ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

Спорт резерві және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасы

Сұрақ:

От: Аманғали

Тема: спорт колледжі

 

Ассалаумағалейкум,сізің спорт колледжде 9 сынып бітірген соң қабылдай ма,әлде 11жылдық білім ба?

Менің балам футболдан көп жарысқа қатысса да спортқа іліге алмай-ақ қойды.Былтыр 9 бітірген.кешігіп қалған соң авто техқа тапсыра салған,бір жылды күштегендей қып оқыды .енді спорт колледжге тапсырғысы келед.Қандай кеңес бере едіңіз?өтініш…

 

Жауап:

Құрметті Аманғали!

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Сіз көтеріп отырған мәселені қарастырып, Алматы қаласында Республикалық спорт колледжінде футбол бөлімшесі бар, оған 11-сыныптан кейін түсуге болады (мекенжайы
Алматы қ. Тимирязев көш. 41 үй Байзақов көш. қилысы тел. 8 (727) 376-25-14).

Сұрақ:

Мира <mira_1804@mail.ru> 11.03.2015

Сәлеметсіз бе!

Балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша арнайы орта және жоғары білімі жоқ, бірақ самбодан ҚР спорт шебері бар адамды жаттықтырушы ретінде алуға болады ма?

 

Жауап:

Құрметті Мира!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің  Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Сіздің өтінішіңізді қарастырып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде жұмыс істеу үшін «Дене шынықтыру және спорт» пәнінен жоғары немесе арнайы орта білім болуы екендігін хабарлайды.

 

 

Cұрақ:

Бурхан <Burxan73@mail.ru> 6.03.2015

Алматы қаласындағы РМҚК Республикалық спорт колледжінің жалпы орта білім туралы аттестатымен жаттықтырушы-мұғалім бола ала ма? Спортшы осы колледжді бітірген.

 

Жауап:

Құрметті Бурхан!

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Сіздің өтінішіңізді қарастырып келесіні хабарлайды.

ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2013 жылғы
26 қарашадағы № 434 бұйрығымен бекітілген Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына (ҚР Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 желтоқсанда
№ 9015 тіркелді) сәйкес спорт ұймдарда спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы және спорт жаттықтырушысы лауазымдарға қабылдау үшін «Дене шынықтыру және спорт» маманы бойынша жоғары немесе арнайы орта білім болуы қажет.

Осыған байланысты, Республикалық спорт колледжінің түлектері әртүрлі спорт ұймдарда (БЖСМ, ОРМБЖСМ, ЖСШМ, СДБАМИ, ОРММИК, ОРДО, ОДО және басқа да) спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы және спорт жаттықтырушысы болып жұмыс істеуге құқылы екенін хабарлаймыз.

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »