ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Даниял Гаджиев жас спортшыларға шеберлік сабағын өткізеді

Сәуірдің 22-і күні, сағат 16.00-де, Алматы қаласында орналасқан «Достық»  спорт кешенінде грек-рим күресінен 2012 жылғы жазғы Лондон  Олимпиадасының қола жүлдегері, Қазақстан ұлттық құрама командасының қазіргі таңдағы мүшесі Даниял Гаджиев жеткіншектермен кездесіп,  шеберлік сабағын өткізеді. Жас буын өкілдері даңқты палуаннан  күрестің айла-тәсілдерін үйренуге  мүмкіндік алады.

Естеріңізге сала кетсек, мұндай шеберлік сабақтары әр 10 күн сайын атақты спортшылармен өтетін болады. Осындай  мүмкіндікті пайдаланып жеткіншектер  еліміздің белді палуандарымен, оның ішінде   Олимпиада жүлдегерлері, әлем, Азия және Еуропа біріншіліктерінің және көптеген халықаралық турнирлердің  жеңімпаздарымен шеберліктерін шыңдайды.

Алматы қаласы мен қала аймақтарының жастары, сіздерге өздеріңізді жаңа қырлардан танытатын, күрестен жасырын таланттарыңызды көрсететін, олимпиадалық спорттың жекпе-жек түрлерінен жетістіктерге қол жеткізіп, елімізді танытатын керемет мүмкіндік туып отыр!

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=25690

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »