ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

Дене шынықтыру

Сұрақ: Нұрлыбек

Өтініш  №: 150830131600

Құрметті Қожағапанов Ерлан Тохтарханұлы! Мен Хайруллин Нұрлыбек Сұлтанбекұлы -Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің   2012 жылғы түлегімін, 2012 жылғы Астана қаласында өткен Белбеу күресінен Әлем чемпионатында 62 кг салмақ  дәрежесінде қазақ ұлтынан шыққан тұңғыш Әлем чемпионы болдым және де Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атандым. Сол чемпион болған кезімде маған ай сайын 75000 теңге көлемінде сыйақы 2013 жылдын қаңтар айынан бастап 1 жыл бойына беріледі деп уәде еткен! Енді мен, міне  2013 жылдын тамыз айы болды!
>  , әлі де бірде-бір сыйақы алғаным жоқ! Енді осы іске өзіңіздің араласуыңызды сұраймын! Және де «Халықаралық дәрежедегі спорт шеберіне» ай сайын қанша төленетінін және төленген жағдайда неге берілмей отырғанын білгім келеді! Мен үлкен спортты тастағаным жоқ, әлі де қатысып жүлдегерлер қатарынан көрініп жүрмін. Мен қазір Ақтөбе қаласында тұрамын. Сіздін спорт саласының тізгінін ұстап отырған жұмысыңызға толағай табыс тілеймін! Ел спорты, бұқаралық спорт дами берсін дегім келеді! Сізге үлкен үміт артамын! Алдын-ала рахметімді айтамын!

Жауап:

Сіздің сұрағыңызды мұқият қарап, келесіні хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрінде өмір бойы төлем төлеудің ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1247 қаулысына сәйкес айқындайды.
Спорттың олимпиадалық түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының және (немесе) КСРО құрама командаларының құрамында болған және кемiнде жиырма жыл еңбек стажы бар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын спортшылар мен жаттықтырушыларға материалдық қамсыздандыру мынадай мөлшерде төленедi:
1) Олимпиада ойындарының чемпиондары және (немесе) жүлдегерлерi және (немесе) спорттың олимпиадалық түрлерi бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңiп алғандарға және «КCPO-ның еңбек сiңiрген спорт шеберi» және (немесе) «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi» атағы барларға — 24,0 айлық есептiк көрсеткiште.
Материалдық қамсыздандыру дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) бюджеттiк бағдарламалары арқылы республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен төленедi.

Сұрақ: Әкежан 

Аса Құрметті Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы! Мен тоғызқұмалақтан Шымкент қаласындағы ҚР жастар чемпионатына барып қатысып,18 жас (ұлдар)арасында тоғызқұмалақтың шапшаң түрінен III орын алған болатынмын.
Бұған дейін бірнеше дүркін аудандық,облыстық жарыстардың жүлдегері болдым.Спорт шеберіне үміткер атағын орындадым.Қазір Шығыс Қазақстан облысы,Тарбағатай ауданы,Қызыл-Кесік ауылында 11-сынып оқимын.Аты-жөнім — Рама-
занов Әкежан Еркінбекұлы.Агенттік тарапы-
маған қандай жоғары оқу орнындарыңа түсуге қандай көмек көрсете аласыздар.Егер көмек көрсетсеңіздер,сіздердің сенімдеріңізді ақтауға тырысамын!Басым аман денім сау болса,келешекте тоғызқұмалақтан Қазақстанның көк байрағын халықаралық байрақты бәсекелерде желбіретсем деген үлкен арманым бар.Сәлеммен,Шығыс Қазақстаннан Рамазанов.Ә.

Жауап:

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қызыл-Кесік ауылы, Әкежан Рамазановқа Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі (бұдан әрі — Агенттік) білім беру қызметіне қатысты, соның ішінде дене шынықтыру факультетіне түсу мәселелері Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің құзыретіне жататынын хабарлайды.

Сұрақ: Ренат

Өтініш  №: 03062013147

Саламатсыздар ма? менің көкейімдегі сұрақ қазақ құрамасы, неге қазақ балаларының құрамадан шет қалып жатады, сонда қазақ балаларының шеберлігі жоқ па? Беранек біраз жыл болды жаттықтырып жатканына нәтиже жоқ, мемлекеттік ақшасы ауаға кетип жатыр, қазақтың мықты- мықты ойыншылары бар неге солар ойнамасқа, өз елімізде өзіміз ойамасақ ұлтымызға сын, ұят. Соны ескеру керек

Жауап:

Құрметті Ренат!

Сіздің Қазақстан футболына қызығушылық танытып, пікіріңізбен бөліскеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз.
Футболдан Қазақстан Республикасы кұрама командасында қазіргі таңда ресми матчтарға 18 ойыншының 50 пайызынан көбі қазақ ұлтының өкілдері және Қазақстан Республикасының Конституциясының 14 — бабының 2 — тармағына сәйкес «Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық,және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды».

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »