ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

“Допты хоккей”

Оралдың «Ақжайығы» өз айдынындағы алғашқы кездесулерін 18-19 желтоқсанда орынборлықтармен өткізеді

20140120082426

Допты хоккейден «Жоғары лига» бүкілресейлік жарысының екінші тобында өнер көрсететін «Ақжайықтың» өз айдынындағы алғашқы кездесулері кейінге қалдырылды. Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, күннің жылы болуына байланысты 12-13 желтоқсан күндері Екатеринбургтің «СКА-Свердловск» командасымен өтуі тиіс қос матч 13-14 қаңтарға жылжытылды. Сонымен қатар Орынбордың «Локомотивімен» өтетін кездесу 15-16 желтоқсан емес, 18-19 желтоқсан күндері болмақ. [...]

Декабрь 11th, 2015 | Posted in Допты хоккей,Жаңалықтар,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

Оралдың «Ақжайығы» тартысты кездесуде «Маякка» жол берді

20140216193831

Допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» «Жоғары лига» бүкілресейлік жарысының екінші тобында кеше кезекті ойынын Краснотурьинскіде жергілікті «Маякпен» өткізді. Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, тартысты өткен кездесу 4:3 есебімен айдын иелерінің пайдасына аяқталды. «Ақжайық» сапынан Максим Пьянов, Максим Өтебалиев және команда капитаны Ескендір Нұғманов  доп соғып, көзге түсті. Айта кетейік, жергілікті төрешілер қазылық еткен [...]

Декабрь 3rd, 2015 | Posted in Допты хоккей,Жаңалықтар,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

«Ақжайық» жаңа маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

20140120082426 (1)

Допты хоккейден «Жоғары лига» бүкілресейлік жарысының екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымның беташар ойындарын Верхний Уфалейде жергілікті «Никельщик» командасымен өткізді. Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, 25 қараша күнгі бірінші кездесуде айдын иелері 6:1 есебімен жеңіске жетті. Ал 26 қараша күнгі матчты жинақы өткізген батысқазақстандықтар қарсыласын 1:0 есебімен тізе бүктіріп, алғашқы [...]

Ноябрь 27th, 2015 | Posted in Допты хоккей,Жаңалықтар,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымдағы беташар кездесуін Верхний Уфалейде өткізеді

20140120082426

Допты хоккейден Ресей біріншілігінің жоғары лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» жаңа маусымдағы беташар кездесулерін 24-25 қарашада Верхний Уфалейде жергілікті «Никельщик» командасымен өткізеді. Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, «Ақжайық» екінші топта сондай-ақ «Локомотив» (Орынбор), «Универсал» (Саратов), «Знамя-Удмуртия» (Воткинск), «Маяк» (Краснотурьинск), «СКА-Свердловск» (Екатеринбург) және «Динамо-Қазан-2» (Қазан) командаларымен сынға түседі. Бұрынғыша Дмитрий Иванников жаттықтыратын оралдық [...]

Ноябрь 24th, 2015 | Posted in Допты хоккей,Жаңалықтар,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

Қазақстан құрамасы жартылай финалда ресейліктермен кездеседі

20140120082426

Бүгін, 2 сәуір күні Ресейдің Хабаровск қаласында допты хоккейден әлем чемпионатының шешуші ойындары басталады. Ресей допты хоккей федерациясы сайтынан алынған мәліметке қарағанда, жартылай финалда Швеция құрамасы финдермен айдынға шықса, қазақстандықтар әлем чемпиондары — ресейліктермен шеберлік байқасады. Мұнда жеңген командалар финалда алтын жүлдені сарапқа салса, ұтылғандары қола жүлде үшін күш сынасады. Осыған дейін Алексей Никишов жаттықтыратын [...]

Апрель 2nd, 2015 | Posted in Допты хоккей,Жаңалықтар,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

Оралда допты хоккейді дамыту үшін мұз айдынын салу ойластырылуда

20140120082426

Допты хоккейді одан әрі дамыту үшін Оралдағы «Жастық» стадионында мұз айдынын салу ойластырылуда. Орал қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің мәлім еткеніндей, жер қойнауы пайдалы қазбаларын пайдаланушылар қаржысы есебінен жоба жүзеге асса, оның тиімділігі мол. Ең алдымен допты хоккей Оралдағы ең басты спорт түрлерінің бірі екені белгілі. Ресей чемпионаты жоғары лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» қазір өз [...]

Февраль 12th, 2015 | Posted in Допты хоккей,Жаңалықтар,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

ДОПТЫ ХОККЕЙ: «Ақжайық» Орынбордың «Локомотивін» тізе бүктірді

20140120082426

Допты хоккейден Ресей чемпионатының жоғары лигасында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» бүгін Орынбордың «Локомотивін» қабылдады. «Локомотив» — екінші топтағы мықты командалардың бірі. Қазір ол 24 ұпаймен екінші орында келеді. Сондықтан бұл ойынның екі клуб үшін де маңызы зор еді. Есепті ойын басталысымен әбжілдік танытқан қонақтар ашты. 4-ші минутта Александр Козлов айдын иелерінің қақпасын дәл көздеді. Дегенмен бұдан [...]

Декабрь 29th, 2014 | Posted in Допты хоккей,Жаңалықтар,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

«Ақжайық» «СКА-Свердловск» командасын ұтты

20141220220234

20 желтоқсан күні допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасы екінші тобында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» кезекті матчын өткізді. Екатеринбургтың «СКА-Свердловск» командасын қабылдаған оралдықтар 6:3 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, айдын иелері бірінші таймда 5:1 есебімен алда тұрды. 21 желтоқсан күні командалар қарымта кездесуін өткізеді. Осы ойыннан кейін 13 ұпай жинаған «Ақжайық» өз тобында бұрынғыша 6-орында келеді. [...]

Декабрь 22nd, 2014 | Posted in Допты хоккей,Жаңалықтар,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

Допты хоккей: «Ақжайық» «Динамо-Маяк» командасымен тең ойнады

20140120082426

 Допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасының екінші тобында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» Краснотурьинскіде «Динамо-Маяк» командасымен 3 желтоқсан күні қарымта кездесуін өткізді. Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, бұл матч та тартысты өтіп, 4:4 есебімен тең аяқталды. Оралдықтардан Сергей Башаев, Максим Өтебалиев, Сұлтан Қадыржанов, Арыстан Қазыбаевтар мергендік танытты. «Ақжайық» өз тобында 4 ұпаймен әзірге [...]

Декабрь 4th, 2014 | Posted in Допты хоккей,Жаңалықтар,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

ДОПТЫ ХОККЕЙ: «Ақжайық» тартысты матчта «Динамо-Маяк» командасына есе жіберді

20140120082426

Допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасының екінші тобында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» 2 желтоқсан күні Краснотурьинскіде жергілікті «Динамо-Маяк» командасымен айдынға шықты. Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, кездесу аса тартысты өтті. Алдымен қонақтардан Петр Грибанов есеп ашқанмен, бұдан кейін айдын иелері үш гол соғып, алға шықты. Дегенмен Максим Өтебалиев пен Сергей Башаевтың көмегімен «Ақжайық» [...]

Декабрь 3rd, 2014 | Posted in Допты хоккей,Жаңалықтар,Қысқы спорт түрлерi | Read More »

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »