ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

Ұлттық спорт түрлері және спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалармен жұмыс

Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері
комитеті төрағасының
2016 жылғы 10 ақпандағы
№ 26 бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасы  Мәдениет және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
Ұлттық спорт түрлері және спортта мүмкіндіктері
шектеулі тұлғалармен жұмыс басқармасы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Ұлттық спорт түрлері және спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалармен жұмыс басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің (бұдан әрі — Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Комитет туралы ережені, Комитет бұйрықтарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Басқарманың құрылымын, штаттық санын Министрліктің Жауапты хатшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітеді.

2. Басқарманың негiзгi міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері

4. Міндеті: Ұлттық спорт түрлері мен спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасында дене шынықтыруды және спортты дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру.

Функциялары:

1) ұлттық спорт түрлері мен спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасында дене шынықтыру және спортты дамыту бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

2)  ұлттық спорт түрлері және спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасындағы спорты түрлері бойынша федерациялармен бірге Қазақстан Республикасы құрама командаларының тізімін қалыптастыру;

3) Басқарма жетекшілік ететін спорт түрлері бойынша республикалық спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді, ұлттық спорт түрлерінен спортшыларды және спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды спорт түрлерінен халықаралық жарыстарға даярлауды және олардың қатысуын үйлестіру;

4)  Басқарма жетекшілік ететін спорт түрлері бойынша республикалық спорттық іс-шаралардың регламенттерін әзірлеуге қатысу, оларды Комитеттің басшылығына қарастыруға және бекітуге енгізу.

5. Міндеті: Елімізде ұлттық спорт түрлерін және спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасындағы спортты дамытудың стратегияларын және перспективалық жоспарларын зерделеу, талдау және әзірлеу.

Функциялары:

1) өз құзыреті шегінде Комитеттің стратегиялық және бағдарламалық құжаттары бойынша ұсыныстар енгізу;

2) ұлттық спорт түрлері және спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасындағы дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу;

3) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардан ұлттық спорт түрлері және спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасындағы дене шынықтыру және спорт бойынша 2-ДШ нысаны бойынша статистикалық есеп қабылдау.

6. Міндеті: Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің ұлттық спорт түрлерін және спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі жұмысын қадағалауды және үйлестіруді қамтамасыз ету.

Функциялары:

1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының дене шынықтыру және спорт басқармаларымен, спорт түрлері бойынша федерациялармен, қоғамдық бірлестіктермен бірге республикалық жарыстарды өткізу және спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысуы бойынша жұмыс жүргізу;

2) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық бірлестіктермен, спорттық федерациялармен, қауымдастықтармен, одақтармен және клубтармен ұлттық спорт түрлерін және спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасында спортты дамыту жөніндегі жұмысты үйлестіру және өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

3) спорт түрлері бойынша федерациялардың деректер базасын қалыптастыру және жыл сайын жаңарту.

7. Міндеті: Ұлттық спорт түрлерін және спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша ұйымдастыру тәжірибесін қорыту және практикаға енгізу.

Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне тұрақты негізде  мониторинг жүргізуді үйлестіру;

2) ұлттық спорт түрлері және спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасындағы спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін бағалаудың көрсеткіштері мен әдістерін әзірлеу;

3) Басқарманың белгіленген қызметі аясындағы халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;

4) ұлттық спорт түрлерін және спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасында дене шынықтыруды және спортты дамыту бойынша шетелдік тәжірибені талдауды жүзеге асыру;

5) ұлттық спорт түрлерінен және спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған дене шынықтыру және спорт сабақтарының бағдарламаларын, әдістемелік құралдарын, оқу жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру.

8. Міндеті: Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрлерін, спорт салаларын тану жөніндегі жұмысты жүргізу.

1) Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрлерін, спорт салаларын тану жөніндегі комиссияның жұмысын үйлестіру;

2) Спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу.

9. Құқықтары мен міндеттері:

1) ұлттық спорт түрлерін және спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасындағы дене шынықтыруды және спортты дамыту мәселелерін реттейтін бағдарламаларды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, бағдарламалық- әдістемелік құжаттарды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

2) халықаралық, республикалық және өңіраралық жарыстарға және жиындарға қатысу;

3) ұлттық спорт түрлерін және спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасындағы дене шынықтыруды және спортты дамыту саласындағы мамандармен симпозиумдар, конференциялар, семинарлар және басқа да оқыту нысандарын және іс тәжірибемен алмасуды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

4) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың ұлттық спорт түрлерін және спортта мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар арасындағы дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі, жетекшілік ететін спорт түрлері бойынша құрама командалар спортшыларының және спорт резервінің оқу-жаттығу жиындарын өткізу және ұйымдастыру жөніндегі қызметін өз құзыреті шегінде үйлестіру және тексеру;

5) қажет болған жағдайда басқа бөлімдердің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлері мен мамандарын консультациялар және сараптамалар өткізуге тарту;

6) өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз құзыреті шегінде сұрау және алу;

7) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Комитет басшылығының қарауына ұсыныстар енгізу.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

10. Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі құқықтары мен міндеттерін іске асыру үшін қажетті құзыретке ие болады.

11. Басқарманы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

12. Басқарма басшысы Басқарманың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттерді орындау үшін және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілікте болады.

13. Басқарманың басшысы Комитет басшыларына Басқарманың құрылымы және штат кестесі бойынша ұсыныстар енгізеді.

14. Осы мақсаттарда Басқарма басшысы:

1) Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2)  Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің басқа да актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

15. Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқа құрылымдық бөлімшелерге Басқарманың атынан жіберілетін құжаттарға Басқарма басшысы, ол болмаған жағдайда, оның орнын ауыстыратың адам қол қояды.

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »