда болды

Қостанайлық полицейлерде өздерінің шаңғы базасы пайда болды

Қостанайда «Динамо» жаңа кәсіби шаңғы базасы пайда болды. Ол жергілікті полицияның меншігінде. Базаны Қостанай облыстық ІІД бастығы,  «Динамо» облыстық дене шынықтыру-спорттық қоғамдастықтың төрағасы Тілеген Мәткенов ашты. Ол жаңа спорт нысаны полиция қызметкерлерімен бірге олардың жанұяларына қысқы спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік беретінін айтты. Базада  шаңғы зонасы мен хоккей корты, киім ауыстыру орындары ашылды. Білікті нұсқаушылар тартылды. [...]

Февраль 4th, 2015 | Posted in Жаңалықтар,Шаңғы спорты,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

Алматыда шаңғы жарысы түрлерінен Әлем чемпионатына 500 спортшы қатысуда

20150202151013

Алматыда ертең басталатын солтүстік спорт түрлерінен шаңғы жарысынан Әлем чемпионатында Қазақстанның намысын 31 спортшы қорғамақ. Бұл туралы бүгін «Сұңқар» трамплин кешенінде өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Шаңғы спорты түрлері қауымдастығының бас хатшысы Игорь Жуков айтты. «Аламан бәйгеде әлемнің 36 елінен 500-ге тарта спортшы бақ сынауда. Біздің еліміздің намысын 26 шаңғышы мен 5 трамплиннен секіруші қорғайды», [...]

Февраль 3rd, 2015 | Posted in Жаңалықтар,Шаңғы спорты,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

А.Слонова универсиаданың екі мәрте чемпионы атанды

А Слонова

31 қаңтар күні Словакияда өтіп жатқан қысқы универсиада қазақстандық шаңғышы Анастасия Слонова үшін аса сәтті болды. А.Слонова еркін әдіспен 15 километрге жарысуда үздік шықты. Ол мәреге екі шақырымдай қалғанда, өзімен тайталасып келе жатқан ресейлік Светлана Николаева мен поляк Эвелина Маркестен қара үздіріп кетті. Бұл — осымен А.Слонованың төртінші медалі. Ол универсиадада қос алтын, екі күміс [...]

Февраль 2nd, 2015 | Posted in Жаңалықтар,Шаңғы спорты,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

Шаңғышы А.Слонова қысқы универсиадада күміс медаль жеңіп алды

Анастасия Слонова

Словакияда өтіп жатқан қысқы универсиадада қазақстандық шаңғышы Анастасия Слонова 5 шақырымға классикалық әдіспен жарысуда күміс медальді еншіледі. «Қазспорт» телеарнасынан тікелей эфирде көрсеткеніндей, көпке дейін алда тұрған А.Слоновадан ресейлік, Омбы қаласынан келген тәжірибелі шаңғышы Оксана Усатова ғана оза алды. Қола жүлде тағы бір ресейлік Лилия Васильеваға бұйырды. Сондай-ақ қазақстандықтар Анна Стоян алтыншы, Виктория Ланчакованың тоғызыншы орынды [...]

Январь 29th, 2015 | Posted in Жаңалықтар,Шаңғы спорты,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

Астанада Дүниежүзілік қар күніне орай шаңғы жарысы өтеді

Астанада Дүниежүзілік қар күніне орай шаңғы жарысы өтеді

18 қаңтарда «Астаналық» саябағындағы Астананың шаңғыроллерлік трассасында Дүниежүзілік қар күні (World Snow Day) атап өтілмек. — Астанадағы шаңғы мерекесіне Қазақстанның көптеген қалаларынан әр түрлі жастағы қатысушылар келеді. Біз мектеп оқушыларына ғана емес, бүлдіршіндер үшін де жарыстар ұйымдастырдық. Балалар спринтіне кішкентай балалар қатыса алады, — дейді «Халықаралық шаңғы жарысы федерациясының» баспасөз хатшысы Александр Велещук. Жарыс жеңімпаздарын [...]

Январь 16th, 2015 | Posted in Бұқаралық спорт,Дене шынықтыру,Жаңалықтар,Шаңғы спорты,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

Полторанин Әлем кубогында сегізінші орынға тұрақтады

fd2c16f64f71fa995da2a101ddfa8719

  Жақында италиялық Валь Ди Фьеммеде «Тур де Ски» беделді шаңғы көпкүндігі аяқталды. Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин жарыс нәтижесінде сегізінші орынға ие болды, бұл оған Әлем кубогында сегізінші орынға тұрақтауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды Sports.kz.Еске сала кетсек, өткен жылы Алексей 12-ші болып келді, ал 2013 жылы маусымды жоғары төртінші орынмен аяқтады. Шаңғы жарысы бойынша Әлем [...]

Январь 13th, 2015 | Posted in Жаңалықтар,Шаңғы спорты,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

«Тур де Ски» көпкүндігінде А.Полторанин күміс жүлдегер атанды

Алексей Полторанин

Италияның Валь ди Фиемме қаласында «Тур де Ски» көпкүндігінде 15 шақырым қашықтықта ерлер арасында классикалық әдіспен шаңғы жарысы мәреге жетті. Қазақстандық Алексей Полторанин өзінің сүйікті қашықтығында жақсы өнер көрсете білді. Үнемі алдыңғы лекте болған Алексей мен соңғы сәттерде ұшқырлық танытқан неміс шаңғышысы Тим Чарнкенің қайсысы жеңімпаз атанғанын фотомәре ғана анықтады. Сөйтіп шаңғысының ұшы сәл алда [...]

Январь 12th, 2015 | Posted in Жаңалықтар,Шаңғы спорты,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

Алматыда шаңғы спортынан әлем чемпионаттары өтеді

Алматыда шаңғы спортынан әлем чемпионаттары өтеді

Алматыда 2015 жылдың 1-8 ақпаны аралығында «Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде жасөспірімдер және 23 жасқа дейінгілер арасында шаңғы жарыстарынан әлем чемпионаттары өтеді. Жасөспірімдер  арасында өтетін әлем чемпионатының бағдарламасына шаңғы спортының шаңғы жарыстары, трамплиннен секіру және шаңғы қоссайысы сынды  түрлері енген. Оларға қатысатын жасөспірімдер 23 жасқа дейінгілер арасында өтетін әлем чемпионатына қатыса алмайды. «Алматы қаласының Халықаралық [...]

Январь 9th, 2015 | Posted in Жаңалықтар,Шаңғы спорты,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »