ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Қырымбек Көшербаев Азия чемпионы Дәулет Ниязбековты жеңісімен құттықтап, қолдау көрсететінін жеткізді

Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев еркін күрестен Азия чемпионы Дәулет Ниязбековті қабылдады. Сыр елінің тумасы жақында Катардың Доха қаласында өткен Азия чемпионатында алтын медаль иеленіп, еліміздің Туын көкке көтерді. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Дәулет Ниязбеков 1989 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. 10 жасынан күреспен айналысқан ол Қазақстан Республикасының ересектер арасында 5 дүркін жеңімпазы, Азия чемпионатының 2 мәрте қола жүлдегері. Оның бүгінгі алған жүлдесі — қоржынындағы алғашқы алтыны. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Дәулетті жеңісімен құттықтап, бұл үлкен жеңістердің бастамасы болсын деп тілегін айтты.

- Биыл спортшыларымыз әлемдік ареналарда көптеген жоғары табыстарға қол жеткізуде. Соның бір дәлелі — Дәулеттің жеңісі. Сыр жұртшылығы атынан Дәулет інімізді жеңісімен құттықтап, алдағы байрақты бәсекелерде Тәуелсіз еліміздің көк Туын биікке желбірете беруін тілеймін. Ал біз өз тарапымыздан барлық жағдай жасап, қолдау көрсетуге дайынбыз, — деген аймақ басшысы палуанға қаржылай сыйлық табыс етті.

Өз кезегінде Азия чемпионы Д.Ниязбеков көорсетіліп отырған құрметке алғысын білдіріп, алдағы бәсекелерде жеңіске жету үшін бар күш-жігерін аямайтындығын жеткізді.

Сыр спортшыларының мұндай биік белестерден көрінуі спортқа деген қолдаудың артып отырғандығының дәлелі. Қазірде аймақ халқының 24,5 пайызы бұқаралық спортпен шұғылданады.

Айта кетейік, биыл Қызылорда қаласында бокс орталығы мен ипподром, Нағи Ілиясов ауылында стадион мен спорт кешені, Қазалы, Жаңақорған аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері халық игілігіне пайдалануға беріледі. Қала орталығында 4 дүркін Әлем чемпионы, 2 дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин атындағы ауыр атлетикадан спорт кешенінің құрылысы, сондай-ақ 3 мың орындық жабық футбол манежі бой көтереді.

 

Автор: Елубай Әуезов   
 Басты сөздер: Қызылорда облысы Әкім Спорт
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат
Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=21366

Сұхбат

20180705173502

Фируза Шарипованың 4 тамызға жоспарланған кездесуі кейінге шегерілді

Июл 27 2018

Екі салмақ дәрежесінде кәсіби бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың Мириам Гутьерасспен межелеген кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы қазақстандық спортшының баспасөз-қызметі хабарлайды. Бокс кеші Санкт-Петербургтегі М-1 Аренда 4 тамызда  өтуі тиіс Далее »