ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

Жазғы спорт түрлері

Қазақстан Республикасы

Мәдениет және спорт министрлігі

Спорт және дене шынықтыру істері

комитеті төрағасының

2014 жылғы 28 қазандағы

№ 45 бұйрығымен бекітілді

 

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің 

Жазғы спорт түрлері басқармасы туралы

ЕРЕЖЕ

 

1.     Жалпы ережелер

 

1. Жазғы спорт түрлері басқармасы (бұдан әрі — Басқарма)         Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі                      (бұдан әрі – Министрлік) Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің(бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен жоғары спорттық шеберлік дайындау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Басқарманың құрылымы мен штаттық есебі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.

 

2.     Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

4.   Міндеті: спорт резервін дайындау, жоғары спорт шеберлігі жүйесін жетілдіру, жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен ұлттық штаттық командаларды дайындау жоспарында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Функциялары:

1)       жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен халықаралық спорттық жарыстарға ұлттық құрама командалар мүшелерінің дайындығы мен қатысуы жөніндегі жұмысты үйлестіру және ұйымдастыру;

2)                өз құзіреті шегінде спортты дамыту тұжырымдамасына, стратегиясына, нормативтік-құқықтық актілерге, спортты дамытудың салалық бағдарламаларына ұсыныстар енгізеді, сондай-ақ оларды әзірлеу жұмыстарына қатысады;

3)                жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен жоғары жетістіктер спорты мәселелері жөніндегі басшылық тапсырмаларының іске асырылуына бақылау жүргізеді;

5.   Міндеті: спорттық іс-шараларды жоспарлау, спорттық жетістіктерді есепке алу және талдау жүйесін жетілдіру.

Функциялары:

1)                жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының құрама командаларын дайындаудың негізгі ұйымдастырушылық қағидаттарын әзірлеуге және олардың іске асырылуын бақылауға қатысады;

2)                жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен спорттық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбелік жоспарын бекіту мен іске асыру жөніндегі жұмысты қалыптастырады және ұйымдастырады;

3)                жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау бойынша жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді;

4)                жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен спорттық іс-шаралардағы (әлем, Азия чемпионаттары, Әлем және Азия кубоктары, Азия ойындары, Олимпиада ойындары) ұлттық құрама командалардың көрсетілімдеріне талдау жүргізеді;

5)                жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен құрама командалардың кешенді мақсатты бағдарламаларының орындалуына бақылау жүргізеді;

6)                жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен мемлекеттік және бас жаттықтырушылардың атқаратын лауазымына сәйкестігі туралы басшылыққа ұсыныстар енгізеді;

7)                жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен бұқаралық-спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының орындалуына бақылау жүргізеді.

  1. Міндеті: ведомстволық бағыныстағы, аймақтық және ведомстволық спорттық ұйымдардың, жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен республикалық федерациялардың ұйымдастырушылық және практикалық қызметін үйлестіру, спорт мәселелері жөніндегі бірыңғай саясатты қамтамасыз ету.

Функциялары:

1)                ҚР ҰОҚ-пен және жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен федерациялармен, аймақтық спорт және дене шынықтыру басқармаларымен өзара әрекеттеседі;

2)                жазғы спорт түрлерінен спорттық, соның ішінде басқа да мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп ұйымдастырылатын халықаралық іс-шаралар жоспарын әзірлеу және бекіту жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

3)                жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен федерациялардың ұсынымы бойынша құрама командалардың құрамдарын бекітуді қамтамасыз етеді.

  1. Міндеті: жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығының жұмысын бақылау және үйлестіру.

 

Функциялары:

1)                Олимпиадалық даярлау орталықтардың жазғы олимпиадалық спорт түрлерін дамыту жоспарын келіседі;

2)                жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен Олимпиадалық даярлау орталығы басшыларын есептік жылдағы жұмыс қорытындылары бойынша және алдағы жылға арналған жұмыс жоспарлары бойынша тыңдайды;

3)       ведомстволық бағыныстағы ұйымдар (жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен олимпиадалық даярлау орталығы) үшін жұмыс жоспарын, штаттық кестесін, күнтізбелік жоспарды, контингентін келіседі;

4)                ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың (жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен Олимпиадалық даярлау орталығы, Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы, Спортшылардың допингке қарсы зертханасы,Допингке қарсы ұлттық орталық) қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;

5)                жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен Олимпиадалық даярлау орталығының, Олимпиадалық резервті даярлау орталығы жұмысын үйлестіреді және негізгі даму жолдарын анықтайды.

  1. Міндеті: басқарма қызметінің мәселелері бойынша облыстық құрылымдық бөлімшелермен және басқа да ұйымдармен қызметті үйлестіру.

Функциялары:

1)                8-ФК нысаны бойынша олимпиадалық спорт түрлерінің жағдайы және спорттық резерв дайындау бойынша ведомстволық статистикалық  бақылауды өткізеді (облыстық Олимпиадалық резервті даярлау орталықтары және республикалық Олимпиадалық даярлау орталықтары).

 

3.     Басқарманың қызметін ұйымдастыру

 

9. Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі құқықтары мен функцияларын іске асыру үшін қажет құзыретке ие.

10. Басқарманы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

11. Басқарма басшысы басқарманың қызметін жаппай басқарады және басқармаға жүктелген міндеттерді орындау үшін және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілік көтереді.

12. Басқарма басшысы:

1)  Министрлік Регламентіне және Министрліктің өзге де нормативтік-құқықықтық актілеріне сәйкес басқарманың жұмысын ұйымдастырады;

2) басқарманың құрылымы және штаттық есеп бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ басқарма туралы Ережені бекітуге ұсынады және әзірлейді.

13. Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқа құрылымдық бөлімшелерге басқарманың атынан жіберілетін құжаттарға басқарма бастығы, ол болмаған жағдайда, оның орынбасары қол қояды.

 

 

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »