ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Жамбыл облысы тұрғындарының төрттен бірі спортпен шұғылданады

Таразда облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында өткен брифингтің негізгі тақырыбы — «Қазақстан Президентінің халыққа арналған «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» Жолдауында көрсетілген дені сау ұлтты құрудағы шаралардың бірі — тұрғындарды бұқаралық спортқа тарту»  болды.

Спорттық ведомство басшысы Гамлет Қайнарбеков аймақтағы спорттың дамуы жөнінде, сонымен қатар «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» Жолдауындағы мақсаттар мен міндеттер жөнінде айтты.

Оның сөзіне қарағанда, спорт саласын дамыту үшін 2015 жылы бюджеттен 7,32 млрд. теңге бөлінді. Қазір аймақта екі мыңнан астам спорт нысаны жұмыс істеп тұр. Олардың ішінде 19 стадион, 665 футбол алаңы, 548 спорт залы бар. 166 жеке нысан бар.

Ол биыл Мойынқұм, Жуалы, Талас аудандарында спорт залдары мен спорттық алаңдар ашылғанын атап өтті. Таразда «Қазфосфат»  ЖШС және №3 олимпиадалық резервтегі мектепте спорт кешендері, сонымен қатар волейбол, баскетбол, футбол алаңдары пайда болды. Спортпен шұғылдануға ниет танытқан спортшылар 440 спорттық нысанға бару мүмкіндігі бар. Олардың 73-і облыс орталығында орналасқан.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша облыстың үш ауданында стадиондар күрделі жөндеуден өтті. Ал Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлауға дайындалу аясында ипподром мен Тараздағы Орталық стадион қалпына келтірілді.

«Нәтижесінбе бүгін бұқаралық спортпен 275 мыңға жуық адам айналысады, бұл облыс тұрғындарының 24,9%-ын құрайды, — деді Г. Қайнарбеков.

«Жамбылдық спортшылар көптеген әлемдік турнирлерде көзге түсті. Олар республикалық біріншіліктерде 397 медальға,  әлем және Азия чемпионаттарында 104 медальға ие болды. Бұл жетістіктердің барлығы жүздеген маман мен бапкердің еңбегінің жемісі болды, — деп атап өтті Г. Қайнарбеков. — Олардың спорттың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтқым келеді.  Облыс басшылығы да спорт саласын қолдап жатыр. Алда бізді жаңа жетістіктер күтіп отыр  деп үміттенеміз. Өйткені алда әлем чемпионаттары мен  Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындары сынды маңызды жарыстар бар».

 

 

ТАРАЗ. ҚазАқпарат

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=23904

Сұхбат

20180705173502

Фируза Шарипованың 4 тамызға жоспарланған кездесуі кейінге шегерілді

Июл 27 2018

Екі салмақ дәрежесінде кәсіби бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың Мириам Гутьерасспен межелеген кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы қазақстандық спортшының баспасөз-қызметі хабарлайды. Бокс кеші Санкт-Петербургтегі М-1 Аренда 4 тамызда  өтуі тиіс Далее »