ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

Спорт резерві және әдістемелік қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері
комитеті төрағасының
2015 жылғы 25 мамырдағы
№ 147 бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
Спорт резерві және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасы туралы<
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Спорт резерві және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасы (бұдан әрі — Басқарма) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі — Министрлік) Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің (бұдан әрі — Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және спорттық резерв дайындау мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Комитет туралы ережені, өзге де нормативтік құқықтық  актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

3. Басқарма өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін Комитетке бағынысты ұйымдармен және құрылымдық бөлімшелермен өзара қарым-қатынас жасайды.

4. Басқарманың құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Төрағамен келісілгеннен кейін Министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.

2. Басқарманың негізгі міндеттері мен функциялары

5. Міндет: спорттық резерв дайындау мәселелері бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

Функциялар:

1) жаңашыл нормативтік талаптар, оқу-жаттығу бағдарламалар, физикалық дайындау жүйелерін  және әдістемелер дайындауға қатысады;

2) аймақтардағы мектеп-интернаттар, ЖСШМ, БЖСМ-дегі спорттық резервті дайындау сапасына, даму желісіне сараптау және мониторинг жүргізеді.

6. Міндет: спорттық жетілдіру және жоғары спорт шеберлігі кезеңдерінде жоғары білікті спортшылардың оқу-жаттығу үрдісін жетілдіру бойынша ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс өткізуін үйлестіру.

Функция: жоғары спорт шеберлігі топтарын қарастыру және бекіту.

7. Міндет: олимпиадалық резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің, жоғары спорт шеберлігі мектептерінің, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, спорт колледжінің және спорттық медицина және оңалту орталығының жұмысын үйлестіру.

Функциялар:

1) олимпиадалық резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінде, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, спорт колледжінде спорт резервін дайындау бойынша жұмысты іске асырады;

2) олимпиадалық резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің, жоғары спорт шеберлігі мектептерінің, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің, спорт колледжінің және спорттық медицина және оңалту орталығының жұмыстарында стратегиялық, операциялық жоспарлар мен спорт саласындағы басқа да бағдарламалық құжаттарды іске асыруда мониторинг (талдау) жүргізеді.

8. Міндет: жаттықтырушылардың, жаңашыл-зерттеушілердің жұмысының практикалық тәжірибесін қорыту және алмасу, спорт кадрларын дайындау мен қайта даярлауды жетілдіру бойынша білім беру ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру.

Функция: дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауды, қайта даярлауды, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;

9. Міндет: басқарма мәселелері бойынша облыстық құрылымдық бөлімшелердің және басқа да ұйымдардың қызметін үйлестіру.

Функция: 5-ДШ (балалар-жасөспірімдер спорт мектептері), 7-ДШ (облыстық және республикалық мектеп-интернаттар), 8-ДШ (облыстық және республикалық жоғары спорт шеберлігі мектептері) нысандары бойынша спорт түрлерінің жағдайын және спорт резервін дайындау бойынша ведомстволық статистикалық бақылау жүргізеді.

10. Міндет: оқу-жаттығу процесін әдістемелік қамтамсыз ету және спорттық резерв дайындаудың қолданыстағы жүйесін жетілдіру.

Функциялар:

1) дене шынықтыру мен спорт саласындағы ғылыми зерттеулердi, олардың нәтижелерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дене шынықтыру және спорт практикасына енгiзудi ұйымдастыру және үйлестiру;

2) спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін спорт түрлері бойынша бағдарламаларды бекіту.

11. Міндет: Спортшыларға және жаттықтырушыларға жыл сайынғы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды тағайындау.

Функциялар:

1) материалдық қамсыздандыруды алуға халыққа қызмет көрсету орталықтарынан келіп түскен құжатарды қарау;

2) Комитетінің басшыларына материалдық қамсыздандыруды беру немесе беруден бас тарту туралы ұсынысты енгізу.

12. Міндет: БЖСМ, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінен, ЖСШМ үлгі штаттарды бекіту.

Функция: оқу-жаттығу процесін жетілдіру мақсатында үлгі штаттарға өзгерістер енгізу.

13. Міндет: Басқарманың құзырет шеңберінде нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу.

Функция: жетекшілік ететін салада заңға тәуелді нормативтік актілер бойынша норма шығармашылық қызметі.

14. Міндет: Басқарманың құзыреті шеңберінде кәсіби стандарттарды әзірлеу.

Функция: мемлекеттік органдармен және мүдделі ұйымдармен бірлесіп кәсіби стандарттардың жобаларын пысықтау.

 3. Құқықтары мен міндеттері

 15. Басқарма өз функцияларын жүзеге асыру және міндеттерін іске асыру мақсатында құқылы:

1) өз құзыреті шегінде Комитетке ведомстволық бағынысты мекемелердің жұмысын үйлестіреді және тексереді;

2) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы мәселелерді реттейтін бағдарламаларды, нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын, оларға түзету енгізу, бағдарламалық-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;

3) семинарлар, басқа да оқыту нысандарын ұйымдастыруға және жұмыс тәжірибе алмасуға қатысады;

4) қажеттілікке байланысты басқа бөлімдердің және ведомстволық бағынысты мекемелердің мамандары мен қызметкерлерін консультация және сараптама жүргізу үшін шақыра алады;

5) дене шынықтыру мен спорттың өзекті мәселелерін практикалық шешуге катысты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктерімен өзара іс-қимыл жүргізеді;

6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдардан өз функцияларын жүзеге асыруға қажетті ақпаратқа сұрау салады және алады;

7) басшылыққа қарауға Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар береді.

4. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

16. Басқарма заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі құқықтары мен міндеттерін іске асыру үшін қажет құзыретке ие.

17. Басқарманы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

18. Басқарма басшысы Басқарманың қызметін жаппай басқарады және басқармаға жүктелген міндеттерді орындау үшін және өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілік көтереді.

19. Басқарма басшысы:

1) Басқарма жұмысын Министрліктің Регламентіне және басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес ұйымдастырады;

2) Басқарма туралы ереже, сонымен қатар Басқарманың құрылымы және штат саны бойынша ұсыныстар енгізеді;

3) Комитет басшысының тапсырмаларын, жұмыс кестесін және іс-шара жоспарын уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;

4) қызметкерлерді марапаттау және тәртіптік жаза беру туралы ұсыныстар енгізеді.

 

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »