ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

Әкімшілік жұмыс

Сұрақ: Нургазина Келбет 

1. Сәлеметсізбе! Сізге қабылдауға қашан және қалай келсем болады?

ЖАУАП:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің 2015 жылғы IV тоқсанға арналған азаматтарды қабылдау кесетесіне сәйкес төраға Е.Б. Қанағатовтың қабылдау күндері ү.ж. 2 қазан, 6 қараша, 4 желтоқсан.

Төрағаның қабылдауына жазылу үшін 74-12-62 байланыс телефонына хабарласа аласыз.

 

Сұрақ: Нургул

Өтініш  №: 121120131652

Менің есімім Айтекеева Нургул, Қазақстан бойынша жұмыс жасап жатырған турфирмалардың жұмысы қаншалықты нормаларға сәйкес келетінін білуге болама және қалай? мысалы егерде турфирма аркылы виза жасату керек болса олар қандайда бір ережені ұстану керек пе немесе жасалған жұмыс бойынша қаншалықты қаражат керектігін өздері шеше ме?

Жауап:

Құрметті Айтекеева Нұргүл! Туризм саласы ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің құзыретіне кірмегендіктен, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитетіне өтініш білдіруіңзді сұраймыз.

Сұрақ:

Құрметті Ерлан Тоқтарханұлы! Мен Нариманов Рахымтай Қарағанды қаласының тұрғынымын, қазир тренерлік жұмысқа тұрайын деп едім. 1983 жылы Қарағанды педагогикалық институтының бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесі факультетіне мамандығы бойынша оқуға түскен болатынмын бірақ та, бірқатар жан ұя себептерімен сырттай оқу бөліміне ауысып 2009 жылы қолыма дипломымды алган кезде дипломда «бастапқы әскери дайындық» мамндығы бойынша деп жазылған,себебі мен бітірген жылы факультет екіге бөлініп кеткен. Дипломның қосымшасында гимнастик?!
?-270 сагат, самбо және қол сайыс-180 сагат, жеңіл атлетика -225 сагат, спорттық ойындар-225 сагат, күрес-180 сагат, жүзу -180 сагат, дене жаттығудың биомеханикасы-135 сагат, спорттық жетілдіру курсы-768 сагат деп көрсетілген және де өзімнің күрестен, үстел тенисінен спорттық разрядтарым бар!
СҰРҚ? Осы қолымдағы дипломмен мен тренер болып жұмысқа тұру мүмкүндігім бар ма?
Өзімнің 6 жылдық тренер болып істеген тәжірибем бар.
Құрметті Ерлан Тоқтарханұлы!Ел басы айтқандағыдай салаутты өмір салтын ұстану мақстында жас ұрпақты спортмен тәрбилеуге үлесімді қосар едім.

ЖАУАП:

Құрметті Рахымтай Сектайұлы!


Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Сіздің сұрағыңызды мұқият қарап келесіні хабарлайды.
Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес, жаттықтырушы лауазымына үміткерлерге, оның ішінде жоғары (дене шынықтыру мамандығы) бойынша білімі бар тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптар төмендегідей:

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (дене шынықтыру) және мамандығы бойынша бірінші санатты жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (дене шынықтыру) және мамандығы бойынша екінші санатты жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;.
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (дене шынықтыру) және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 1 жыл;
біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз маман: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (дене шынықтыру) және еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Сонымен қатар, жаттықтырушы лауазымына орта арнайы немесе орта кәсіптік (дене шынықтыру мамандығы) бойынша білімі бар тұлғалар кәсіптік біліктілігі орта деңгейдегі маман ретінде орналаса алады.
Сол себепті, «Бастапқы әскери дайындық» мамандығы жаттықтырушы лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.

Сұрақ: Бурхан

Өтініш  №: 180420132

5 наурыз 2011 жылғы № 02-02-18/29 бұйрыққа дейінгі жаттықтырушы ережесінде орта білім және арнайы дайындықтан өткен болса орта дәрежедегі категорииясыз жаттықтырушы боп жұмысқа алынып келді. сол кезде жаттықтырушы қызметіне алынған қызметкерді жұмыстан қалай босатамыз. себебі бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келеді.Екінші сұрақ. бұрынғы ереже бойынша жоғары(арнайы емес) оқу орнын бітіріп спорт академиясының арнаулы курсынан өткен болса арнаулы жоғары білімді боп саналды. Есеп бойынша да арнаулы жоғары білімді маман боп тарифтен өтіп ке!
леді. Биылғы аттестаттау кезінде қазіргі еоежені басшылыққа алсақ ол жаттықтырушы да арнаулы орта білім де болмайды.Не істеу керек?

ЖАУАП:

Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Сіздің жіберген өтінішіңізді қарастырып, келесіні хабарлайды.
«Дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу мен шарттарының ережесін, сондай-ақ Жаттықтырушыларға, әдіскерлерге, нұсқаушыларға біліктілік санаттарын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 наурыздағы № 02-02-18/29 бұйрығына сәйкес «Біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы» болу үшін келесі талаптарға сай болуы қажет: орта білім (дене шынықтыру) немесе орта (толық) жалпы білім және «Қазақстан Республикасының спорт шеберінен» төмен емес спорттық атағының болуы.
Осыған орай, Агенттік «Біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ жаттықтырушы» болу үшін міндетті түрде дене шынықтыру мамандығы бойынша орта білімінің болуы қажет емес екендігін хабарлайды.
Сонымен қатар, Агенттік дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында арнайы курстардың жүргізілетіндігін және аталған курстар білімге теңестірілмейтіндігін ескертеді.

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »