ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

Жиынтық-талдау басқармасы

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының
2015 жылғы 25 мамырдағы
№ 147 бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті
Жиынтық-талдау басқармасының
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1. Жиынтық-талдау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді және де осы Ережені басшылыққа алады.

3. Басқарманың құрылымын мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының келісімі бойынша Министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.

2. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары

4. Міндетері:

1) дене шынықтыру және спортты дамыту, ойын бизнесін үйлестіру және лотерея қызметын реттеу мәселелері жөніндегі стратегиялық және оперативтік жоспарларды, бағдарламаларды, тұжырымдаманы орындау бойынша ақпараттарды, есептерді қамтамасыз ету, жиынтықтауды және талдауды;

2) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша стратегиялық және операциялық жоспарларды, бағдарламалық құжаттарды іске асыру шеңберінде құрылымдық бөлімшелер қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу;

3) Комитет көрсететін мемлекеттік қызметтердің мониторингін қамтамасыз ету.

5. Функциялары:

1) Басқарма құзыреті шегінде стратегиялық жоспарды, дене шынықтыру және спортты дамыту мәселелері жөнінде мемлекеттік бағдарламаларды, тұжырымдамаларды орындау бойынша Комитеттің құрылымдық бөлімшелері жұмысын қамтамасыз ету;

2) дене шынықтыру және спортты дамыту бөлігінде стратегиялық және оперативтік жоспарды іске асыру мониторингін өткізу және олардың іске асырылу барысы туралы ақпараттық-талдау материалдарын дайындау;

3) құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың даму жоспарлары және аумақтарды дамыту жоспарлары жобаларын келісуді, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары және басқа да бағдарламалық құжаттары шеңберінде салааралық озара іс-қимылды жүргізу;

4) дене шынықтыру және спортты дамыту жай күйіне талдау жүргізу, стратегиялық және басқа да бағдарламалық құжаттарды іске асыру шеңберінде кемшіліктерді жою бойынша Комитет басшыларына ұсыныс әзірлеу және ұсыну;

5) ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің, Министрлік пен Комитет басшылығының тапсырмалары бойынша материалдарды уақтылы дайындалуын қамтамасыз ету;

6) халықаралық келісімдерді іске асыру бойынша ақпараттарды жинақтауды және талдауды қамтамасыз ету;

7) Басқарма құзыреті шегінде Комитеттің құрылымыдық бөлімшелеріне халықаралық мәселелер бойынша консультация беру;

8) шет елдермен және халықаралық спорттық ұйымдармен ынтымақтастық мәселелері бойынша халықаралық келісімдер жобаларына ұсыныстар енгізу;

9) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін кеңейту жөніндегі нормативтік-құқықтық актілеріне мониторинг жүргізу;

10) Комитет құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметті көрсету сапасына ішкі бақылау жасау;

11) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды өткізу үшін ақпаратты дайындау және ұсыну;

12) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен өзара іс-қимылдары жүзеге асыру;

13) Басқарма құжаттарын есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ету Министрлік мұрағатына құжаттарды сақтауға бергенге дейін құжаттардың жай-күйіне мен сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

6. Құқықтары және міндеттері:

1) мемлекеттік органдар және ұйымдар өткізетін дене шынықтыруды дамыту мәселелері бойынша жиналыстарға, курстарға, семинарларға, конференцияларға қатысу;

2) уәкілетті мемлекеттік органдардан және өзге ұйымдардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұрату және алу;

3) консультациялар мен сараптамалар өткізу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар мамандарын белгіленген тәртіппен тарту;

4) Басқармаға жүктелген функциялар мен міндеттерді іске асыру үшін өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. Басқарма қызметін ұйымдастыру

7. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.

8. Басқарманы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басқарма басшысы басқарады.

9. Басқарма басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асырылуына дербес жауапты болады;

10. Осы мақсатта Басқарма басшысы:

1) Министрдің, Вице-министрдің, Жауапты хатшының, Комитет төрағасының, тапсырмаларын белгіленген мерзімде сапалы орындалуын ұйымдастырады, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің және Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен қажетті құжаттар мен материалдарды дайындауға қатысуды қамтамасыз етеді;

2) белгіленген тәртіппен кадрларды іріктеу және орналастыру, Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, сондай-ақ белгіленген талаптарды бұзуға жол берген қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстарды әзірлейді және ұсынады;

3) Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерінің көлемін белгілейді;

4) Министрліктегі қолданыстағы жалпы іс жүргізу нұсқаулықтарына сәйкес Басқармада жедел іс жүргізуді қамтамасыз етеді;

5) белгіленген тәртіппен Министрліктің алқа отырыстарына, сондай-ақ Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрлік басшылығы өткізетін кеңестерге қатысады;

6) лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »