ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

Қысқы спорт түрлері

 


Мәдениет және спорт министрлігі

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының                                                                                                                                                                                                                                                                                    

2014 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасы

№ 45 бұйрығымен бекітілді

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің

Қысқы спорт түрлері басқармасы туралы

ЕРЕЖЕ

 1.     Жалпы ережелер

 

1. Қысқы спорт түрлері басқармасы (бұдан әрі — Басқарма) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік)  Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Басқарма құрылымын, штат санын МинистрліктіңЖауапты хатшысы бекітеді.

 

2.     Басқарманың негізгі міндеттері мен функциялары

 

  1. Міндеті:Қазақстандық спортшылардың бәсекелестігін арттыру бойынша шараларды жүзеге асырады.

Функциялары:

1)  ұлттық құрама команда мүшелерінің қысқы олимпиялық спорт түрлерінен спорттық-бұқаралық іс-шараларға дайындығы мен қатысуы жөніндегі жұмысты үйлестіру және ұйымдастыру;

2)  қысқы олимпиялық спорт түрлерінен спорттық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбелік жоспарын бекіту мен іске асыру жөніндегі жұмысты қалыптастырады және ұйымдастырады;

3)  қысқы олимпиялық спорт түрлерінен спорттық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбелік жоспарына толықтырулар және/немесе өзгертулер енгізеді;

4)  қысқы олимпиялық спорт түрлерінен ұлттық құрама командалардың спорттық іс-шаралардағы көрсетілімдеріне талдау жүргізеді (әлем чемпионаттары, Азия ойындары, Олимпиада ойындары);

5)  2017 жылғы 28-і қысқы Бүкіләлемдік универсиадаға дайындық және өткізу бойынша жұмысты үйлестіреді;

6)  Алматы қаласын 2022 жылғы ХХІV қысқы Олимпиада жәнеХІІІ Паралимпиада ойындарын өткізетін орын ретінде ілгерілету бойынша Елбасы тапсырмасының орындалуын жүзеге асырады;

7)  әр Олимпиялық кезең алдында қысқы олимпиялық спорт түрлерінен ұлттық құрама командалардың кешендік даярлау жоспарын қарайды және бекітеді;

8)  5 ФК, 8 ФК, 2 ФК статистикалық мағлұматтардың негізінде елімізде қысқы олимпиялық спорт түрлерінің дамуына сараптама жүргізеді;

9)  әр қысқы маусымға қысқы спорт түрлерінен ұлттық құрама командалардың тізімін қарайды және бекітеді.

  1. Міндеті: Облыстық құрылымдық бөлімдердің және басқарма қызметінің сұрақтарына кіретін басқа да ұйымдардың қызметін үйлестіру.

Функциялары:

1)  ҚР ҰОҚ-пен және қысқы спорт түрлерінен федерациялармен, аймақтық дене шынықтыру және спорт басқармаларымен қысқы олимпиялық спорт түрлерін дамыту, спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және қатысу сұрақтары бойынша өзара әрекеттеседі;

2)  қысқы спорт түрлерінен спорттық, соның ішінде басқа да мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырылатын халықаралық іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

  1. Міндеті: Қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығының жұмысын бақылау және үйлестіру.

Функциялары:

1)       қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығын дамыту жоспарын келіседі;

2)       қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы басшыларын есептік жылдағы жұмыс қорытындылары бойынша және алдағы жылға арналған жұмыс жоспарлары бойынша тыңдайды;

3)       ведомстволық бағыныстағы ұйымдар (қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы) үшін жұмыс жоспарын, штаттық кестесін, күнтізбелік жоспарды, контингентін келіседі;

4)       қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы, олимпиадалық резерв даярлау орталықтарының жұмысын үйлестіреді және негізгі даму жолдарын анықтайды.

 

3. Басқарманың құқықтары мен міндеттері:

 

7. Басқарма өз функцияларын жүзеге асыру және міндеттерін іске асыру мақсатында құқылы:

1) өз құзыреті шегінде ведомстволық бағынысты мекемелердің жұмысын үйлестіреді және тексереді;

2) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы мәселелерді реттейтін бағдарламаларды, нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын, оларға түзету енгізу, бағдарламалық-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;

3) қажеттілікке байланысты басқа бөлімдердің, ведомстволық бағынысты мекемелердің және дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдардың мамандары мен қызметкерлерін консультация және сараптама жүргізу үшін шақыра алады;

4) қысқы спорт түрлерін дамытудың өзекті мәселелерін практикалық шешуге катысты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктерімен өзара іс-қимыл жүргізеді;

5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдардан өз функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпаратқа сұрау салады және алады;

6) басшылыққа қарауға басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар береді.

 

4.    Басқарманың қызметін ұйымдастыру

 

8. Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі құқықтары мен функцияларын іске асыру үшін қажет құзыретке ие.

9. Басқарманы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

10. Басқарма басшысы Басқарманың қызметін жаппай басқарады және басқармаға жүктелген міндеттерді орындау үшін және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілік көтереді.

11. Басқарманың басшысы Комитеттің төрағасына Басқарманың құрылымы және штат кестесі бойынша ұсыныстарды көрсетеді.

12. Осы мақсаттарда Басқарма басшысы Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен құзыреттерін белгілейді;

13. Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқа құрылымдық бөлімшелерге Басқарманың атынан жіберілетін құжаттарға Басқарма басшысы, ол болмаған жағдайда, оның орынбасары қол қояды.

 

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »