ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Баспасөз релизі «Балғын балалар-біздің болашағымыз»

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалының «Мәдениет» бастауыш партия ұйымы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында 1 маусым — Балаларды қорғау күніне орай Қ.Мұңайтпасов атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің» оқушыларына арналған «Балғын балалар-біздің болашағымыз» атты 3 күндік мәдени-бұқаралық шара ұйымдастырды.

Бірінші күні оқушылар саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешеніне барып, Ақмола лагерінің тарихымен танысты. Содан соң ҚР Ұлттық Паралимпиада Комитеті  «Samruk- Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесіп, «Қиындықтарды жеңу» тақырыбында семинар ұйымдастырды.

Екінші күні «Астана қаласы дін істері басқармасы» ММ-сі «Экстремизмнің алдын алу және онымен күрес» тақырыбында балаларға лекция оқыды. Содан соң, болашақ спортшылар ҰОС ардагерлеріне арнап Орталық клиникалық госпиталь ұйымдастырған концертке қатысты.

Үшінші күнді оқушылар шығармашылық және спорттық шараларға арнады. Мектеп-интернат-колледждің территориясында қолөнер бұйымдары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейіне барып, еліміздің өткені мен бүгініне шолу жасап қайтты. Балаларға әсер еткен дүниелердің бірі – олимпиада чемпиондарының бұрышы болды. Түрлі жылдарда Олимпиада чемпиондары атанған спортшылардың  медальдарі балаларға қанат бітірді.

Жас спортшылар грек-рим күресі, еркін күрес бойынша өзара жолдастық кездесулер өткізіп, футболдан мини-турнир ұйымдастырды. Мұндай шаралардың еліміздің мәдениет және спорт саласын дамытуға өз үлесін қосары сөзсіз. Сондықтан келесі жылы да осындай форматтағы кездесулер өз жалғасын табады.   

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=25805

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »