ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

Tөраға

Қанағатов Елсияр Баймұхамедұлы

    1955 жылы туған. 1977 жылы Қазақ дене шынықтыру институтының дене тәрбиесі, ал 2006 жылы «Қайнар» Университетінің экономика факультеттерін бітірген. Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1977 жылы орта мектептің дене тәрбиесі мұғалімі болып бастады. 1979-1994 жылдар аралығында «Қайрат» спорттық-дене шынықтыру республикалық қоғамының орталық кеңесінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі, басқарма бастығы, орталық кеңес төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

1994-2006 жылдар аралығында жұмысын мемлекеттік қызметте жалғастырды. 1995-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Жастар, туризм және спорт министрлігінің дене шынықтыру басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Білім, мәдениет және денсаулық министрлігінің Туризм және спорт комитетінде бас маманы, бөлім бастығы, ҚР Туризм және спорт агенттігінің басқарма бастығы болып жұмыс істеді.

2001-2006 жылдары аралығында — ҚР Туризм және спорт агенттігі төрағаның орынбасары, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Спорт істері жөніндегі Комитеті төрағасының орынбасары.

2006 жылдан бастап 2010 жылғы ақпан айына дейін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Штаттық ұлттық командалар және спорттық резерві» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры қызметін атқарды.

2010 жылғы  наурыз айынан бастап 2011 жылғы желтоқсан айына дейін — ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті төрағасының орынбасары.

2011 жылғы желтоқсан айында ҚР Туризм және спорт вице-министрі лауазымына тағайындалды.

2012 жылғы ақпан айыннан бастап Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 2014 жылғы тамыз айында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен, «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, мерекелік медалдарымен марапатталды.

Халықаралық категория төреші, «Қазақстан Республикасының Спорт қайраткері» атағына, «Спорт ұйымдарының Халықаралық Конфедерациясының» құрметті белгісіне,  «Қазақстан Республикасының құрметті жаттықтырушы» құрметті атағына, «Қазақстан Республикасында туризмды дамытуға қосқан үлесі үшін» белгісіне ие.

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »