ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

Ойын бизнесін үйлестіру және лотерея қызметі

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігінің

Спорт және дене шынықтыру

істері комитеті төрағасының

2014 жылғы28 қазандағы  № 45

бұйрығымен бекітілген

 

Қазақстан Республикасы Мәдениетжәне спорт министрлігі

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің

Ойын бизнесін үйлестіру және лотерея қызметі басқармасы туралы 

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1.Ойын бизнесін үйлестіру және лотерея қызметі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма)Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік)Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Басқармаойын бизнесін және лотерея қызметін ұйымдастырып, өткізу жөнінде мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

2. Басқарма өз қызметінде, Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»,«Дене шынықтыру және спорт туралы»,«Рұқсатпен ескерту туралы», «Ойын бизнесі туралы», «Қазақстан Республикасының саяхатшылық қызметі туралы», «Инвестиция туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Қазақстан-2050» Стратегиясын,Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 1180 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика ережесі),Министрлік туралы, Комитет туралы ережені және басқада нормативтік құқықтық актілерді сонымен қатар, осы Ереженібасшылыққа алады.

3. Басқарма құрылымын, штат санын МинистрліктіңЖауапты хатшысы бекітеді.

 

2. Басқарманың міндеттері мен функциялары

 

6. Міндеті: Ойын бизнесін және лотерея өткізуді ұйымдастыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.

Функциялары:

1) Ойын бизнесін ұйымдастыру және лотерея қызметі саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу;

2) Комитеттің сайтында ақпараттар орналастыру;

7. Міндеті: Қазақстан Республикасында ойын бизнесін ұйымдастыру және лотерея өткізу қызметі саласында лицензия беру.

Функциялары:

1) аталған заңнаманың 13-бабымен белгіленген ойын бизнесін және лотерея қызметін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтынқұжаттардың тізбесін және нұсқасын әзірлеу;

2) бұрын берілген лицензиялар есебінжәнереестрін қалыптастыру;

3) тәукел деңгейін бағалау критерилерін белгілеу, тексеру парағын және мекеменің есептізбесін және нұсқасын әзірлеу;

8. Міндеті: Ойын бизнесін ұйымдастыру және лотереяны өткізу саласында заңнаманың сақталуы бойынша тексеру жүргізу.

Функциялары:

1) «Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жыл сайынғы бақылау Жоспарын әзірлеу;

2) ойын бизнесі саласында лотереялық қызметті ұйымдастыру өткізу жөнінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру;

3) тексеру қортындысы бойынша акт беру;

4) басшылыққа және құқық қорғау органдарына мүмкін болатын сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарын жасау жағдайлары туралы хабарлау.

 

3. Басқарманың құқықтары

 

9. Басқарма өз міндетімен функцияларын іске асыру мақсатында құқығы бар:

1) өз құзыретіне жататын сұрақтар бойынша шешім қабылдауға;

2) өз құзыреті шегінде бұйрықтар, басқада нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеуге;

3) Басқармаға жүктелген міндеттерді орындауға мәселелерге қатысты бағыныстағы ұйымдардан қажетті ақпаратты, статистикалық және басқада мәліметтерді сұрауға немесе алуға;

4) Комитеттің ойын бизнесі саласына қатысты нормативтік құқықтық актілерінің және бұйрықтарының жобаларын қарауға;

5) Басқарманың құзыретіне кіретін сұрақтарға қатысты жиналыстар, семинарлар, және басқада іс-шаралар өткізуге;

6) Басқармаға жүктелген басқа да құқықтарды іске асыруға.

 

4. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

 

10. Басқарманы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

11. Басқарма басшысы Басқарманың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және осы Ережемен Басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы үшін дербес жауапты болады.

12. Басқарма басшысы:

1) Министрліктің Ережесіне және Комитеттің басқада нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес басқарманың жұмысын ұйымдастырады;

2) Басқарманың Ережесі, құрылымы және  штаттық саны бойынша ұсыныс әзірлеп бекітуге ұсынады;

3) басшылықтың тапсырмасымен Мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді.

4) Комитет басшылығының тапсырмаларының, жұмыс кестесінің және іс-жоспардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді;

5) Басқарманың қызметкерлерін марапаттау және оларға тәртіптік жаза  қолдануға ұсыныс жасайды.

 

 

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »