ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Қазақстандық Ю.Галышева Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Ю.Галышева
Австрияның Крайшберг тау шаңғысы шипажайында фристайлдан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы қыз Юлия Галышева қола жүлдеге қол жеткізді.

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, жұптық могулден американдық Ханна Кирни әлем чемпионы атанса, канадалық Жюстин Дюфур-Лапойнт күміс жүлден иеленді. Юлия үшінші орын үшін бәсекеде атышулы апалы-сіңлілердің бірі Хлоя Дюфур-Лапойнттен басым түсті.

Бұған дейін осы әлем біріншілігінде могулден өткен жарыста Юлия бесінші орынды иеленді.

Еске сала кетейік, 2014 жылғы 13 желтоқсанда Финляндияда өткен Әлем кубогі кезеңінде жұптық могулден Ю.Галышева жартылай финалда Ханна Кирниді, финалда дәл осы Хлояны ұтып, жеңімпаз атанған болатын. Өткен жылғы Сочи Олимпиадасында төрешілердің төмен баға қоюынан жүлделі орынға іліге алмаған қазақстандық могулші шеберлігін осылайша дәлелдеп келеді.

 

 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=19727

Сұхбат

20180705173502

Фируза Шарипованың 4 тамызға жоспарланған кездесуі кейінге шегерілді

Июл 27 2018

Екі салмақ дәрежесінде кәсіби бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың Мириам Гутьерасспен межелеген кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы қазақстандық спортшының баспасөз-қызметі хабарлайды. Бокс кеші Санкт-Петербургтегі М-1 Аренда 4 тамызда  өтуі тиіс Далее »