ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

Әкімшілік және кадр жұмысы

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігінің

Спорт және дене шынықтыру істері

комитеті төрағасының

2014 жылғы 28 қазандағы

№ 45 бұйрығымен бекітілді

 

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің

Әкімшілік және кадр жұмысы басқармасы туралы 

Е Р Е Ж Е

 

1.     Жалпы ережелер

 

1. Әкімшілік және кадр жұмысы басқармасы (бұдан әрі – Басқарма)Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі(бұдан әрі – Министрлік) Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және Комитеттегі әкімшілік, құжаттамалық, ақпараттық-технологиялық және ұйымдастырушылық-кадрлық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасы заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін,  Министрліктің басқа да нормативтік құқықтық актілерін, алқа қаулыларын және бұйрықтарын, сондай-ақ, осы Ережені басшылыққа алады.

3. Басқарманың құрылымы және штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет төрағасы бекітеді.

 

2.                Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері

 

4. Міндеті: Комитет және оның құрылымдық бөлімшелері аппаратының ішкі жұмысын ұйымдастыру.

Функциялары:

1) Комитеттің ресми іс-шараларды, Комитет төрағасының, оның орынбасарларының іскерлік кездесулерін өткізуін ұйымдастыру;

2)  Министрлік алқасы шешімдерінің орындалуын бақылау;

3) Комитет басшылығының азаматтарды, жеке және заңды тұлғаларды қабылдауын ұйымдастыру;

4) Комитеттің ұйымдастыру-шаруашылық қызметін жүзеге асыру;

5) Комитетті материалдық-техникалық қамтамасыз ету және материалдық ресурстарды пайдалануды бақылауды жүзеге асыру;

6) іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету;

7) бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды жинау.

5.Міндеті: Мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.

Функциялары:

1) құрылым және штат саны жобаларын әзірлеу кезінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру;

2) Комитет  кадрларын бақылау және және кадрлық іс қағаздарын жүргізу;

3) мемлекеттік және азаматтық қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету;

4) Комитет комиссиясының қызметін үйлестіру: конкурстық, аттестаттау, тәртіптік, мемлекеттік қызмет өтілін белгілеу;

5) кадрлардың кәсіби дамуын қамтамасыз ету, соның ішінде қайта даярлау (мамандығын өзгерту) және біліктілігін арттыруды, мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамалардан өтуін ұйымдастыру арқылы;

6) Комитетте еңбек заңнамасы  мен  мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету.

6.  Міндеті: Комитеттегі құжат айналымын ұйымдастыру және орындаушылық тәртіпті бақылау.

Функциялары:

1) құжат айналымының, оның ішінде электрондық құжат айналымының біріңғай тәртібін қамтамасыз ету;

2) Комитеттің кіріс құжаттарын есепке алуды, тіркеуді жүзеге асыру;

3) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің жоғары тұрған органдардың және басшылықтың, сондай-ақ, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, Парламент депутаттарының сұрауларын орындау мерзімдері бойынша бақылауды жүзеге асыру;

4) Комитет ісінің жиынтық номенклатурасын құрастыру;

5) Комитеттің ведомстволық мұрағатында құжаттарды уақытша сақтауды және олардың сақталуын қамтамасыз ету;

6) ЭҚАБЖ және іс қағаздарын жүргізуді сүйемелдеу  шеңберінде оқу семинарларын ұйымдастыру.

8. Міндеті: мемлекеттік тілдің қолданылуын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілді насихаттау.

Функциялары:

1) мемлекеттік тілге аударылған нормативтік-құқықтық актілердің, хаттардың, баяндамалардың, баспасөз хабарламаларының және басқа да құжаттамалардың түпнұсқаға сәйкестігіне сараптама жүргізу;

2) Басқарма құзыреті шегінде 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы жөнінде ақпараттық-талдау құжаттарын дайындауды қамтамасыз ету;

3) Комитеттің құрылымдық бөлімшелеріндегі тілдік ахуалды талдау және бақылау жүргізу.

8. Міндеті: Комитеттің компьютерлік желілерінде кеңейтілген желілік және жергілікті бағдарламалық кешендердің қызмет етуін және енгізілуін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру.

Функциялары:

1)  «электронды үкіметті» технологиялық қолдау жөнінде ақпараттық-талдау материалдарын әзірлеу;

2) Комитетте автоматтандырылған мемлекеттік ақпараттық жүйені техникалық қолдауды жүзеге асыру;

3) компьютерлік техниканың, қолда бар  жергілікті желінің қамтамасыз етілу жағдайын талдауды жүзеге асыру, спорттың барлық жүйелерін ақпараттандыру бойынша іс-шараларды орындау;

4) ақпаратты, спорт жүйесін ақпараттандыру жөніндегі есепті жинау, қорыту және талдау;

5) Комитеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бақылау;

6) спорт және дене шынықтыру саласындағы ақпараттық жүйені және ресурстарды дамыту.

9. Құқықтары және міндеттері:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма құзіретіне енетін мәселелер бойынша түсініктеме беру;

2)  Басқармаға жүктелген міндеттерді орындауға қажетті құжаттарды, есептерді, анықтамаларды және басқа материалдарды құрылымдық бөлімшелерден және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардан сұрау және алу;

3)  Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің Министрліктің, Комитеттің  жоспарларын және бұйрықтарын орындауын бақылау;

4)  мемлекеттік органдармен, шаруашылық субъектілермен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

5)  бюджеттік шығындарды азайту жөнінде ұсыныстар енгізу;

6)  заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

7)  бұйрықтар, басқа да нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді дайындау, сондай-ақ, өз құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша қызметтік жазбалар енгізу;

8) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ, ведомстволық бағыныстағы ұйымдары басшыларының келісімімен олардың қызметкерлерін нормативтік құқықтық актілерді және басқа құжаттарды дайындауға, сондай-ақ, жүктелген міндеттерге сәйкес Басқарма өткізетін іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға тарту;

9)    Басқармаға жүктелген басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

 

3.  Басқарма қызметін ұйымдастыру

 

10.     Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті өкілеттіктерге ие.

11. Басқарманы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппенлауазымға тағайындалатын және босатылатын  басшы басқарады.

12. Басқарма басшысы Басқарма қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз қызметін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Департаментдиректорының орынбасары болады.

13.Басқарма басшысы Комитет басшысына Басқарманың штаттық кестесі жөнінде ұсыныстар енгізеді.

14. Басқарма басшысы осы мақсатта:

1) заңнамаға сәйкес бас сарапшылар мен сарапшылардың міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) ҚР Заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

15.  Басқарма атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде жіберілетін құжаттарға Басқарма басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

 

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »