ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві

Сұрақ: Рызабек Ибраев

Өтініш білдіру №: 140320141701

Құрметті Тастанбек Құтжанұлы! Қазақша қате жазсам кешіріңіз. Орысша оқығам. Стөл теннисынің федерациясының сайты жарты жыл жұмыс істемейді. Балалар не өздерінің рейтингін, не қашан қандай жарыстар болып жатқанын, не осы салада қандай жетістіктерге барғанымызды  біләлмайды. Тренерларға сұрақ қойғам, көбнесе бұл салада орыс тренерлері, маған Қазақстанда ол кімге керек дейді. Балалардың көңілдері содан жоқ. Оларда министрлік спортқа (біздің жағдайда, информациялық заманда, интернет заманында) көңіл бөлмейді деп ренішін білдіреді.

Жауап:

Құрметті Рызабек!
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі сіздің өтінішіңізді қарап, Үстел теннисі федерациясына хат жолдаған болатын.
Қазіргі уақытта республикалык федерацияның сайты техникалық себептерге байланысты жұмыс істемейді. Ағымдағы жылғы сәуір айының аяғында техникалык қайта жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін сайт қайта іске қосылатынын мәлімдейміз.
Аталған сайт іске қосылған соң федерация Қазақстан Республикасындағы үстел теннисі туралы ақпаратты толығымен беретініне сенімдіміз.
Сондай-ақ, үстел теннисінің әуесқойларын қызықтырған мәселелер бойынша 8-727-263-06-57 телефоны және ttf_rk@rambler.ru электрондық мекенжайы арқылы мәлімет алуға болады.

 

 

Сұрақ: Самат

Өтініш білдіру №: 140320141703

1. БЖСМ директорын қалай (конкурстықпа әлде басқа) тағайындайды?
2. БЖСМ директорлығына қойылатын талаптар және білімі қандай болуы керек?
3. БЖСМ директорлығына Заңгер, Экономист сияқты мамандар үміткер болуға болама?

Жауап:

Құрметті Самат!
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі біздің веб-сайтына Сізден түскен сұрақтарға келесі жауаптарды жолдайды.
Сіздің сұрағыңыз: БЖСМ директорын қалай (конкурстықпа әлде басқа) тағайындайды?
Агенттіктің жауабы: БЖСМ-ның директоры лауазыма тағайындау тәртібі «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ, оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1353 қаулысында көрсетілген.
Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес БЖСМ директоры болу үшін бұқаралық ақпараттық құралдарда жарияланған конкурсқа қатысу керек.
Сіздің сұрағыңыз: БЖСМ директорлығына қойылатын талаптар және білімі қандай болуы керек?
Агенттіктің жауабы: БЖСМ директорлығына қойылатын талаптар және оның білімі қандай болуы туралы ақпарат «Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 26 қарашадағы № 434 бұйрығында (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 желтоқсанда № 9015 тіркелді) көрсетілген.
Сіздің сұрағыңыз: БЖСМ директорлығына Заңгер, Экономист сияқты мамандар үміткер болуға бола ма?
Агенттіктің жауабы: «Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 26 қарашадағы № 434 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 желтоқсанда № 9015 тіркелді) сәйкес БЖСМ-ның директоры болу үшін талапкер мынадай көрсетілген біліктілік қойылатын талаптарға сәйкес келу керек:
Жоғары (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), педагогикалық (дене шынықтыру және спорт), заң, экономика мамандықтары бойынша, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Сұрақ: Ардақ

Өтініш білдіру №: 110320141700

Сәлеметсз бе! Мен қазақ тіл пәнінің мұғалімімін. 1999 жылы жас маман болып бөтен ауылға келгеннен, мектеп оқушыларын жинап баскетбол командасын құрған едім. бүгінгі күнде облыс жүлдегерлері, ауданның бірнеше дүркін чемпиондары. 2013 жылдан Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы
> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400 Қаулысының  6) Білім беру ұйымдарының педагогикалық
> қызметкерлеріне барлық үлгі мен атаудағы мектептерде, мектеп- интернаттарда,
> кәсіптік лицейлерде салауатты өмір салты
> бойынша сыныптан тыс жұмыс жүргізгені үшін   қосымша ақы алудамын. алайда бүгінгі күнде бұл заңсыз деп менен алынып тасталды. қаншалықты заңды? 2 сұрағым- сіздердің сайттарыңыздағы Денешынықтыру туралы заң мен электронды үкімет порталындағы заңдарда айырмашылық бар. қайсысы заңды?

Жауап:

Құрметті Ардақ!
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру агенттігі Сіздің қолдауыңызбен қазақ спортының дамуына жанашырлық танытып, жастарды салауатты өмір салтына тарту мақсатында құрылған баскетбол командасына биік белестерден көрініп, еңбектеріңізге жеңіс тілей отырып, келесіні хабарлайды.
Агенттік Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 Қаулысының 4-қосымшасына сәйкес Білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне барлық үлгі мен атаудағы мектептерде, мектеп-интернаттарда, кәсіптік лейцейлерде салауатты өмір салты бойынша сыныптан тыс жұмыс жүргізгені үшін негізгі лауазымдық айлықтан 45% қосымша ақы төлену қажет.
Екінші сұрақ бойынша 1999 жылғы 2 желтоқсандағы №490 «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңына жиі-жиі толықтырулар мен өзгерістер енгізілуіне байланысты, электронды үкімет порталындағы нормативті құжаттар заңды.

Сұрақ:

Жәмила

Өтініш білдіру №: 081020131629

Сәлеметсіздер ме! Мен сіздерге осының алдында да сұрақ қойған болатынмын және жауаптарыңызға қанағаттандым. Менің сіздерге тағы сұрақ қойғым келіп отыр.Мен спорт мектебінде әдіскер болып жұмыс істеймін және осының алдында мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген болатынмын. Білгім келгені осы мектептегі еңбек өтілім қазіргі жұмыс өтіліме қосылады ма? Рахмет!

Жауап:

Құрметті Жәмила!
Мектептегі еңбек өтілімі қазіргі жұмыс өтіліміне қосылады.

 

 

Сұрақ:

Сейткалиев Айбек

Өтініш білдіру №: 121120131651

Ассалаумағалейкум аса құрметті Ерлан Тоқтарханұлы! Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы ОРТАЛЫҒЫНДА СПОРТ МЕКТЕБІ жоқ. Аудан орталығында 8 мың халық тұрады, жасөспірімдер және жастардың баратын жері жоқ. Сізден осы мәселені шешіп беруінізді халықтың және спортшылардың атынан сұраймыз.

Жауап:

Құрметті спорт ардагерлері! Осындай спортқа деген жанашырлық, белсенді азаматтық көзқарас білдіріп отырғанызға ризашылығымызды білдіреміз. Ақтөбе облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының жоспары бойынша 2014-2015 жылдарға Әйтеке ауданының орталығында спорттық кешен салу жоспарланып отырғанын хабарлаймыз.

Сұрақ:

Сейткалиев Айбек

Өтініш білдіру №: 221020131637

Ақтөбе облысы Әйтеке би аудан орталығында 8000 халық бар, 20 жылдан  астам уақыт болды аудан орталығында БЖСМ жоқ. Электросетьтің қуықтай залында  жас- жеткіншектер  дайындалып келеді. Осы  жағдайы жоқ жерден қазақ күресінен әлемнің  екі дүркін чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қисықов Бақтыбай шыққан. Үстіміздегі жылы қаралып жатқан заңда айтылған 3000 мыңнан халық саны асса 380 млн тенгенің  көлемінде «шағын спорт  кешеңі» салыну керек деп айтылған. Алдағы 2014 жылы біздің Әйтеке би аудан орталығынан «шағын спорт  кешеңі» салуға!
>    ықпал етуіңізді сұраймыз.
> Құрметпен: Бір топ спорт ардагерлері және халықтың атынан сұраймыз.

Жауап:

Құрметті спорт ардагерлері! Осындай спортқа деген жанашырлық, белсенді азаматтық көзқарас білдіріп отырғанызға ризашылығымызды білдіреміз. Ақтөбе облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының жоспары бойынша 2014-2015 жылдарға Әйтеке ауданының орталығында спорттық кешен салу жоспарланып отырғанын хабарлаймыз.

Сұрақ:

Саят

Өтініш білдіру №: 191020131635

Құрметті төраға! Спорт мектептері қызметкерлерінің үлгі штаттары қандай нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жасалынады және қосымша лауазым штат бірліктері қандай нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес енгізіледі. Сонымен қатар, спорт мекемелерінің лауазымдық штат бірліктері бойынша Агенттіктің қазіргі таңдағы бұйрығы.

Жауап:

Құрметті Саят! Спорт мектептерінің лауазымдары «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 қаулысына сәйкес бекітіледі.

 

 

Сұрақ:

Азиза

Өтініш білдіру №:161020131633

Сәлеметсіздер ме? 2013 жылы балаларды спорттық топқа республикалық қабылдау нормативтері қандай? 7-18 жас аралығындағы балаларды спорт мектепке қабылдау үшін.

Жауап:

Құрметті Азиза! Спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу үддерісінің ұйымдастырылуы, оның ішінде ір кезенгі спорт дайындығына және жас ерекшелігіне қойылатын талаптар, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 28 қыркүйектегі бұйырығымен бекітілген. Бұл бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2013 ж. 17 қаңтарда № 8282 тіркелген.

 

 

Сұрақ:

Тұрсынқұлов Дәулетбек Лесұлы

Өтініш білдіру №:100920131612

Үлгілік қосымша білім берудің оқу бағдарламасын» БЖСМ-ге қайдан алуға болады, интернеттен жалпы білім беретін мектептер мен оқу орындарының оқу бағдарламалары бар екен. Ал спорт мектептерінікі табылмай жатыр. Өтініш қайдан алауға болады.

Жауап:

Құрметті Дәулетбек Лесұлы!
Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң қызметiн ұйымдастыру тәртібі «Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң қызметiн ұйымдастыру қағидаларын және олимпиадалық резервтiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер мектептерiнiң қызметiн ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнің 2012 жылғы 28 қыркүйектегi № 287 бұйрығымен реттеледі (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2013 жылы 17 қаңтарда
№ 8282 тiркелдi).
Осы нормативтік-құқықтық акті «www.adilet.zan.kz» интернет-сайтында және «Заң» заңды базасында орналасқан.
Сондай-ақ, балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнде дамып жатқан әртүрлі спорт түрлері бойынша оқу құралдары мен бағдарламалары шығарылатындығын хабарлаймыз.
Осыған байланысты, кейбір спорт түрлері бойынша бекітілген оқу құралдары мен бағдарламалары бар екендігін (мысалы, бокстан, нысана көздеуден, көркем гимнастикадан, байдарка мен каноэде есуден, қазақ күресінен, тоғызқұмалақтан, каратэ-додан, қоян қолтық ұрысынан, спорттық бағдарлаудан, президенттік көпсайыстан (полиатлон) және басқа да спорт түрлерінен), қалған спорт түрлерінен жұмыс жалғасып жатқанын атап өту қажет.

 

 

Сұрақ:

Тұрсынқұлов Дәулетбек Лесұлы

Өтініш білдіру №: 050920131608

Ассаламағалейкум.
>  Қосымша білім берудің оқу бағдарламасын қайдан аламыз. жоқ алде әр мектеп өзінше жазама. осыны анықтап беріңіздерші өтініш.

Жауап:

Құрметті Дәулетбек Лесұлы!
Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң қызметiн ұйымдастыру тәртібі «Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнiң қызметiн ұйымдастыру қағидаларын және олимпиадалық резервтiң мамандандырылған балалар мен жасөспiрiмдер мектептерiнiң қызметiн ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгiнің 2012 жылғы 28 қыркүйектегi № 287 бұйрығымен реттеледі (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2013 жылы 17 қаңтарда
№ 8282 тiркелдi).
Осы нормативтік-құқықтық акті «www.adilet.zan.kz» интернет-сайтында және «Заң» заңды базасында орналасқан.
Сондай-ақ, балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiнде дамып жатқан әртүрлі спорт түрлері бойынша оқу құралдары мен бағдарламалары шығарылатындығын хабарлаймыз.
Осыған байланысты, кейбір спорт түрлері бойынша бекітілген оқу құралдары мен бағдарламалары бар екендігін (мысалы, бокстан, нысана көздеуден, көркем гимнастикадан, байдарка мен каноэде есуден, қазақ күресінен, тоғызқұмалақтан, каратэ-додан, қоян қолтық ұрысынан, спорттық бағдарлаудан, президенттік көпсайыстан (полиатлон) және басқа да спорт түрлерінен), қалған спорт түрлерінен жұмыс жалғасып жатқанын атап өту қажет.

 

 

Сұрақ:

Балтабек Халық

Өтініш білдіру №: 270820131603

«Дене шынықтыру және спорт туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы  жобасына ұсыныс р/с Жобадағы редакция Ұсынылатын редакция Ескертпе
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1 4) бұқаралық спорт — дене жаттығуларымен айналысуға тарту және спорттың әр түрiндегi талантты спортшыларды анықтау мақсатында халық арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететiн бұқаралық спорт қозғалысын бiлдiретiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi; 4) бұқаралық спорт — дене жаттығуларымен айналысуға тарту және спорттың әр түрiндегi талантты спортшыларды анықтау мақсатында халық арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететiн бұқаралық спорт қозғалысын бiлдiретiн дене шынықтырудың бiр түрі;
2 10) әскери қызметшілердің дене тәрбиесі даярлығы –қоршаған ортаның физикалық факторларындағы өзгерістерді ескере отырып, әскери қызметтің ерекшеліктерімен және жауынгерлік міндеттерді орындаумен байланысты әскери қызметшілердің ағзасының әр түрлі жағдайларға тұрақтылығын арттыру мақсатында өткізілетін әскери дайындықтың негізгі пәні;
10) әскери қызметшілердің дене тәрбиесі даярлығы –қоршаған ортаның физикалық әсерін ескере отырып, әскери қызметтің ерекшеліктерімен және жауынгерлік міндеттерді орындаумен байланысты әскери қызметшілердің ағзасының әр түрлі жағдайларға тұрақтылығын арттыру мақсатында өткізілетін әскери дайындықтың негізгі пәні;
3 13) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган — дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
13) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган — дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Себебі, 2-бапта Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясат қағидаттары белгіленген.
7-бап. 1-т. 2) құзыретіндеде жазылған.
4 21) жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы- кәсіптік білімі бар және спорт түрі бойынша аттестаттаудан өткен, спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және және оның спорттық нәтижелерге қол жеткізуі үшін жарысушылық қызметіне басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;
21) жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы- кәсіптік білімі бар және спорт түрі бойынша аттестациялаудан өткен, спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және оның спорттық нәтижелерге қол жеткізуі үшін жарысушылық қызметіне басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға; Заң жобасының барлық мәтінінде аттестаттау сөзін аттестациялау сөзіне ауыстыру қажет
5 25) кәсiпқойлық спорт — спорттық ойын-сауық iс-шараларының экономикалық тиiмдiлiгiн және жоғары ақпараттық-көңiл көтеру құндылығын көздейтiн спорттық-кәсiпкерлiк қызмет;
26) кәсiпқойлық спорт — спорттық ойын-сауық іс-шараларды (жарыстарды) ұйымдастыру мен өткізуге бағытталған спорттың құрамдас бөлігі, онда спортты кәсіби (еңбек) қызмет ретінде таңдаған спортшылар дайындалғаны және қатысқаны үшін еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы (сыйақы) алады;
25) кәсiпқойлық спорт — спорттық ойын-сауық iс-шараларының экономикалық тиiмдiлiгiн және жоғары ақпараттық-көңiл көтеру құндылығын көздейтiн спорттық-кәсiпкерлiк қызмет;
26) кәсiби немесе кәсіптік спорт — спорттық ойын-сауық іс-шараларды (жарыстарды) ұйымдастыру мен өткізуге бағытталған спорттың құрамдас бөлігі, онда спортты кәсіби (еңбек) қызмет ретінде таңдаған спортшылар дайындалғаны және қатысқаны үшін еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы (сыйақы) алады;
6 35) спорт – жарыс әрекетінің, спортшыларды жарыстарға қатысуға даярлаудың (зияткерлік қабілеттерінің) ерекше нысаны болып табылатын дене шынықтырудың бiр бөлiгі;
36) спорт — дене шынықтырудың органикалық бөлігі, спорттық нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жарыстарға және жарыс қызметіне дайындығының арнайы практикасы нысанында қалыптасқан адамдардың спорт түрлерінен жетістіктерін көрсету мен сәйкестендіре салыстырудың ерекше саласы. Осы қызмет оқу-жаттығу және тәрбие процесімен, сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық-білім, ғылыми-әдістемелік, медициналық, материалдық-техникалық және басқа жағдайлармен қамтамасыз етіледі;
35) спорт – жарыс әрекетінің, спортшыларды жарыстарға қатысуға даярлаудың (зияткерлік қабілеттерінің) ерекше нысаны болып табылатын дене шынықтырудың бiр түрі, дене шынықтырудың органикалық бөлігі, спорттық нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жарыстарға және жарыс қызметіне дайындығының арнайы практикасы нысанында қалыптасқан адамдардың спорт түрлерінен жетістіктерін көрсету мен сәйкестілігін салыстырудың ерекше қызмет саласы. Осы қызмет оқу-жаттығу және тәрбие процесімен, сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық-білі?!
ғылыми-әдістемелік, медициналық, материалдық-техникалық және басқа жағдайлармен қамтамасыз етіледі;
7 54) спорттық пән – айрықша белгілері бар және өзінде бір немесе бірнеше жарыс (бағдарлама) түрлерін қамтыған спорт түрінің бөлігі; 54) спорттық пән – бір немесе бірнеше жарыс (бағдарлама) түрлерін қамтыған спорт саласындағы оқу, жаттығулар жиынтығы;
8 56) жаттықтырушыны, спорт дәрігерін шеттету – жаттықтырушыны, спорт дәрігерін спортта тыйым салынған құралдарды (допингті) және (немесе) әдістерді (бұдан әрі – допингтік құралдар және (немесе) әдістерді пайдаланғаны үшін, халықаралық спорт ұйымдары бекіткен нормаларды және республикалық қоғамдық бірлестіктердің, спорт федерацияларының бекіткен нормаларын бұзғаны үшін өздерінің еңбек (кәсіби) қызметінен шеттету; 56) жаттықтырушыны, спорт дәрігерін шеттету – жаттықтырушыны, спорт дәрігерін спортта тыйым салынған құралдарды (доп?!
нгті), (бұдан әрі – допингтік құралдар) және (немесе) әдістерді пайдаланғаны үшін, халықаралық спорт ұйымдары бекіткен нормаларды және республикалық қоғамдық бірлестіктердің, спорт федерацияларының бекіткен нормаларын бұзғаны үшін оларды атқаратын (кәсіби) қызметінен шеттету;
9 8-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың денешынықтыру және спорт мәселелерi жөнiндегi құзыретi
Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы:
9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт шараларын ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
8-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың денешынықтыру және спорт мәселелерi жөнiндегi құзыретi
Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы:
9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт шараларын ұйымдастырады және өткiзеді;
10 8-бап. 2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:
8) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi; 8-бап. 2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:
8) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастырады және өткiзедi;
11
9-бап. Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спорт субъектiлерi
Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спорт субъектiлерiне:
10) дене шынықтырумен айналысатын азаматтар, спортшылар және олардың ұжымдары (спорт командалары), спорт төрешілері, жаттықтырушылар және дене шынықтыру және спорт саласындағы атқарушы биліктің федералды органы бекіткен осындай мамандықтардың тізбесіне сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де мамандар жатады. дене шынықтыру және спорт саласындағы атқарушы биліктің федералды органы — қалай түсінуге болады? Бізде федерациялар қоғамдық ұйым емеспе, ол билікке бағынышты емес қой.
Олай болса қоғамдық ұйымдар қалайша мамандықтардың тізбесіне сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де мамандарды бекітеді.
Ал егерде конституциялық құрылымымызға қатысты болса Қазақстан Федеративтік мемлекет емес.
12
20-бап. Мүгедектер мен ойлау және физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін дене шынықтыру және спорт
3. Мүгедектер мен ойлау және физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың дене шынықтыру және спорт сабақтарын ұйымдастыру, кадрлар даярлау, әдістемелік, медициналық қамтамасыз ету және мүгедектер мен ойлау және физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың дене шынықтыру және спорт сабақтарына дәрігерлік бақылау жасау білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қолдау, дене шынықтыру және спорт органдарына жүктеледі.
20-бап. Мүгедектер мен ойлау және физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін дене шынықтыру және спорт
3. Мүгедектер мен ойлау және физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың дене шынықтыру және спорт сабақтарын ұйымдастыру, кадрлар даярлау, әдістемелік, медициналық қамтамасыз ету және мүгедектер мен ойлау және физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың дене шынықтыру және спорт сабақтарына дәрігерлік бақылау жасау жергілікті және орталық атқарушы органдарға, (әкімдерге, қаржы, білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қолдау, спорт және дене шынықтыру) жүктеледі.

Жауап:

Құрметті Балтабек Сағындықұлы!
Заң жобасы ү.ж. 31 шілде күні Қазақстан Республикасының Премьер-Министр Кеңсесіне енгізілгеніне байланысты, сіз ұсынған ұсыныстарды қарастыруға мүмкін болмай отыр. Алайда көрсетілген ұсыныстар Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінде заң жобасын қарастырғанда ескерілетін болады.

 

Сұрақ: 

Марат Әзімханов Кенжеханұлы

Өтініш білдіру №: 2806201312

Құрметті Ерлан Тоқтарханұлы! Мен өзім ШҚО, Аякөз ауданы Таңсық ауылының тұрғынымын. Қазір Алматы қаласында Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкермін. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін (2006), Қайнар университетін (2009) магистратураны аяқтадым. Қазір ғылыми жұмыстармен және Республикалық «Ар ілімі» жасөспірімдер журналын шығарамыз. Бас редакторы филол.ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Ісімақова.
> Сонымен қатар жақында Қабанбай батырға арналған анимациялық фильм жасап шығару жоспарлануда. Алайда оған қаражат қажет болғандықтан бұл жұмыс тоқтап тұр. Егер қаражат болса Қабанбай батыр фильмін 3D форматында жасап шығара аламыз.
> Құрметті Ерлан Тоқтарханұлы! Біздің сізден сұрайтынымыз Қабанбай батыр анимациялық жобаға мемлекет тарапынан қолдау көрсетуіңізді сұраймыз.

Жауап:

Құрметті Марат Кенжеханұлы, аталған мәселе Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі құзыретіне жатпайды, осыған орай Қабанбай батыр туралы фильмді 3 D форматында жасап шығару бойынша ұсынысты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолдауыңызды ұсынамыз.

 

Сұрақ.  

Гульжамал

К.Ахметов атындағы дарынды оқушыларға арналған спорт-мектебі жанынан колледж бар ма, оған 11 сынып бітірген оқушылар қабылдана ма? Немесе мектепке 11 сынып бітіргендер қабылдана ма?

Жауап.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы  № 1109 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің «Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі» болып қайта аталды.

Интернатқа 7 сыныптан 11 сыныпқа дейін қабылдау жүргізіледі. 10-11 сыныптарының оқушыларына келесі талаптар қойылады:

-  Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшесі, Қазақстан Республикасының чемпионаттарының жүлдегері және спорт шебері атағы бар спортшы.

Колледждің 1-ші курсына 11 сыныпты бітірген, біріңғай ұлттық тестті тапсырған және спорттық дәрежесі спорт шеберіне үміткер атағынан төмен емес спортшы түсе алады.

Толық ақпаратты келесі анықтама телефондары арқылы біле аласыз:                          8 727 394 45 10, факс 8 727 394 44 72. Мекен жайы: Алматы қ. Байзақов көшесі 238.  

 

Сұрақ: Makpal

Өтініш білдіру №: 010720131568

1. Азия чемпионатына қатысқан спортшыларға тәуліктік шығын қандай мөлшерде төленеді? Қай заңды құжатқа сілтеме бере аласыз?

2.  Жаттықтырушы спорт мектебінде бір бірлік әдіскер-нұсқаушы болып және жарты бірлік бапкер болса, Азия чемпионатына қатысқан шәкірті 2ші орын алса жаттықтырушыға қосымша ақы төленеді ме?  Төленген жағдайда еңбекақыдан неше пайыз?

 

Жауап 1:

Әлемдік спорттық тәжірибиеге сәйкес ірі жарыстар (Әлем, Азия, Еуропа чемпионаттары және т.б.) жарыстарды ұйымдастырушылар бекіткен Турнирлерді өткізу туралы ережеге сәйкес өткізіледі.

Осы Ережелерде сондай-ақ қаржы мәселелері туралы жазылған, онда шетелдік делегацияларға қонақ үйлерде тұру, тамақтану, көлікпен жүру және т.б. шығындар көрсетілген.

Осыған байланысты, шетелде өткізілетін Азия чемпионатының қатысушыларына тәуліктік шығындар төлеу Турнирлерді өткізу туралы ережелерде көрсетілен қаржы шарттарына сәйкес болатынын хабарлаймыз.

Жауап 2:

Халықаралық және республикалық жарыстарда жүлделі орындарды иеленген спортшыларды дайындағаны үшін жаттықтырушыларға мына нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес қосымша төлем беріледі:

– «Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы;

– «Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшiлерiне еңбек жағдайлары үшiн қосымша ақыларды төлеу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру iстерi агенттiгi төрағасының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 438 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2013 жылы 17 қаңтарда № 8274 тiркелдi).

Осыған байланысты, аталған қаулының 9-қосымшасына сәйкес спорттық мектептерде жұмыс істейтін және Азия чемпионатының күміс жүлдегерлерін дайындаған жаттықтырушы-оқытушыларға қызметтік еңбекақыдан 30 % көлемінде қосымша төлем берілуі тиіс.

Сондай-ақ, Дене шынықтыру және спорт азаматтық қызметшiлерiне еңбек жағдайлары үшiн қосымша ақыларды төлеу қағидаларының
10-тармағының 1) тармақшасына сәйкес:

1) қосымша төлемдер аталған деңгейдегi келесi жарысты өткiзгенге дейiн беріледі;

2) егер спортшымен екi немесе одан көп жаттықтырушы жұмыс iстейтiн жағдайда, тиiстi спорт түрi бойынша қосымша ақының жыл қорытындысы бойынша жалпы пайыздық мөлшерi жаттықтырушылардың санына бөлiнедi

 

Сұрақ: Лаззат

Саламатсыздарма! Мен1 толгандырып журген Казахстанда осы худ. гимнастикага арналган арнайы Ресейдег1 И.Винерд1н мектеб1 сиякты б1р улкен чемпиондарды дайындайтын мектеп неге ашпаска?! Т1пт1 Алия Юсупова мен А.Алябьевалар сол Ресейге барып дайындалган. Осы спорт саласына каншалыкты кон1л бол1нген Казахстанда? Оларга айлык жалакы толенед1 ма? Тагы б1р усыныс рет1нде ест1ген1м жарыстарга жол акысын ата анасы толеу1 м1ндетт екен соны жартылай болса да мемоекет тарапынан комек болса деген ой…

 

Жауап:

Құрметті Лаззат!

         Көркем гимнастика бойынша айтар болса қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының спортшылары аталған спорт түрі бойынша әлемнің ең мықты деген 10-да табылады және Азияда спортшыларының ішінде көш бастап келеді. Республиканың аймақтарында көркем гимнастикадан 19 бөлім жұмыс жасайды. Жалпы Қазақстанда 2012 жылдың қорытындысы бойынша 2223 адам жаттығады.

Жоғарыда айтылғанды еске отырып Қазақстандық көркем гимнастикамен айналысатын спортшылар Ресейде дайындалмайды, шетелге спортшыларымыз халықаралық жарыстарға дайындық кезінде оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. (Ресей, АҚШ, Қытай т.б. спорттық іс-шаралар күнтізбе жоспарына сәйкес).

Сондай-ақ республикалық жарыстарға Облыстық спорт және  дене шынықтыру басқармалары және халықаралық жарыстарға Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві РМҚК есебінен шығынданады.

Сондықтан Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына енген жарыстардың іс-сапар шығындарын  аталған мекемелер өтейді.

 

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »