ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Оңтүстіктің атын шығарған балуандар марапатталды

«Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары, ОҚО грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының төрағасы Берік Оспанов 2015 жылдың 3-8 қараша аралығында Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының Кубогы жолындағы сайысқа қатысып, жеңіспен оралған Оңтүстік Қазақстан облысының грек-рим күресінен құрама командасын қабылдады.

Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жалпы биылғы Ел кубогы жолындағы бәсеке оңтүстікқазақстандық спортшылар үшін жемісті болды. Жарысқа еліміздің он бір облысынан 11 команда қатысқан. Алғашқы айналымда оңтүстікқазақстандық балуандар Жамбыл облысының құрама командасымен кездесіп, 6-2 есебімен жеңіске жетсе, келесі айналымда Алматы облысының мықтыларымен күресіп, 5-3 есебімен жеңіс жолын жалғады.

Қарағандылық балуандармен өткен үшінші айналымда оңтүстіктің спортшылары өздерінің әбден ысылғанын әрі бабында екендігін дәлелдеді.  Қостанайлық спортшылармен болған белдесуде 5-3 есебімен жеңіске жетті. Финалда Ақтөбе облысының балуандарын 5-3 есебімен тізе бүктіріп,  Оңтүстік Қазақстан облысының командасы алғаш рет Қазақстан Республикасының Кубогын жеңіп алды.

Спортшыларды, қабылдаған Берік Оспанов балуандар мен олардың жаттықтырушыларын жеңістерімен құттықтап: «Біз марапат үшін емес оңтүстіктің атағын шығару жолында жұмыс жасауымыз қажет. Өңірде федерация құрылғалы жақсы нәтиже көрсетіп келеміз. Осы қарқыннан таймай Олимпиадаға жолдама алып, ел намысын лайықты қорғауларыңызға тілектеспін» - деді және  спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын марапаттады.

 

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=23755

Сұхбат

20180705173502

Фируза Шарипованың 4 тамызға жоспарланған кездесуі кейінге шегерілді

Июл 27 2018

Екі салмақ дәрежесінде кәсіби бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың Мириам Гутьерасспен межелеген кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы қазақстандық спортшының баспасөз-қызметі хабарлайды. Бокс кеші Санкт-Петербургтегі М-1 Аренда 4 тамызда  өтуі тиіс Далее »