ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Атақты боксшы, әлем чемпионы Хабиб Нұрмагомедов Қазақстанда шеберлік сабағын өткізеді

5 маусым күні сағат 12.00-де «Қазмедиа орталығы» ғимаратының 11-қабатында Қазақстанның ММА Федерациясы қазақстандық бірінші спорт арнасы «Қазспорт» телеарнасымен бірлесе отырып, күрес самбосы бойынша әлем чемпионы, UFC боксшысы Хабиб Нұрмагомедовтың қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізеді, деп хабарлады «Қазақстан» ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, Х.Нурмагомедов Қазақстанда алғаш рет ММА техникасы бойынша (аралас жекпе-жек) шеберлік сабағын көрсетеді. «Қазспорт» телеарнасы аталған семинарды өзінің телевизиялық хабарларында жпариялайды.

Әлемдік ММА жұлдызының семинары 5 маусым күні сағат 18.00-де Астана қаласындағы «Еуразия» спорт кешенінің ғимаратында (Дүкенұлы көш., 18) және 6 маусым күні сағат 11.00-де Алматы қаласындағы жоғары спорт шеберлігінің мамандырылған мектебінде (Ақсай-1 ықшам ауданы, 10 үй) өтеді.

Хабиб Нурмагомедов — Ultimate Fighting Championship қамқоршылығымен күрестің аралас түрлеріндегі кәсіби боксшы, жеңіл салмақта өнер көрсетіп, әлемдік үздік боксшылардың екінші кезеңінде тұр. Ресей чемпионатының жеңімпазы, қол күресі бойынша Кубок иегері және Еуразия чемпионы, Ресей чемпионы, күрес самбосы бойынша әлемнің екі дүркін чемпионы, панкратион бойынша Еуропа чемпионы,  NAGA Grappling нұсқасы бойынша грепплинг бойынша әлем чемпионы. M-1 Global-дың бірнеше турнирлеріне қатысты. 22 кәсіби күресті жеңіліссіз аяқтады. Жеңіл салмақтағы UFC үздік боксшыларының ондығына кіреді.

ММА (Mixed Martial Arts) аралас күрес жекпе-жегі — бүгінде Қазақстан Республикасында үлкен қарқынмен дамып келе жатқан спорт түрі болып табылады. ММА танылған спорт түрі ретінде 2013 жылы ғана ресми мәртебені иеленгеніне қарамастан, Қазақстанның ММА Федерациясының күш салуымен Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасының спортшылары халықаралық деңгейде мойындалып, Қазақстан әлемдік рейтингте екінші орынды, ал Азия құрлығында бірінші орынды иеленіп, ММА әлемдік элитасының құрамына енді.

 

 

 Басты сөздер: Астана Алматы Спорт Телевидение
Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=21629

Сұхбат

20180705173502

Фируза Шарипованың 4 тамызға жоспарланған кездесуі кейінге шегерілді

Июл 27 2018

Екі салмақ дәрежесінде кәсіби бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың Мириам Гутьерасспен межелеген кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы қазақстандық спортшының баспасөз-қызметі хабарлайды. Бокс кеші Санкт-Петербургтегі М-1 Аренда 4 тамызда  өтуі тиіс Далее »