ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

KazSport арнасының тікелей эфирінде — Шүменов пен Хопкинс

KazSport спорт арнасы жартылай ауыр салмақтағы қазақстандық Бейбіт Шүменов пен америкалық Бернард Хопкинс арасындағы чемпиондық атақтарды біріктіретін кездесуді бокс жанкүйерлеріне тікелей эфирден көрсетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды «Массагет«.

«Аталған кездесуді тарату жөніндегі келісім сәтті аяқталды. Вашингтоннан таратылатын трансляция KazSport арнасының тікелей эфирі мен Интернеттегі арнаның ресурсында көрерменге жол тартпақ. Бокс кеші сағат 17:00-де басталады. Бұл кезде Астанада 20 сәуір, сағат 03:00 болады. Яғни айырмашылық тоғыз сағатты құрайды. Біз жоспарланған барлық кездесулерді көрсетпекпіз. Андеркарттан бастап (көрермендер үшін негізгі жекпе-жек алдындағы қыздырыну кездесулері) Шүменов-Хопкинс арасында өтетін кештің басты оқиғасы толығымен қамтылмақ»,-деп мәлімдеді телеарна директоры Диас Ахметшәріп.

Одан бөлек, «Қазақстан» ұлттық телеарнасы да Бейбіт Шүменов пен Бернард Хопкинс арасындағы чемпиондардың кездесуін көрермендерге 20 сәуір күні сағат 12:00-де қайталау түрінде ұсынады.

Естеріңізге салар болсақ, жартылай ауыр салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы, 31 жастағы Бейбіт Шүменов пен IBF белбеуінің иесі, 49 жастағы Бернард Хопкинс арасындағы жекпе-жек 19 сәуір күні АҚШ астанасы Вашингтонда өтеді. Букмекерлік кеңселердің пікірінше, бұл кештің фавориті Бернард Хопникс болып отыр. Дәлірек айтсақ, олар америкалық боксшының жеңісіне 1.46 коэффициент берсе, Шүменовтің жеңісі 3 коэффициентке бағаланды. Ал егер қос боксшы тең түсіп жатса, осы оқиғаға тіккен сомаңыз 30 есе көбейеді.

 Басты сөздер: Телевидение Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=14859

Сұхбат

20180705173502

Фируза Шарипованың 4 тамызға жоспарланған кездесуі кейінге шегерілді

Июл 27 2018

Екі салмақ дәрежесінде кәсіби бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың Мириам Гутьерасспен межелеген кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы қазақстандық спортшының баспасөз-қызметі хабарлайды. Бокс кеші Санкт-Петербургтегі М-1 Аренда 4 тамызда  өтуі тиіс Далее »