ҚАЗ РУС ENG

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Дәстүрлерді жаңғыртамыз!

Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесіне ат спорты түрлерінен «ЭКСПО КУБОГЫ» өтті.

АСТАНА – Ат жарысы 11 маусымда Астана қаласының «Қазанат» ипподромында сағат 10:00-де басталды. Шараның ұйымдастырушылары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР «Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы», Астана Әкімдігі, Алматы облысының әкімдігі және «Қазақстанның бәйге түрлері қоғамы». Әлеуметтік серіктес - «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Жарысқа еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан шабандоздар қатысты. Жарыс бағдарламасына аламан бәйге – 25 шақырым, топ бәйге – 15 шақырым, жорға аттар жарысы – 7 шақырым, құнан бәйге – 7 шақырым, 2400 және 1800 метрге ұшқыр аттар жарысы (гладкие скачки) енді. 25 шақырымдық аламан бәйгеге, 15 шақырымдық топ бәйгеге, 7 шақырымдық құнан бәйгеге, 7 шақырымдық жорға жарысқа әр облыстан биылғы жылғы іріктеу бәйгелерінде жүлдегер болған таңдаулы сәйгүліктер ғана таңдалынған. Барлығы – 130-ға жуық еліміздің жүйріктері тіркелді. Сондай-ақ, бәйгенің ұшқыр аттар жарысы бойынша (2400 және 1800км)  РФ, Қырғызстан, Өзбекстан, Польшадан қатысушылар келді.

Аламан бәйге (25шақырым) бойынша 1-ші орынды Атырау облысының шабандозы иеленді. 2 орын алматылық спортшының еншісінде, 3,4 орындарды Алматы облысы шабандоздарының тақымында кетсе, бестікті Ақтөбелік спортшы түйіндеді. Бәйгенің құнан,жорға және топ түрлері бойынша қазақстандық спортшылар жүлделі орындарды өзара бөлісіп алды. Айта кетейік, ұшқыр жарыстың 1,8 шақырымында қазақстандық спортшылар топ жарды. Ал, 2,4 шақырым бойынша 1-ші орынды РФ шабандозы иеленді, қырғыз спортшысы екінші жүлдені еншілесе, қазақстандық спортшы үшінші орынға тұрақтады, ресейлік шабандоз 4-ші орында, бесінші болып мәре сызығын Польшадан келген спортшы қиды.

Ұшқыр аттар жарысы бойынша (1800 және 2400 шақырым) сыйақы қоры – 63млн. 600 мың теңгені ($200 000) құрады. Ұлттық жарыс түрлерінің сыйақы мөлшері – 36 млн теңге ($115 260 мың). Сома жүлдегерлер арасында 5-ші орынға дейін бөлініп берілді.

Жарыстың үзіліс кезінде  «джигитовка», «теңге ілу», «жамбы ату», «қыз қуу», қазақы тазы иттер жарысы сияқты ұлттық спорт түрлерінен көрсетілімдер ұйымдастырылды.

Айта кетейік, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында халықаралық деңгейдегі 18 ауқымды спорттық шара ұйымдастырады. Еліміздің өңірлері де спорттық жарыстардан қалыс қалмайды. Халықаралық көрме аясында Қазақстанның 14 облысында 20-дан астам спорттық сайыстар өткізіледі.

Анықтама үшін: Бәйге – көптеген түркі-тілдес халықтардың ежелден келе жатқан спорт түрі. Бәйге бұл – жазық жерлерде орта және ұзын қашықтықта өтетін жарыс. Бәйгеде шабандоздың тактикалық шеберлігі мен аттың жарысқа дайындығы аса маңызды саналады. 

Нақты ақпарат алу үшін: Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз хатшысы Тугумбаева Рауханға мына байланыс нөмірлері арқылы хабарласуларыңызға болады: 74-08-61, 8-771-183-88-53, 8-771-207-43-25.

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=25816

Сұхбат

20160813033543

Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады — Мырзағали Айтжанов

Янв 13 2017

АСТАНА. ҚазАқпарат — Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының Далее »