ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

“Су спорты түрлері”

Су добынан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары Азия Чемпионатынан жүлделі орындармен оралды

2

Жапония астанасы Токио қаласында 14-20 қараша аралығында су спортынан 10-шы Азия Чемпионаты су добынан ұлттық құрамалары үшін сәтті аяқталды. Ерлер командалары арасында чемпиондық атақ үшін Қазақстан, Қытай, Гонконг, Сингапур, Филиппин, Сауд Арабия, Иран мен алаң иелері Жапония құрамалары күресті. Командалар 2017 жылдың жазында Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтетін су спортынан Әлем Чемпионатына жолдама алу үшін [...]

Ноябрь 23rd, 2016 | Posted in Жарыстар,Су спорты түрлері | Read More »

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық ватерполшылар Испаниядан жеңілді

20150907073558

Алматыда 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы  су добы бойынша әлем чемпионатының үшінші күні аяқталды.  «Rakhat Fitness» спорт кешенінде сегіз тартысты кездесу өтті, деп жазды Sports.kz. Ойын күніні ашылғанда Австралия мен Сербия құрамалары қарсыластары  Мексика мен Ираннан басым түсті. Кейін Д тобында Қазақстан құрамасы, бұл топтағы тағы екі команда Италия мен Канада сынға түсті. Жарыстың үшінші [...]

Сентябрь 8th, 2015 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Су спорты түрлері | Read More »

Алматыда су добынан әлем біріншілігі өтеді

20140824153915

Алматыдағы «Rakhat Fitness» спорт кешенінде 4-12 қыркүйек аралығында су добынан 20 жасқа дейінгі жастар арасында  Әлем біріншілігі өтеді. Оған Қазақстаннан басқа, Хорватия, Испания, Мажарстан, Черногория, Қытай, ОАР (Оңтүстік Африка Республикасы), Жапония, Мексика, Австралия, Сербия, Мысыр, Аргентина, Иран, Өзбекстан, Грекия, Италия, Голландия және Канада елдерінің ұлттық құрама командалары қатысады. Спорт журналистері орталығының директоры Андрей Неклюдовтың хабарлауынша, [...]

Сентябрь 3rd, 2015 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Су спорты түрлері | Read More »

Астана су спорты түрлерінен 2020 жылғы әлем чемпионатын өткізуден үмітті

20150721224252

АСТАНА. ҚазАқпарат  — Астана (Қазақстан), Әбу-Даби (БАЭ) және Лима (Перу)  су спорты түрлерінен 2020 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқына үміткер болып отыр, деп хабарлады «Р-Спорт» агенттігіне Халықаралық жүзу федерацияның атқарушы директоры (FINA) Корнел Маркулеску. 2020 жылғы әлем чемпионатын өзінде қабылдайтын қала Қазанда 22 шілде күні белгілі болады. «Дауыс беру 22 шілдеде өтеді. Үш қала өзінде әлем [...]

Июль 22nd, 2015 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Су спорты түрлері | Read More »

Дмитрий Баландин Оңтүстік Кореядағы Универсиадада алғашқы «алтынды» жеңіп алды

20150705201826

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин оңтүстіккореялық Кванджудағы Универсиадада алғашқы «алтынды» жеңіп алды, деп хабарлады Sports.kz. Универсиаданың екінші күні Қазақстанға алғашқы «алтын» әкелді. Қазақстандық Дмитрий Баландин 100 метрге брасспен жүзуде ағылшындар Джеймс Уилби мен Крейг Бесоннан алға озып, жеңімпаз атанды. баспаға жіберу

Июль 7th, 2015 | Posted in Жаңалықтар,Су спорты түрлері | Read More »

Петропавлда мемлекеттік қызметшілер арасында жүзуден сайыс өтті

20150330141018

Петропавл қаласындағы «Дельфин» хауызында мемлекеттік қызметшілер арасында жүзуден жарыс өтті. Судья Александр Труштың айтуынша, спорттық сайысқа облыстағы басқармалардан 40-қа жуық адам қатысты. «Мемлекеттік қызметшілер арасында жүзуден жарыстар жыл сайын өткізіліп келеді. Оған ерлер де, әйелдер де қатысады. Биыл 37 адам бақ сынады. Ер адамдар 50 метр қашықтықтан өтсе, әйелдер 25 метрді еңсеріп, одан кейін эстафета [...]

Март 31st, 2015 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Су спорты түрлері | Read More »

Көкшетауда суда жүзуден Қазақстанның ашық турнирі өтіп жатыр

20150327194752

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — Көкшетауда суда жүзуден «Бурабайдың» інжу маржаны» атты Қазақстан Республикасының ашық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлады облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметінен. Осымен үш жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған турнирге 2004 жылға дейінгі туылған ұл-қыздар қатысады. Бұл жолы жарыс «Бурабай» спорт сарайында өтеді. «Биылғы жылы аталған турнирге еліміздің 16 қаласынан келген 350-ге жуық жасөспірім қатыстырылды. [...]

Март 27th, 2015 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Су спорты түрлері | Read More »

Қызылордада «Евразия» спорт кешені қайта жаңғыртылып, мереке қарсаңында пайдалануға берілді

20141230144347

Қызылордада қайта жаңғыртудан өткізілген «Евразия» спорт кешені халық игілігіне берілді. Елбасының спорт саласына деген ерекше қамқорлығының арқасында үстіміздегі жылдың өзінде Тереңөзек, Әйтеке би кенттерінде, Шаған ауылында спорт кешендері ашылды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Аталмыш спорттық-сауықтыру кешені 1984 жылы салынған. 600 орындық спорттық ойын залы,  бассейн, боулинг  және  атлетикалық жаттығу [...]

Декабрь 31st, 2014 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Су спорты түрлері | Read More »

ИНЧХОН: Қазақстандық ескекшілер жұптық жарыста «қола» жүлдеге қол жеткізді

20140924084921

 Бүгін таңертең Азиадада академиялық ескек есу жарысы өтті, деп хабарлады sports.kz. Алтын медаль қытайлық — Мин Чжан мен Тьян Мьяоға бұйырса, «күмісті» — корейлік Сеойён Джён мен Сеохи Ким иеленді, ал қола жүлдені қазақстандық жұп — Екатерина Артемьева мен Виктория Чепикова жеңіп алды.    Басты сөздер: Спорт , Олимпиада  АСТАНА. ҚазАқпарат баспаға жіберу

Сентябрь 25th, 2014 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Су спорты түрлері | Read More »

Инчхон-2014: Суға жүзуден жерлесіміз Дмитрий Баландин «алтын» иеленді

photo_47605

Қазақстандық суға жүзуші Дмитрий Баландин 200 метр қашықтықта брасспен жүзуде Азия ойындарының чемпионы атанды. Осылайша ол Азия ойындарының жаңа рекордын орнатты, деп хабарлады Vesti.kz. Баландин өз біліктілігінде үздік уақыт көрсетті, ақтық сайыста ол өзінің нәтижесін жақсартты. Ол межеленген қашықтықты 2:07,67 уақытта жүзіп өтті. Оның ізінше соңынан жүзген жапониялық спортшы Кадзуки Кохината одан небәрі бір жарым [...]

Сентябрь 24th, 2014 | Posted in Жазғы спорт түрлері,Жаңалықтар,Су спорты түрлері | Read More »

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »