ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих

Заң басқармасы

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының
2015 жылғы 25 мамырдағы
№ 147 бұйрығымен бекітілді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің
Заң басқармасының
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Заң басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, басқа да нормативтік құқықтық актілерді және де осы Ережені басшылыққа алады.

3. Басқарманың құрылымын мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының келісімі бойынша Министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.

2. Басқарманың негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары

4. Міндетері:
1) Комитеттің қызметiнде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

2) өз құзыретінде нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;

5. Функциялары:

1) өз құзыретінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлейді;

2) дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық базаның жай-күйіне талдау және мониторинг жүргізеді;

3) өз құзыретті шегінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінен және мемлекеттік органдардын келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобасына сараптама жүргізеді және келіседі;

4) Басқарма өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және заңнаманы қолдануға қатысты мәселелер бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

5) Комитеттің арыз — шағым жұмысын, жұмыстың жай-күйіне талдау жүргізуді, талап қою арыздарын ұсыну және қарастыру аясында кемшіліктерді жою бойынша Комитеттің басшылығана ұсыныс әзірлеуді және енгізуді жүзеге асырады;

6) Басқармаға құрылымдық бөлімшелерден және мемлекеттік органдардан келіп түскен нормативтік құқықтық актілердің жобаларын құқықтық сараптама өткізу;

7) Сотта, сондай-ақ құқықтық мәселелерді қарастыруды кезінде басқа да органдар Комитеттің мүдесін білдіреді;

8) Комитетінің бұйрықтарын тіркеуді жүзеге асырады;

9) Басқарманың құжаттарын есепке алуды және сақтауды жүзеге асырады, оларды Министрліктің мұрағатына сақтауға жібергенге дейін құжаттардың жағдайы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

10) Комитетің құрылымдық бөлімшелерінде және ведомстволарында қолданыстағы заңнаманы насихаттау бойынша іс-шараны әзірлеу, құқықтық жалпыға оқытуды ұйымдастыру;

11) Комитетің құрылымдық бөлімшелерімен құқықтық жұмысты мәселесі бойынша іс тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету;

12) тиісті салаларда Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейді.

6. Құқықтары және міндеттері:

1) мемлекеттік органдардың және ұйымдардың өткізетін дене шынықтыру саласын дамыту мәселесі бойынша жиналыстарда, курстарға, семинарларға, конференцияларға қатысу;

2) уәкілетті мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан өз функцияларын атқару үшін қажетті ақпарат сұраға және алуға;

3) кеңестер мен сараптамалар өткізу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардан белгіленген тәртіпте мамандарды тартуға;

4) нормативтік құқықтық актілер әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізуге немесе осындай актілердің бастама жобаларын уәкілетті органның қарастыруына беруге;

5) Басқармаға жүктелген міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

3. Басқарма қызметін ұйымдастыру

7. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

8. Басқарманы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басқарма басшысы басқарады.

9. Басқарма басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуын және өз функцияларының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін дербес жауапты болады;

10. Осы мақсатта басқарма басшысы:

1) Министрдің, Вице-министрдің, Жауапты хатшының, Комитет төрағасының, Комитет төрағасының, тапсырмаларын белгіленген мерзімде сапалы орындалуын ұйымдастырады, сондай-ақ басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен қажетті құжаттар мен мәліметтерді дайындауға қатысуды қамтамасыз етеді;

2) белгіленген тәртіптен кадрларды іріктеу және орналастыру, басқарма қызметкерлерін көтермелеу мәселелері, сонымен қоса бекітілген талаптарды бұзуға жол бергендігі үшін қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстарды әзірлейді және ұсынады;

3) Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерің көлемін белгілейді;

4) Министрлікте қолданыстағы жалпы іс жүргізу нұсқаулығына сәйкес, басқармада жедел іс жүргізуді қамтамасыз етеді;

5) белгіленген тәртіптен Министрліктің алқа отырыстарына, сонымен қатар Министрлік басшылығы өткізі басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестерге қатысады;

6) лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес басқа да функцияларды орындайды.

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »