ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

НҰР ОТАН

 

 

Көшіріп алу  «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды тұғырнамасын іске асыру көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы 2014 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша ақпарат (78 Kb, docx) (31/07/2013- 11.00)

 

1. Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың қамтылуы (индикатор-23%)

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша дене шынықтырумен және спортпен айналысатын халықтың саны 3,9 млн. адамды немесе 23,2% құрады.

Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу үшін Агенттік төмендегідей жұмыстарды жүргізуде.

Халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында                  2013 жылы республика бойынша 35 802 бұқаралық-спорттық іс-шара, оның ішінде ауылдық жерлерде 23 411 іс-шара өткізілді, онда шамамен 6 558 мың адам қатысты, оның ішінде ауылдық жерлерде 3 782 мың адам.

2013 жылы Агенттік «Спорт күні» кәсіби мерекесіне орай «Салауатты ұлт – салауатты ұрпақ» жалпыұлттық спорттық іс-шарасын ұйымдастырып өткізді. Аталған акция шеңберінде Астана қаласындағы «Астана – Арена» стадионында Агенттіктің ведомстволық бағыныстағы мекемелерінің, Агенттіктің құрама командалары мен спорттық тілшілер арасында футболдан жарыстар өткізілді. Сонымен қатар, аталған акцияда Олимпиада чемпиондары мен жеңімпаздарының қатысуымен республиканың барлық өңірлерінде таңғы жаттығулар өткізілді. Бұл жаттығулар «KazSport» телеарнасы арқылы тікелей эфирде таратылды. Акцияда «Street Dance» және арбадағы би, «Street Work Out» спорттың жаңа түрі таныстырылды.

Агенттік Елбасының халық арасында бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасын орындау мақсатында және Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге орай, мемлекеттік органдар арасында жазғы және қысқы спорт түрлерінен Республикалық спартакиада өткізді. Спартакиадаға 29 мемлекеттік органнан 1000-нан астам спортшылар қатысты.

Есептік кезеңде Алматы қаласында Ұлттық теңгенің 20-жылдығына орай банк қызметкерлері арасында және Шымкент қаласында Орта және кіші бизнес өкілдері арасында республикалық спартакиадалар өткізілді.

Мектеп лигалары шеңберінде 3 спорт түрінен: волейбол, баскетбол және футболдан жарыстар өтті. Бұл жарыстар  Қазақстан бойынша өткізіліп, 354 949 оқушы тартылды.

Сондай-ақ, Шымкент қаласында «Ақ бидай» V республикалық ауылдық спорт ойындарының ақтық кезеңдері өткізілді. Аталған кешенді жарыстарға ауылдық жерлерден 1 590 спортшы қатысты.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде салауатты өмір салтын насихаттау және тарату мақсатында, Агенттік тарапынан даярланған 15 бейнеролик және 5 деректі фильм республикалық телеарналарда көрсетіліп, «Қазақ спорты» газетінде айына 2 рет мақалалар жарияланды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында есірткіге және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012-2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасын орындау шеңберінде, Агенттік тарапынан келесі спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді: Қызылорда қаласында «Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне» арналған стритболдан, шағын футболдан және үстел теннисінен жасөспірімдер клубтары арасындағы республикалық жарыстар, Ақтөбе қаласында «Жастар есірткіге қарсы» ұранымен өткен жастар арасындағы республикалық спорттық жарыстар, Петропавл қаласында «Спорт – денсаулық!» «Есірткі – зұлымдық!» ұранымен өткен аула клубтарының арасындағы шағын футбол, ролик тебу және «брейк-дэнс» спорттық биінен республикалық фестивал өтті.

Бұл жарыстарға барлық өңірлерден 2,7 мыңнан астам спортшылар қатысты.

Ұлттық спорт түрлерін дамыту мақсатында, үстіміздегі жылы: Алматы облысында Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогына ұлттық ат спорты түрлері бойынша дәстүрлі жыл сайынғы жарыстар, Ақмола облысында І халықаралық саятшы құстармен аңшылар фестивалі, Көкшетау және Щучинск қалаларында І республикалық қысқы ауылдық ойындары өткізілді.

2013 жылғы қараша айында Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен «Қазақстан Республикасы Қазақ күресі федерациясы» қоғамдық бірлестігі және «Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ зерделі ойындар федерациясы» қоғамдық бірлестігі арасында дене шынықтыру және спорт саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі «Қазақстан Барысы» қазақ күресінің даму қорымен бірлесіп  Қазақстанның, таяу және қиыр шетел өкілдерінің қатысуымен «Қазақ күресі: өткені, бүгіні және болашағы» атты І халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Тараз қаласында «Еуразия Барысы» қазақ күресінен І халықаралық турнир, Қызылорда қаласында қазақ күресінен кіші жасөспірімдер, жасөспірімдер және жастар арасындағы «Жас барыс» ІІ республикалық турнирі өтті.

2. Дене тәрбиесімен және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдердің жалпы балалар мен жасөспірімдер санындағы қамтылуы (индикатор – 11,5%)

Қазіргі таңда республикада 427 балалар мен жасөспірімдердің спорттық мектебі жұмыс істейді, оның ішінде біреуі республикалық маңыздағы мектеп.

Мектептерде 281 841 балалар мен жасөспірімдер спортпен айналысады.

Қазіргі таңда республикада 96 балалар мен жасөспірімдер дене даярлығы клубы жұмыс істейді, оларда 36 282 балалар мен жасөспірімдер спортпен айналысады.

Дене тәрбиесімен және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдердің жалпы саны – 318 123, ол 12,5% құрайды.

3. Ресми спорт іс-шараларында, әлем чемпионаттарында, әлем кубоктарында, Азия чемпионаттарында және халықаралық турнирлерде жеңіп алған медальдар саны (көрсеткіш -726)

2013 жылы ресми спорттық іс-шараларда, әлем чемпионаттарында, әлем кубоктарында, Азия чемпионаттарында және халықаралық турнирлерде жеңіп алған медальдар саны 732.

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »