ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

2013 жылғы

2013жылдың қорытындыс бойынша Қазақстан Республикасындағы бұқаралық спорттың дамуы туралы сараптамалық баяндама

 

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар санының тұрақты өсуі байқалады, бұл көрсеткіш 2007 жылғы 2,3 млн. адамнан 2013 жылғы 3,9 млн. адамға дейін артқан (халықтың жалпы санын 23,2% қамту).

Облыстар бойынша алсақ, 2013 жылы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылардың барынша көп қамтылуы Қарағанды (27,9%),  Қостанай (27,2%), Павлодар (26,5%) облыстарында, ал ең төменгі қамтылу – Оңтүстік Қазақстан (18%) және Маңғыстау (19,5%) облыстарында және Астана қаласында (20,9%) байқалады.

 

Ауылда дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны 2007 жылғы 899, 4 мың адамнан (ауыл халқының 12,35%-ы) 2013 жылы 1 5496 9 мың адамға артқан (өсім 1,7 есе).

Кәсіпорындар мен ұйымдарда 2013 жылдың қорытындысы бойынша дене шынықтырумен және спортпен 1,4 млн. адамға жуық (1 389,1 мың) айналысады немесе халықтың жалпы санынан 16,3% (2012 ж. – 1264,5 мың адам немесе 14,9%).

Сонымен қатар дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын денсаулық мүмкіндігі шектеулі адамдар санының өсу қарқыны байқалады.

Ел халқының 3,65%-ын құрайтын 626 700 мүгедектің 210 мыңының спортпен шұғылдануға қарсы көрсетілімдері жоқ. Осы санаттағы адамдар арасында 2013 жылдың қорытындысы бойынша 18,2 мың адам немесе 8,7%-ы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады (2012 жылы 16,6 мың адам немесе 8,3%).

Олардың әлеуетін арттыру үшін қазіргі уақытта Агенттік Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін спорттық даярлау орталығын ашуда, тиісті қаулы жобасы ҚР Үкіметіне енгізілді.

2013 жылдың қорытындысы бойынша ұлттық спорт түрлерімен 250 229 адам шұғылданады. Ұлттық спорт түрлерін танымал ету мақсатында 3 мыңнан астам жарыс өткізілген. 2013 жылы халықаралық аренада спортшыларымыз ұлттық спорт түрлерінен түрлі деңгейдегі 139 медалға қол жеткізген.

Бұқаралық спортты дамыту және танымал ету мақсатында 2013 жылы 35 мың 800 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілген, оған қатысқан адамдар саны 6,5 млн. адамды құрайды.

Сонымен қатар, жыл сайын «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында баспа өнімдерін дайындау мен тарату, өңірлерде билбордтар орнату, республикалық телеарналарда жетекші қазақстандық спортшылардың қатысуымен салауатты өмір салтының пайдасы туралы бейне роликтер көрсету қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласында әлеуметтік стандарттарды қалыптастыру мен қолдану үшін ғылыми негізделген қағидаттар мен тәсілдерді белгілеу мақсатында, Агенттік Еуразиялық интеграция институтымен бірлесіп, саланың әлеуметтік ең төменгі стандарттарын анықтау жөнінде зерттеу жүргізуде.

Зерттеу нәтижелерінің негізінде дене шынықтыру және спорт саласында тұрғындарға қажетті ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен нормативтерді әзірлеу жоспарланған.

Халықтың денсаулығын нығайту жөнінде негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпаратты алу мақсатында Агенттік «Халықтың денсаулығы, балалардың, жеткіншектер мен жастардың дене дайындығы және оның даму жай-күйін республикалық мониторингілеу» жобасына бастама жасалды.

Мектеп спорты

Жергілікті жерде салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс спорттық жұмыс кеңейтілуде, әрбір мектепте спорт клубын және спорт түрлерінен мамандандырылған сыныптар ашу жөнінде шаралар қабылданады, мектеп лигаларының жарыстары ұйымдастырылуда.

Жалпы білім беру мектептерінде спорт секцияларының желісі белсенді түрде дамуда.

Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын балалар мен жеткіншектердің саны 318 123 адамды немесе 12,5%-ды құрайды (2012 жылы – 269 370 адам. немесе 10,8%).

2013 жылы мектептерде спорт секцияларында 700 мыңға жуық адам, орта арнаулы білім беру ұйымдарында – 282 300 адам, жоғары оқу орындарында – 168 500 адам спортпен шұғылданды.

Бүгінгі таңда 7 261 жалпы білім беру мектебінде дене шынықтырудан 3 сағаттық сабақтар қайта жаңартылды, бұл олардың жалпы санынан 98%-ды құрайды.

Мектептерде дене шынықтыру және спорт сабақтарын 21 459 мұғалім ұйымдастырады, оның ішінде ауылда 14 366 адам ауылда жұмыс жүргізеді, 22 адамның арнайы дене шынықтыру білімі бар. Сыныптан тыс уақытта спорттық жұмысты оқу орындарының дене шынықтыру мұғалімдері жүргізеді.

 

Қазіргі уақытта республика бойынша 427 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі (бұдан әрі — БЖСМ) жұмыс істейді, соның ішінде біреуі – республикалық маңызға ие. Бұл мектептерде 2547 спорт түрлерінің бөлімшелері бар, оның ішінде 1770-і – олимпиадалық спорт түрлерінен және 777-сі – олимпиадалық емес спорт түрлерінен.

2013 жылы БЖСМ-де 281 841 бала мен жеткіншек спортпен шұғылданған, бұл 2012 жылғы көрсеткіштен 16 828 адамға артық.

Сонымен қатар республикада 652 балалар мен жеткіншектер клубы жұмыс істейтінін, онда 124 000 бала мен жеткіншек дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатынын атап өту қажет.

 

2013 жылғы 20 сәуір мен 20 мамыр аралығында бүкіл республика бойынша «Қазақстан Республикасы халқының дене дайындығының президенттік тестілері» нормативтерін қабылдау бойынша республикалық айлық өткізілді, оған 5,9,11 сынып оқушылары, 18-24 жас арасындағы және 24-тен асқан тұрғындар қатысты.

Талдау көрсеткендей, 5, 9, 11 сынып оқушылары арасында және 18-24 жастағы жастар арасында Президенттік деңгейдегі нормативтерді тапсырғандардың саны 63 463 адамды құрады. Бұл ретте, 2012 жылмен салыстырғанда осы нормативті тапсырғандар саны 4296 адамға төмендеген, соның ішінде ауылдық жерде – 7196 адам.

2012 жылмен салыстырғанда ұлттық дайындық деңгейінде нормативтерді тапсырғандардың көрсеткіші 5,5%-ға немесе 6136 адамға артқан.

Бұқаралық спортты және жоғары жетістіктер спортын танымал ету және дамыту, дене шынықтыру мен спорт құралдары арқылы салауатты өмір салты қағидаттарын енгізу, жасөспірімдер арасында есірткіге қарсы насихатты күшейту мақсатында, Агенттік тұрақты түрде спорттық іс-шаралар өткізіп тұрады.

2012-2013 оқу жылында пилоттық жоба аясында Ақмола, Маңғыстау, Павлодар, Қостанай, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қалаларында үш жас шамасындағы топтардың құрама командаларының қатысуымен ойын спорты түрлерінен (волейбол, баскетбол, футбол) мектеп лигасының жарыстары өткізілді.

Мектептерде және мектептер арасында өткен жарыстарға барлығы 356 мың оқушы қатысқан.

Студенттер спорты 

2013 жылдың қорытындысы бойынша спорт секцияларында спортпен шұғылданатын студенттердің үлесі 46%-ды немесе 168,5 мың адамды құрады.

2013 жылғы 1 қыркүйекте республиканың 139 жоғары оқу орнының 64 жоғары оқу орнында спорт клубы бар, ал 75 жоғары оқу орнында спорт секциялары жұмыс істейді. Бұл ретте бір жыл ішінде клубтардың саны тек 9 бірлікке ғана артқанын атап өту қажет (2012 жылы – 56 болған).

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша дене тәрбиесі сабақтары студенттер үшін 1-2 курста ғана өткізіледі.

Студенттер спортын дамыту Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындыққа ықпал ететін болады.

Осы жарыстарға дайындық аясында логотип, талисман және слоган әзірленді, олар халықаралық студенттер спорты федерациясымен (FISU) келісілді және бекітілді.

Маркетингтік бағдарлама мен Универсиаданың фирмалық стилистикасын пайдалану жөніндегі нұсқаулық — бренд-букты әзірлеу аяқталды.

Универсиада 2017 объектілерін салудың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу аяқтау кезеңінде.

2014 жылғы бірінші тоқсанда Мемлекеттік сараптама жүргізуге жобалау құжаттарын тапсыру жоспарланып отыр. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау 2014 жылғы бірінші жарты жылдыққа белгіленген.

Агенттік Білім және ғылым министрлігімен, Байланыс және ақпарат агенттігімен, Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, Универсиадаға дайындық және өткізу барысын насихаттау және ақпараттандыру жөніндегі медиа-жоспар әзірледі.

Білім және ғылым министрлігі қысқы спорт түрлері федерациясымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп Универсиадаға қатысу үшін жас спортшыларды дайындау мен кезең-кезеңімен іріктеудің кешенді жоспарын пысықтады.

Бұқаралық спортты насихаттау

Президенттік тестілерді танымал ету және халықтың тапсыру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 қаңтардағы № 1545 қаулысымен тестілердің құрылымына, нормативтері мен тәртібіне өзгерістер енгізілді.

Халық арасында дене шынықтыру мен спортты танымал ету мәселелері бойынша ағартушылық және насихаттау жұмыстарын кеңейту үшін, 2013 жылғы 1 шілдеден бастап тәулігіне 20 сағат бойы екі тілде хабар тарататын  «Қазспорт» спорттық телеарнасы ашылды (тілдік баланс – 50% мемлекеттік тілде және 50% орыс тілінде), таралу ортасы – кабельдік және спутниктік операторлар, «Отау ТВ» спутниктік желісі.

Бұған қоса, жыл сайын «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында баспа өнімдерін дайындау мен тарату қамтамасыз етілуде, өңірлерде билбордтар орналастырылып, республикалық телеарналарда қазақстандық жетекші спортшылардың қатысуымен салауатты өмір салтының пайдасы туралы 25 бейнеролик пен 7 фильм көрсетілді. 2013 жылғы 21-24 қарашада Астана қаласында Агенттік «Қоғамның индустриалдық-инновациялық дамуы жағдайындағы дене шынықтыру мен бұқаралық спорттың басымдықтары мен перспективалары» тақырыбында халықаралық ғылыми-конференциялық конференция өткізді. Осы конференцияның негізгі мәселесі қоғамның индустриалдық-инновациялық дамуы жағдайында бұқаралық спортты дамытудың заманауи жолдары тақырыбы болды.

Конференцияның жұмысына Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының ғалымдары, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, федерациялардың, дене шынықтыру-спорт қоғамдары мен бизнес өкілдері қатысты. Конференцияда 61 баяндама жасалды, оның ішінде 10 баяндама пленарлық отырыста талқыланса, 51 баяндама төмендегідей төрт ғылыми бағыт бойынша секцияларда қаралды: «Баршаға арналған спорт», «Халықты дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту бойынша спорт ғимараттарының құрылысы мен қызметі», «Заманауи әлеуметтік-экономикалық жағдайлардағы спорт менеджментінің дамуы», «Оқушы жастар арасында деен тәрбиесін жетілдіру және бұқаралық спортты дамыту».

Конференция қорытындысы бойынша 250 данамен жинақ басылып шықты және «Польшадағы ғылыми-практикалық конференцияның халықаралық жинағында Қазақстандағы бұқаралық спорт: жай-күйі мен перспективалары» тақырыбында мақала жарияланды.

Бұқаралық спортты дамыту жөніндегі 2014 жылға арналған міндеттер 

1. «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасын жаңа редакцияда қабылдауды қамтамасыз ету.

2. Дене шынықтыру және спорт саласының заңнамалық және нормативтік құқықтық базасын жетілдіру.

3. Алматы қаласында 2017 жылғы 28-Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға дайындалу және оны өткізу жөніндегі жұмысты үйлестіру және Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының қатысуын қамтамасыз ету.

4. Астана қаласында веложолдар салу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру.

5. Дене шынықтыру және спорт саласындағы ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен нормативтерді әзірлеу.

6. Дене шынықтыру және спорт саласында кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту.

7. Спорт ғимараттары желісі мен дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін дамыту, соның ішінде республикалық және жергілікті бюджеттен тең қаржыландыру есебінен, сонымен қатар мемлекеттік-жекешелік серіктестік тетігін қолдана отырып дамыту.

8.  Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс орындарында қызметкерлердің денсаулығын жақсарту және ерікті спорт қоғамдарын құру бағдарламаларын енгізе отырып, дене шынықтыруды дамыту үшін жағдайлар жасау.

 

 

 

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »