ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Жанбота Алдабергенова универсиададағы қарсыластары туралы

Жанбота Алдабергенова: Универсиадағы басты қарсыластарым — Қытай, Ресей және Беларусьтің спортшылары
Қысқы Универсиада-2017 ойындарында шаңғы акробатикасы бойынша ел намысын қорғайтын Қазақстанның фристайлдан құрамасының көшбасшысы Жанбота Алдабергенова өз сұхбатында алда келе жатқан ойындар қарсаңында толқыныс сезімінде жүргені жөнінде және басты қарсыластары жайында әңгімелеп берді.

— Дайындығымыз қызу жүріп жатыр, Шымкентте жаттықтық. Қазір Алматы арқылы Америкаға ұшып кетеміз. Онда Әлем кубогының кезеңдеріне қатысамыз. Жарыстар аяқталған соң АҚШ-да бір аптадай жиындарда боламыз, кейін Универсиадаға қатысу үшін Қазақстанға ораламыз, — деді Жанбота Алдабергенова.

— Алдағы Универсиададан не күтіп отырсыз?

— Қатты толқып жүрмін, өйткені өз елімде өнер көрсететіндіктен, жауапкершілік те көбірек. Оған қоса, Қазақстанда осындай ауқымды ойындарға, қалың жұртшылық алдында тұңғыш рет ойын көрсетпекпін. 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарында менде ондай тәжірибе болған жоқ, өйткені шаңғы акробатикасына Азиададан кейін келдім.

-Маусым басталып кетті. Дайындығыңызды қалай бағалайсыз?

— Маусым басталғанда бізде белгілі бір қиындықтар туындады, Финляндиядағы оқу-жаттығу жиындарында толыққанды дайындықтан өте алмадық. Финляндияда жүргенімізде, ауа-райы бір жылып, бір суып, бұрқасын көтерілді, сол себептен кейбір жаттығулар өткізілген жоқ. Сондықтан әлі өзімді сенімді сезініп жүрген жоқпын, алайда Америкадағы Әлем кубогы кезеңдерінде мұны міндетті түрде еңсеремін.

— Универсиадағы басты қарсыластарыңыз кім?

— Қатысушылардың есімдерін әлі білмеймін, дегенмен, басты қарсыластарымыз бұрынғысынша Қытай, Ресей және Беларусь атлеттері ғой.

— Универсиада алдында жаңа элементтерді қосасыз ба?

— Мен кейбір жаңа элементтерді жаттығып жүрмін, алайда Универсиада кезінде оларды орындаймын ба білмеймін. Құлап қалғаннан гөрі, күрделі емес секірістерді таза орындап шыққан дұрысырақ. Сондықтан тексерілген, әбден жаттыққан секірістерге артықшылық беріледі, бірақ Америкадағы Әлем кубогынан кейін ғана оны нақты шешетін боламыз.

— Қалай ойлайсыз, Қазақстанда Қысқы универсиаданың өтуі шаңғы акробатикасы танымалдылығының артуына әсер ете ме?

— Универсиадан кейін біздің спорт түрі туралы көбірек адам біле бастайды деп үміттенемін. Өйткені фристайлмен шұғылданамын дегенде, адамдар «бұл, не, би ме?» деп сұрайды. Сосын түсіндіруге тура келеді. Фристайл бойынша секцияларға келетін балалар саны артса, мысалы, қытайлықтарда секілді жоғары бәсеке болса деймін. Шаңғы акробатикасы фристайл дисциплиналары ішіндегі ең экстремалдысы саналады. Сондықтан жанкүйерлердің барлығы оны тірідей, өз көзімен көруге шақырамын.

21 жасар спортшы қыз Жанбота Алдабергенова Әлем кубогы кезеңдерінің фристайлдан жүлдегері, Еуропа кубогының иегері, халықаралық жарыстардың жеңімпазы болып табылады. 2014 жылы Сочиде өткен Қысқы Олимпиадада Жанбота алтыншы орынды иеленді.

Ақпарат: Спорттық Алматы

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=25417

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »