ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

Спорт инфрақұрылымын дамыту

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігі

Спорт және дене шынықтыру

істері комитеті төрағасының

2014 жылғы28 қазандағы  № 45

бұйрығымен бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің

Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Спорт инфрақұрылымын дамыту басқармасы туралы

ереже

1. Жалпы ережелер

 

1. Спорт инфрақұрылымын дамыту басқармасы (бұдан әрі –басқарма) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің (бұдан әрі – Комитет)  құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық  актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Басқарманың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.

 

2.  Басқарманың негізгі міндеттері, функцияларымен құқықтары

 

4. Міндеті: Басқарманың құзыреті шегінде инвестициялық қызметтербойынша стратегиялық және жоспарлық құжаттарды қалыптастыруға қатысу; ережелерге, нұсқаулықтарға, методикалық нұсқаулықтарға  техникалық сараптама мәселелері бойынша, басқа да нормативтік құқықтық құжаттамаларына, басқарманың құзыреті шегінде жүйелік есеп жүргізу.

Функциялары:

1) басқарманың құзыреті шегіндеинвестициялық қызметтер бойынша министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларының мониторингісін жүзеге асыру бойынша ақпарат дайындау, нақтылау және басқарманың құзыреті шегінде ақпараттарды дайындауға қатысу;

2) басқарманың құзыреті шегінденормативтік-құқықтық құжаттардың жобасын әзірлеуге қатысу;

3) бюджеттік инвестициялықжобаларды дамытуды іске асыруға бағытталған, бюджеттік бағдарламаларды дамыту бойынша, басқарманың құзыреті шегіндебюджеттік ұсыныстарды әзірлеу;

4)республикалық бюджеттікбағдарламаларын дамыту, оның ішінде инвестициялықжобалардың құнының қымбаттауыбойынша бюджеттік ұсыныстарды нақтылауға басқарманың құзыреті шегіндебюджеттік ұсыныстарды әзірлеу;

5. Міндеті:Халықаралық және республикалық жарыстарды өткізуге арналған спорттық ғимараттарды жобалау үшін техникалық ерекшеліктерді және техникалық тапсырманы аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен келісу.

Функциялары:

1) комитетпен берілген тиісті техникалық шарттар, келісілген коммуналдық техникалыққызметтер бойынша ТЭНжәнеЖСҚ әзірлеуді жүзеге асыратын жобалаушы ұйымдармен және мекемелермен өзара әрекеттесуді жүргізу;

2) құрылыс объектілерін жобалау үшін техникалық тапсырмалардыңжобасын дайындау;

3) жобалаушы ұйымдардан акт бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерді, жобалау-сметалық құжаттамаларды қабылдау және оның сапасын, жиынтығын және әзірлемелердің толықтығынтексеру, сонымен қатар ТЭН мен  ЖСҚ сараптама жүргізуді ұйымдастыру;

4) технологиялықжабдықтарды, жобалық және жобааралық жұмыстарды келісу;

5) басқарманың құзыреті шегінде республикалық маңызы бар құрылыс объектілері және кешендері жобалары бойынша салалық қорытындыларды дайындау;

6. Міндеті: басқарманың құзыреті шегінде республикалық маңызы бар объектілердің және кешендердіңмердігер ұйымдармен құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету;техникалық және авторлық қадағалау органдарының қызметін бақылау және құрылыспроцессінсүйемелдеу, техникалыққадағалау органыменқұрылыс процессінжәне бас мердігердің орындаушы-техникалыққұжаттамаларын уақтылы орындалуын және дұрыс рәсімделуін қадағалау;

Функциялары:

1) басқарманың құзыреті шегінде республикалық маңызы бар объектілердің және кешендердіңмердігер ұйымдармен құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету мақсатында өзара әрекеттесу және құрылыс объектілерінің қабылдау комиссиясына қатысу;

2) басқарманың құзыреті шегінде қайта құрылып және салынып жатқан республикалық маңызы бар объектілерге және кешендердің сапасына   мониторинг жүргізу;

3) өндіріс жұмыстарының кестесіне сәйкес мердігер ұйымдарға бақылау жүргізу;

4) басқарманың құзыреті шегінде салынып жатқан республикалық маңызы бар объектілерге және кешендерге техникалық-экономикалық сараптама жүргізу.

7. Міндеті: Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімін жүргізу; дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының пайдаланылуын үйлестіру; ведомстволық статистикалық бақылаулар жүргiзу.

1)  аймақтар бойынша спорт инфрақұрылымның жай-күйіне сараптама жүргізу;

2) спорт инфрақұрылымын дамытудың перспективалық жоспарына  сараптама жүргізу және әзірлеу;

3) басқарманың құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша  аналитикалық мәліметтерді дайындау;

4) басым бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесіне қосу үшін спорт объектілері бойынша құжаттарды әзірлеу (түсініктеме хат және әр спорт объектісі бойынша салалық қорытынды), инвестициялық жобалар бойынша деректер базасын қалыптастыру, жергілікті атқарушы органдармен басым инвестициялық жобалармен өзара әрекет жасау, басқарманың құзыреті шегінде барлық ведомстволық бағыныстағы спорт ғимараттарының мәселелері бойыншажұмысты үйлестіру;

5) спорт және дене шынықтырудың негізі көрсеткіштері бойынша 2-ФК статистикалық есептік деректерін жинақтау, сараптау;

8. Құқығы және міндеттері:

Міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және басқарма өзінің функцияларын жүзеге асыруға құқығы бар:

1)өз құзыреті шегінде сұрақтар бойынша шешім қабылдауға;

2) бұйрық жобаларын дайындауға, өз құзыреті шегінде басқа да  нормативтікқұқықтық актілерді дайындауға;

3) министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен дайындалған бұйрық жобаларды, қаулыларды, өкімдерді, шешімдерді, методикалық және инструктивтік хаттарды, өз құзыреті шегінде қарауға;

4) басқарманың құзыреті шегінде жиналысқа және басқа шаралар өткізуге қатысу;

5) жедел инспекциялық өткізу мемлекеттік маңызы бар спорт объектілері мен кешендеріне басқарманың құзыреті шегінде;

6)жіберілген қателіктерді айқындаған жағдайда квалификациялықталаптар және лицензия ережелеріне, мемлекеттік нормативтер және (немесе) ауытқу бекітілген жобалар (жобалық шешімдер) шешім қабылдау (ұйғарым беру):

- жобалаушы мекемелер жіберген қателіктерді белгіленген мерзімде жою;

- мемлекеттік стандарттарға және техникалық шарттарға сай келмейтін құрылыс материалдарын, конструкцияларын, бұйымдарын және жабдықтарын қолдануға тиым салу;

- мердігерлер құрылыс-монтаждық мекемелер  (кәсіпорын) бұзушылық жіберген жағдайда  белгіленген мерзімде жою туралы;

- құрылыс-монтаждау жұмыстарын тоқтату қажеттілігіне техникалықнегіздеме;

7) басқармаға жүктелген міндеттерді орындауға қажеттіминистрліктің құрылымдық бөлімшелерден, ведомствоға бағынысты мекемелерден, Астана және Алматы қалалары мен обылыстары бойынша архитектуралық-құрылысты бақылайтын жергілікті атқарушы органдардан керекті ақпаратты, статистикалық және басқа да деректерді талап ету және алу;

8) басқарманың құзыреті шегінде бас жобалаушылардан, Қазақстан Республикасы аумағындағы республикалық маңызы бар объектілердің және кешендердің қайта құрылуы және құрылысы барысы туралы қажетті техникалық және аналитикалық ақпараттыбас мердігерлерден, авторлық және техникалық қадағалау органдарынан талап ету;

9) нысаналы бағдарламаларға және облыстардағы спорт инфрақұрылымы жобаларын республикалық бюджет қаражатын үлестіруге және қайта бөлуге ұсыныс беру;

10) мемлекеттік мекемелермен, ұйымдармен, заңды және жеке тұлғалармен өз құзыреті шегінде өз ара әрекеттесу;

11) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкесбасқа да құқықтардыжүзеге асыру.

3. Басқарманыңқызметін ұйымдастыру

 

9. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

10. Басқарманы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын  басқарма бастығы басқарады.

11. Басқармабастығы жалпы басшылықты жүзеге асырады және басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауаптыболады.

12. Басқармабасшысы комитетің басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

13.Басқарма басшысы осы мақсатта:

1) басқарманың құрамындағы бас сарапшылар мен сарапшының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

 

 

 

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »