ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

Республикалық велотрек туралы

Республикалық велотрек туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 мамырдағы №359 қаулысы негізінде бес олимпиадалық даярлау орталығын құру туралы Жарлығына қол қойылды, олардың бірі велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы болды.

2007 жылғы 1 шілдеден Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы өз қызметін Талдықорған қаласында бастады.

Велосипед спортынын олимпиадалық даярлау орталығы қызметінің мақсаты – велосипед спортының түрлері бойынша Қазақстан Республикасының жастар, юниорлар және жасөспірімдер құрама командаларының дайындығын қамтамасыз ету, бұқаралық дене шынықтыру спорт қозғалысын дамыту үшін спорт ғимараты мен жабдығын пайдалану, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының спорт резерві мен штаттық құрама командаларының жыл бойғы ортақтандырылған дайындығын ұйымдастыру және өткізу, дене шынықтыру және спорт ұйымдары мен халыққа қызмет көрсету болып табылады.

2014 жылғы желтоқсанда Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының әкімшілігі Талдықорған қаласынан Астана қаласындағы Республикалық велотрек  базасына ауыстырылды.

Республикалық велотрек «2006-2011 жылдарға арналған Астана қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2006 жылғы 4 мамырдағы N2 111 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес салынды.

Республикалық велотрек – әлемдегі үздік спорт кешендердің бірі болып танылған, сыртқы пішіні велошабандоздың дулығасына ұқсайтын спорттық ғимарат. Ол 2012 жылғы 20 қарашада іске қосылды. Ғимараттың жалпы ауданы – 44 957 шаршы метр, 1195 отыратын орны бар. Велотректің ішіне: трек, сырғанау мұз айдыны, мейманхана, мейрамхана, фитнес-орталығы, кеңсе бөлмелері, конференц залдар, бокс залы, гимнастика залы, ойын залы, шағын футбол алаңы кіреді.

Біздің мекенжайымыз:

Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы 45А, «Велосипед  спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК

Байланыс телефондары:

Фитнес орталығы

Тел.: +7 (7172) 70-71-79

Мейманхана
Тел.: +7 (7172)70-71-47

Спорт бөлімі
Тел.: +7 (7172) 70-72-34

Маркетинг және жарнама бөлімі
Тел.: +7 (7172) 70-71-52

Қабылдау бөлімі

Тел.: + 7(7172) 70-71-73

Ресми сайт www.velotrek.kzсайтқа сілтеме: http://velotrek.kz/rus/index.php

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »