ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

СҚО-да «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында жаңа фитнес-зал ашылды

СҚО-да «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында «Скиф» қонақ үй кешені жанынан жаңа фитнес-зал ашылды.  Облыс әкімі Ерік Сұлтанов жаңа нысанға табан тіреді. Бұл туралы аймақ басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Аймақ басшысы спорттық залдың жабдықпен қамтылуына оң бағасын берді. Ол елімізде саламатты өмір салтына көп көңіл бөлініп жатқанын айтты.  СҚО спортпен шұғылдану бойынша көш басында. Мұнда тұрғындардың шамамен 28% спортпен айналысады.

«Жеке инвестициялар да үлесін қосып жатыр. Өйткені солардың арқасында заманауи спорттық залдар ашылып жатыр», — деді Ерік Сұлтанов.

Кешен директоры Олжас Игібаев жаңа зал үшін  TECHNOGYM заманауи  итальяндық компаниясының 40-қа жуық тренажері сатылып алынғанын айтты. Олардың кейбіреулері аймағымызда жоқ.

«Мемлекеттік қолдаудың арқасында осындай жобаларды жүзеге асыра аламыз», — деп атап өтті Олжас Мұхтарұлы.

Фитнес-зал «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында ашылды.  «Carat Reality» ЖШС  128 млн теңге сомасындағы несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау бойынша мемлекеттік қолдауға ие болды. Қаражат жабдықтарды сатып алу мен ғимаратты салуға бағытталды.

 

 

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=24265

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »