ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

Спорт ғимараттарына санаттар беру

Спорт ғимараттарын пайдалану ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 14 сәуірдегі                     N 02-02-18/59 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы                     13 мамырда N 6953 тіркелді

 

«Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 7 маусымдағы № 238-239 (26637); «Заң газеті» 2011 жылғы 7 маусымдағы № 78 (1894); Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2011 жылғы N 23 (тираждың шыққан уақыты 22.11.2011)


 

Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 23-бабының 17) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ереженің 14-тармағына сәйкес және спорт ғимараттарын пайдалануды одан әрі жетілдіру, сондай-ақ, пайдалану кезінде оларды сыныптары мен санаттарына сәйкестендіру үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Спорт ғимараттарын пайдалану ережесі бекітілсін.
2. «Спорт ғимараттарын пайдалану ережелері» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2009 жылғы 14 тамыздағы № 01-01-07/141 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5788 болып тіркеліп, 2009 жылғы 23 қазандағы № 162 (1585) «Заң газеті», 2009 жылғы 23 қазандағы № 162 «Юридическая газета» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті (Е.Б. Қанағатов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын және оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы Е.Б. Қанағатовқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған кұнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Т. Ермегияев

Қазақтан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
2011 жылғы 14 сәуірдегі
№ 02-02-18/59 бұйрығымен
бекітілген

 

Көшіріп алу    Спорт ғимараттарын пайдалану ережесі

 

 

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »