ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Елордада қысқы спорттық маусым ашылды

Елордада дәстүрлі шаңғы жарысымен жаңа қысқы спорттық маусым ашылды. Бүгін 700 астам адам қалалық парктегі шаңғыроллерлік трассаға жиналды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Шараға ниет білдіргеннің бәрі қатысты. Спорттық жарыс болмаса да, кейбір санаттар бойынша жеңімпаздар анықталды. Атап айтқанда, күш құрылымдарының, жалпы білім беретін мектеп оқушыларының, спорттық мектеп оқушыларының, кәсіпқойлардың, сондай-ақ, шаңғы әуесқойларының арасында. Бұдан басқа додада 2008 жылы туғандар мен одан кіші балалар да шеберлік байқасты.

Андрей Герасименко, масс-старт жеңімпазы:
- Осындай шаралар қажет. Өйткені, нақ осы шараларда мерекелік атмосфера орнайды. Адамдар шаңғы теуіп үйренеді. Басқа адамдармен қатынасады, мастерлердің өнерін тамашалайды, оларға жетуге тырысады. Мен 2-3 жасымда шаңғы тебе білгем. Балаларым да біледі. Мені спортқа баулыған әкем, соның арқасында мен де шеберлігімді балаларыма үйретуге тырысамын.

Астанада қысқы спорттық маусым алғашқы бұқаралық шаңғы жарысымен ашылды. Енді әр апта сайын демалыс күндері елордалық паркте салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар мен таза ауада белсенді демалуды ұнататындар арасында шаңғы спортынан жарыстар ұйымдастырылатын болады.

 

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=24419

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »