ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК-да Елбасының маңызды мақаласы талқыланды

Қазақстан  Республикасы  Мәдениет және   спорт  министрлігінің  Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық «Бірлік» филиалы «Мәдениет» бастауыш партия ұйымы «Ұлттық  штаттық  командалар және   спорт резерві дирекциясы» РМҚК-да   «Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа  бағдар: Рухани    жаңғыру» мақаласын    талқылау» тақырыбында дөңгелек  үстел  өтті.

Дөңгелек   үстелдің  жұмысына  «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық «Бірлік» филиалының бірінші орынбасары,  аталған  кәсіпорын  басшылары,  мемлекеттік жаттықтырушылар, спорт түрлерінен  команда  басшылары,  әкімшілік-басқару қызметшілері қатысты.

Елімізде  болып  жатқан кең  ауқымды   қайта  құрулар  қоғамдық  сананы   өзгертпейінше,   алға  жылжуы   мүмкін емес. Н. Назарбаевтың мақаласындағы айтылар  негізгі ойдың  түйіні  осы.

Бұл  мақалада  Елбасы  бәрімізге  етене   жақын   тақырыптар  туралы   өте  қарапайым  әрі ұғынықты   түрде ой  қозғайды. Бұл  тек қана  Елбасының көзқарасы  емес, бұл   бірінші  кезекте  ұлттық   санаға  қатысты  қоғамның  әр  мүшесінің  жеке  өзі қолға  алатын мақсатты    ісі  болмақ.  Н.Ә.Назарбаевтың  республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде  жариялаған  «Болашаққа  бағдар: Рухани  сананы  жаңғырту»  бағдарламалық  мақаласында:  «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай.   Бірақ, ұлттық кодымды сақтаймын деп бойыңдағы жақсы мен жаманның бәрін, яғни болашаққа сенімді нығайтып, алға бастайтын қасиеттерді де, кежегесі кері тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүрлеп қоюға болмайтыны айдан анық.   Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық  дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс­ты­рып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле­сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр­намасы.   Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен  ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете оты­рып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сенім­мен бет алуын қалаймын.» деп баяндалған.

Мемлекет Басшысы   Қазақстанның  әлемде  тек  қана  табиғи  байлықтармен  және  бейбітшіл  бастамаларымен  ғана  аты  белгілі  болмай, сонымен қатар,  өзінің  теңдесі  жоқ  тарихымен және мәдени  мұрасымен  танылуы  керектігін  атап  көрсетті.  Сондықтан,  таяу  уақытта   елімізде  бірқатар  нақты  шаралар қолға  алынуы тиіс.

«ҰШКСРД»   атынан  спикер ретінде  осы   кәсіпорынның директоры Қайыргелді  Жанпеисов,  басшының  орынбасары  Самат Ерғалиев,  олимпиялық емес және  ұлттық  спорт түрлері  бөлімінің  басшысы,  жеңіл  атлетикадан (спорттық  жүріс)  бұрынғы   спортшы, 2012 ж. Лондондағы  Олимпиада  ойындарының  қатысушысы Шолпан Қожахметова, конькимен  жүгіру   спортынан мемлекеттік  жаттықтырушы, 1994 және 1998  жылдары қысқы  Олимпиада  ойындарына  қатысқан Кенжеш Сәрсекенова,  әскери-қолданбалы   спорт  түрлерінен   мемлекеттік  жаттықтырушы  Мәдениет  Жақыпов,  отандық  спорттың  ардагері, астаналық  хоккей   мектебінің   негізін  қалаған,   шайбалы хоккейден  мемлекеттік  жаттықтырушы Владимир Пашковский   шығып  сөйледі.

Олар   мақала  мазмұнымен  өздерінің  келісетіндерін және  патриоттық  тәрбие,  прагматизмдегі  жаңару   мен  жаңғыртуға деген үміті мен  сенімін  жеткізді, тұрмысымызға  латын   әліпбиін   енгізу  идеясының  маңыздылығына  тоқталып, қолдау  білдірді.  Сондай-ақ,  шығып сөйлеушілер жоғары  жетістіктер  спортындағы  тың  ойды  қалыптастыруда жаңа   серпін беретін «Спорт  туралы»  Заңға  тез  арада қол  қойылуын   күтіп  отырғандарын  білдірді.

Дөңгелек  үстелді  «Нұр  Отан»  Астана қалалық «Бірлік» филиалының бірінші орынбасары Шыңғыс  Қожахметов  қортындылап,  Президенттің  Халыққа  Жолдауының  мән-маңызына  тоқталды.

Кездесу  емен-жарқын  пікір  алмасу  жағдайында  өтті.  Сонымен  бірге,  қалыптасқан  жағдайда қалай  өмір  сүреміз,   біз қайда  барамыз, қоғамдық  сана  жаңғырған  кездегі  тіршілікті қалай  қарсы  аламыз,  прагматизмге  қалай  қол  жеткіземіз  деген   сияқты  сұрақтар  төңірегінде   философиялық  ойларымен  бөліскендер  де  болды.

Кездесу   қатысушыларға  ой  салды,  қазіргі  және  алдағы  істерге  бағыт-бағдар берді  әрі   пайдалы   болды.

Ардақ  Тоғымов,

ҰШКСРД-ның  баспасөз  хатшысы

 

 

«Нұр  Отан»  Астана қалалық «Бірлік» филиалының бірінші орынбасары Шыңғыс  Қожахметов 

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=25662

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »