ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

«Республикалық спорт колледжі» 2016-2017 оқу жылына оқушылар қабылдау туралы жариялайды.

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігі спорт және дене шынықтыру істері Комитетінің «Республикалық спорт колледжі» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2016-2017 оқу жылына оқушылар қабылдау туралы жариялайды.

<p >Республикалық спорт колледжі келесі спорт түрлері бойынша мамандар даярлайды: бокс (ерлер, әйелдер), грек-рим күресі, еркін күрес (ерлер, әйелдер), дзюдо (ерлер, әйелдер), ауыр атлетика (ерлер, әйелдер), жеңіл атлетика, таеквондо, семсерлесу, жүзу, суға секіру, қазіргі бессайыс, шаңғымен жүгіру және шаңғы қоссайысы, регби, оқ ату, футбол (2000 ж.т.).

Колледж «Спорт жаттықтырушысы-оқытушы» біліктілігі бойынша мамандарды даярлайды.

Оқу түрі – күндізгі, қазақ және орыс тілдерінде.

Оқу мерзімі – жалпы орта білім негізінде 2 жыл 10 ай.

Таңдаған спорт түрінен спорттық разрядына спорт шеберіне үміткерден төмен болмауы тиіс. Кемінде 30 балл ҰБТ нәтижелері бойынша қабылдау.

Колледжге оқуға қабылданғандар жатақхана, тегін тамақ, оқу кезеңінде шәкіртақы (стипендия), жолақымен қамтамасыз етіледі.

Құжаттар 2016 жылғы   1 шілде мен 10 тамыз аралығында қабылданады.

Қажетті құжаттар:

  1. Білімі туралы құжаттың түпнұсқасы (аттестат);
  2. Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты (30 баллдан төмен емес);

3. №086-У үлгідегі медициналық анықтама, №112 баланың даму картасы (талапкерлер медициналық тексеруді  шартты түрде Алматы қаласында орналасқан «Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК өтуі тиіс);                                                                                                                 

4. 3х4 көлемдегі 6 фотосурет;

5. Спортшының біліктілік сынақ кітапшасы (спортшының спорттық даярлығын растайтын құжаттың, СШҮ, СШ, ХДСШ атақтарын беру туралы куәліктері);

6. Жарыстарға қатысу хаттамаларынан үзінді;

7. Жеке куәлік көшірмесі;

8. ЖСН көшірмесі;

9. Құжат тігілетін папка.

 Сонымен қатар, «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2016-2017 оқу жылына  7- сыныптарға оқушылар қабылдау туралы жариялайды.

Қабылдау Республикалық спорт колледжіндегі даярлайтын мамандықтарға сәйкес спорт түрлері (бокс, еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдо, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, семсерлесу, таеквондо, қыздар күресі, жүзу, суға секіру, шаңғымен жүгіру және шаңғы қоссайысы, футбол) бойынша жүргізіледі.

7 сыныпқа қабылданатын оқушылардың спорттық дайындық деңгейі — таңдаған спорт түрінен балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі оқу-жаттығу топтарының даярлығына сәйкес болуы қажет. Оқуға түсушілер жалпы дене дайындығы (ЖДД) және арнайы дене дайындығы (АДД) бойынша емтихандар тапсырады. Жалпы білім беру пәндері бойынша: қазақ тілі (диктант), орыс тілі (ауызша емтихан), Қазақстан тарихы (ауызша емтихан) және математика (бақылау жұмысы) емтихандарын тапсырады.

7-сыныпқа қабылданатын оқушылардың құжаттарын қабылдау 2016 жылғы шілденің 1-і мен тамыздың 1-і аралығында жүргізіледі.

Қабылдау емтихандары 2016 жылғы тамыздың 1-15 аралығында өткізіледі.  Оқуға түсуге үміткерлер міндетті түрде  Алматы қаласындағы «Спорттық медицина және оңалту орталығы» РМҚК-да медициналық тексеруден өтуі тиіс.

Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар:

  1. №112, 063 үлгідегі анықтамалар.
  2. №086 үлгідегі анықтама.
  3. Спорттық дайындықтан өткенін растайтын құжат (спортшының біліктілік сынақ кітапшасы).
  4. Спорттық разрядтары мен атақтарын растайтын құжат (беру туралы бұйрықтың көшірмесі, куәлігі).
  5. Туу туралы куәлік (нотариалды куәландырылған).
  6. Белгіленген үлгідегі ата-анасының өтініші.
  7. 6 сыныпты бітіргені туралы анықтама және өткен жылдардың табельдері.
  8. 3х4 көлемдегі фотосурет – 6 дана.
  9. 1 құжат тігілетін папка.

Біздің мекен-жайымыз:

050060, Алматы қаласы,

Тимирязев көшесі, 41

тел. 8 727 376 25 14, 376 27 22.

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=24902

Сұхбат

article-2177-1525338088

Ерлан Қожасбай: Күрес тарихындағы ең ауқымды әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Авг 21 2019

Күрес әлеміндегі басты спорттық оқиғаға бір айдан аз уақыт қалды. 2019 жылдың 14-22 қыркүйек аралығында Қазақстан елордасында грек-рим, еркін және әйелдер күресі бойынша Әлем чемпионаты өтеді. Нұр Сұлтандағы турнир Жапония Далее »