ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

2012 жылғы

Дене шынықтыру және спорт саласының

2012 жылғы  әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

 

Есептік кезеңде Қазақстан Республикасы Дене шынықтыру және спорт істері агенттігінің (бұдан әрі — Агенттік) қызметі Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, оның ішінде Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын, Агенттіктің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын және Дене шынықтыру және спортты дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыруға бағытталған.

«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 261 Жарлығын іске асыру мақсатында 2012 жылы 29 маусымда «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2011 2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 қарашадағы  № 1399 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы бекітілді.

Агенттіктің қызметі бойынша стратегиялық жоспардың шеңберінде мына нысаналы индикаторларға қол жеткізілді:

1) 21,6 %-ға дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтар қамтылды;

2) 11 %-ға дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жеткіншектер үлесін балалар мен жеткіншектердің жалпы санынан қамтылды;

3) 2012 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының қорытындылары бойынша Халықаралық Олимпиада комитетінің ресми емес жалпы командалық есебінің рейтингісінде Қазақстан 12-ші орынға ие болды.

Бұқаралық спортты және жоғары жетістіктер спорттын дамыту шеңберінде мынадай жұмыстар атқарылды.

Үстіміздегі жылы 18,9 мың спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, оның ішінде 12,6 мыңы ауылдық жерлерде. Аталған іс-шараларда 3 млн астам адам қатысты.

Республикада 1709 спорт клубы жұмыс істейді, оның ішінде спорт түрлері бойынша 106 дене шынықтырумен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің клубтары, 503 балалар мен жеткіншектер клубы, 968 дене шынықтыру – сауықтыру клубтары және 132 кәсіби клубтар жұмыс істейді, оларда 373 мың 617 адам спортпен және дене шынықтырумен айналысады.

Дене шынықтыру-бұқаралық, сауықтыру іс-шараларының және негізгі республикалық және халықаралық жарыстардың 2012 жылға арналған күнтізбелік жоспарына сәйкес, есептік кезеңде 358 оқу-жаттығу жиыны, оның ішінде: 165 республикалық, 193 халықаралық өтті.

2012 жылы спорт түрлері бойынша құрама командалар әртүрлі дәрежедегі 298 республикалық, 277 халықаралық жарысқа қатысты. Ресми спорттық іс-шараларда, әлем чемпионаттарында, әлем кубоктарында, азия чемпионаттарында және халықаралық турнирлерде жалпы саны 996 медаль жеңіп алынды, оның ішінде олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша — 316 медаль.

Физикалық мүмкіндіктері шектеулі спортшылар халықаралық жарыстарда 53 медаль жеңіп алды, соның ішінде 9 алтын, 19 күміс, 25 қола медальдар.

Ұлттық спорт түрлері бойынша 226 медаль: 73 алтын, 66 күміс, 87 қола жеңіп алынды.

Лондон қаласында өткен ХХХ Олимпиада ойындарында Қазақстан Республикасының құрама командасы 7 алтын, 1 күміс, 6 қола медаль иеленді және 204 қатысушы-ел арасында  ресми емес есепте ұтып алған медальдар саны бойынша 12 орынды иеленді.

Олимпиада ойындарында ауыр атлеттері 4 әлемдік, 6 Олимпиадалық рекордты орнатты.

2012 жылы Инсбурк қаласында (Австрия) бірінші қысқы Олимпиада ойындарында әлемнің 70 елінен қатысқан 1059 спортшы арасында қазақстандық  спортшылар 1 күміс, 2 қола медальды иеленді.

2012 жылы 4 шілдеден 16 шілдеге дейінгі аралықта Саха Республикасында (Якутия) «Азия балалары» атты 5-ші халықаралық спорт ойындары өтті, онда 70 медальға қол жеткізілді, оның ішінде: 19 алтын, 16 күміс, 35 қола медаль бар. Жалпы командалық есепте Қазақстан командасы 3 орынды иеленді.

Үстіміздегі жылы 1092 адам спорт шебері, 273 адам халықаралық дәрежеде шеберліктер нормативтерін орындады.

Есептік кезең ішінде спортшыларды диспансеризациялау, оқу-жаттығу процесінде медициналық көмек көрсету, спорт жарақаттарының алдын алу,  спортшыларды емдеу және оңалту, оларды дәрмектермен, медико-биологиялық және оңалту препараттарымен қамсыздандыру жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігімен және «Оле Бразил ФК» футбол мектебі арасындағы 2012 жылы 2 наурыздағы екі жақты келісімнің негізінде Федеративтік Бразилия Республикасына футбол мектебінде оқу үшін 26 футболшы және 2 кеңесші жаттықтырушы оқуға жіберілді.

«Оле Бразил ФК» футбол мектебінің «Ботафого» әлеуметтік институтымен бірігуіне байланысты 2012 жылғы 24 тамызда Бразилия Федеративтік Республикасында қазақстандық спортшыларды оқыту жөніндегі келісімге қайта қол қойылды. Бұдан әрі «Оле Бразил ФК» футбол мектебі «Ботафого әлеуметтік институт» футбол мектебі болып аталады.

2012 жылдың наурыз айында «Қазақстан барысының» екінші турнирі өткізілді, оны өткізу мақсатында Агенттік «Қазақстан барысының» екінші турнирін өткізу, жедел штаб құрамы, ұйымдастыру іс-шаралар жоспары және турнирдің регламенті туралы» 2012 жылғы 12 наурыздағы № 29 бұйрықты бекітті.

Қазақстанның барлық өңірлерінде іріктеу жарыстары өткізілді, оның қорытындысы бойынша ү.ж. 22 қыркүйекте ең үздік 32 палуан ақтық турнирге қатысты.

2012 жылғы 20 сәуірден 20 мамырға дейінгі аралықта республикалық президенттік тестілеу өткізілді, оған 2 381 497 адам, оның ішінде 1 219 526 ауыл тұрғындары қатысты.

Тестілердің президенттік деңгейі 5- сыныптан 7 309 оқушы, оның ішінде: ауылдық жерлерден 709 адам, 9-сыныптан 8 835 оқушы, оның ішінде: ауылдық жерлерден 1 148, 11-сыныптан 7 145 оқушы, оның ішіде: ауылдық жерлерден            1 024 адам және 18-23 жастағы жастар 44 470 адам, оның ішінде: 2 758 ауыл тұрғыны сәтті тапсырды .

Халықтың негізгі саны Ұлттық деңгейдегі дайындықтарын көрсетті, олардың ішінде 67 070 адамның көрсеткіші өте жақсы, 130 177 адамның көрсеткіші жақсы, 187 222 адамның көрсеткіші орташа көрсеткіштен жоғары, 260 484 адам орташа, 155 513 орташа көрсеткіштен төмен, 106 153 қанағаттандырарлық, 85 122 адам қанағаттандырарлықтан төмен көрсеткіштерді көрсетті.

2012 жылғы мамырда 3-ші Қазақстан Республикасы ардагерлері спартакиадасының аудандық кезеңі өтті.

Өткен жылдың 8-9 мамыр аралығында Алматы қаласында белгілі публицист, қоғам қайраткері және спорт журналисті Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері арасында шағын футбол турнир өткізілді. Осы жылы мемориал алдында Қазақстанның орталық және өңірлік БАҚ-тың 13 командасы жиналды.

Агенттік Ұлттық Олимпиада комитетімен бірге 2012 жылдың 19 мамырда облыстарда, Астана және Алматы қалаларында  «Олимпиадалық жүгіріс күнін» өткізілді, оған 306 521 адам қатысты. Осы іс-шараға бейнеролик жасалып, 16 мамырдан 19 мамырға дейін «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан көрсетілді, ал, 17 мамырда «Дәулет» спорт комбинатында баспасөз конференциясы өткізілді. Облыс, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің деректері бойынша жыл сайын «Президенттік миль» атты тестілерді тапсыру жолымен 24 жастан  бастап және одан  жоғары жастағы халықты дене дайындығы  тестілеу жүргізілді. Осылайша жүгіруге қатысушылар саны шамамен 951 486 адамды құрады. Облыстар ұсынған деректерге сәйкес, Алматы (211969 адам) және Қостанай (155504 адам) облыстары едәуір қамтылған. 8 шілдеде Астана қаласының «Қазанат» ипподромында Астана қаласының Қазақстан Республикасының Астана күніне арналған Ұлттық ат спорты бойынша «Еуразия кубогына» жарыстар өткізіліп, 11 облыстың, Астана және Алматы қалаларының 118 шабандоздары қатысты.

16 шілдеден бастап 22 шілдеге дейінгі аралықта Павлодар қаласының «Құлагер» ипподромында ұлттық ат спорты бойынша балалар мен жасөспірімдер арасында «көкпар, аударыспақ, теңге алу, қыз қуу бойынша  Қазақстан Республикасының бірінші чемпионаты» өткізілді, осы іс-шараға 6 облыстан және Павлодар қаласынан 7 команда қатысты.

20-23 шілдеде Қарағанды қаласында барлық өңірлердің өкілдерінің қатысуымен 13 спорт түрі бойынша Спорт ардагерлерінің ІІІ спартакиадасы өтті, оған 1020 адам қатысты. Спартакиаданың қорытынды жарыстары 3: аудандық, қалалық, облыстық кезеңде өтті.

19 тамызда барлық мемлекеттік органдар өкілдерінің  қатысумен Спорт күніне арналған функционалды жаттығулар өткізілді, оған 1 000-нан астам адам қатысты.

Агенттік 27-28 қазанда Астана қаласында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары арасында республикалық спартакиада өткізді.

8 желтоқсанда Агенттік Астана қаласында орталық мемлекеттік органдар арасында қысқы спорт түрлері бойынша спартакиада өткізді.

Агенттік 7-8 желтоқсанда Ақтөбе қаласында Кәсіподақтар арасында республикалық спартакиада өткізді.

22 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы             27 қаңтардағы Жолдауын іске асыру аясында республикалық «Сарыарқа» велотрегінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени  даму комитеті депутаттарының, мемлекеттік ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Нұр Отан» Әлеуметтік Кеңес фракциясының отырысы өткізілді, онда дене шынықтырумен және спортпен бұқаралық шұғылдану үшін спорт инфрақұрылымына еліміздегі халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету және Лондон қаласында өтетін ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың дайындығы мәселелері талқыланды.

 

Соңғы жылдары қабылданған шаралар арқасында спорт инфрақұрылымы және дене шынықтыру даму үстінде.

Статистикалық есептілікке сәйкес 2012 жылы республикада 33 мың 347 спорт ғимараты жұмыс істеуде, оның ішінде 21 мың 450-і ауылдық жерлерде, 1710-ы жеке меншік нысандағы. 2011 жылмен салыстырғанда спорт ғимараттарының саны 733 бірлікке өскен, соның ішінде 273 бірлігі – ауылда. Өңірлерде қолданыстағы спорт ғимараттарын, спорт алаңдарын жаңарту және қайта салу, көпшілік тұратын жерлерде және демалыс орындарында қол жетімді спорт алаңдарын, спорт залдары және спорт ғимараттарын салу бойынша мүмкін болатын шаралар қабылдануда.

Сонымен қатар, қолданыстағы спорт ғимараттары, әсіресе ауылдық жерлерде әлі де жеткіліксіз. Облыс әкімдіктерімен жыл сайын жергілікті бюджет қаражаты есебінен кем дегенде 2 дене шынықтыру — сауықтыру кешенін салуды қамтамасыз ету мәселесі пысықталуда.

Осыған байланысты, барлық жіктегі тұрғындарға спорт ғимаратына қол жетімділікті қамтамасыз ету және дотацияланатын өңірлерде ішінде республикалық бюджет қаражат есебінен ДШСК салу мәселесі өзекті болып қалуда.

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »