ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

Спорт түрлерінен республикалық қоғамдық бiрлестiктерді аккредиттеу туралы куәлік беру

«Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктерді аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметті алушыға ЖАДЫНАМА

 

«Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктерді аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметті алушы болып спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктер табылады.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі аккредиттеу туралы 4 жылдық мерзiмге берiлетін тиiстi куәлiк не болмаса электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетіледі, алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі — ЭЦҚ) болған жағдайда мекенжайлары «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz порталында (бұдан әрі –портал) орналастырылған.

 

Алушы мемлекеттік қызметті алу үшiн мынадай құжаттарды ұсынады:

1) уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша аккредиттеудi өткiзу мен куәлiк беруге арналған өтiнiш;

2) бірлестіктің құрылтай құжаттары мен заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірлемелері (шынайылығын тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылған кезде) немесе олардың нотариалды расталған көшiрмелерi (шынайылығын тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған кезде);

3) бірлестіктің Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан көбінің аумағында орналасқан филиалдарының ережелері мен оларды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері (шынайылығын тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылған кезде) немесе олардың нотариалды расталған көшiрмелерi (шынайылығын тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған кезде);

4) спорт түрлері бойынша бағдарламаларды iске асыруға бiрлестiктiң қатысуы туралы ақпарат;

5) дене шынықтыру және спорт салаласындағы мамандануы бойынша жоғарғы кәсіби немесе орта кәсіби білімі бар бiлiкті кадрлардың бар екендігі туралы дипломдардың көшірмелері;

6) спорттық секциялар, клубтар, топтар саны және оларда осы спорт түрімен шұғылданатындар саны туралы ақпараттық анықтама.

Орталық арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштердің бланкілерін толтыру талап етілмейді.

Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін электрондық сұраудың нысанын толтыру қажет.

 

 

Нысан

Кiмге ____________________________________
__________________________________________
(дене шынықтыру және спорт жөнiндегi
__________________________________________
уәкiлеттi орган басшысының лауазымы,
__________________________________________
тегi, аты-жөнi)
Кiмнен
__________________________________________
__________________________________________
(республикалық қоғамдық бiрлестiк
__________________________________________
басшысының немесе өкiлiнiң тегi, аты-жөнi)
__________________________________________
(мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы)

Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеуді өткізуге және аккредиттeу туралы куәлікті беруге арналған өтiнiш

Сiзден ________________________________________________________
(республикалық қоғамдық
_____________________________________________________________________
бiрлестiктiң атауы)
аккредиттеуді өткізуді және аккредиттеу туралы куәлiк беруiңiздi
сұраймын.

Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiлдi:
1) бірлестіктің құрылтай құжаттары мен заңды тұлға ретінде
мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің көшірлемелері (дұрыстығын
тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылған кезде) немесе олардың нотариалды
расталған көшірмелері (дұрыстығын тексеру үшін түпнұсқалар
ұсынылмаған кезде);
2) бірлестіктің Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан
астамының аумағында орналасқан филиалдарының ережелері мен оларды
мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің көшірмелері (дұрыстығын
тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылған кезде) немесе олардың нотариалды
расталған көшірмелері (дұрыстығын тексеру үшін түпнұсқалар
ұсынылмаған кезде);
3) бірлестіктің спорт түрлері бойынша бағдарламаларды іске
асыруға қатысуы туралы ақпарат;
4) дене шынықтыру және спорт cаласындағы мамандық бойынша
жоғарғы кәсіби немесе орташа кәсіби білімі бар бiлiкті кадрлар
дипломдарының көшірмесі;
5) спорттық секциялар, клубтар, топтар саны және оларда аталған
спорт түрімен шұғылданатындардың саны туралы ақпараттық анықтама.

М.О. _____________                    _________________________
(қолы)                                                         (тегi, аты-жөнi)

«____» ___________ 20__ ж.

Өтiнiштiң түскен күнi «___» __________ 20 __ ж.

Тiркеу нөмiрi _________________________________

_______________________________________________
(жауапты тұлғаның қолы, тегi, аты-жөнi)

 

 

Көшіріп алу Спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы N 1288 қаулысы (39 Kb, doc)

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »