ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Астанада NOMAD MMA стилі бойынша Азияның ең үздік спортшысы анықталады

Астана - 20-21 қазанында Астана қаласы «Даулет» спорт кешенінде VIII Халықаралық NOMAD MMA стилі бойынша  «Азия жауынгері» турнирі өтпек.

Турнир ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Мәдениет және cпорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Nomad MMAХалықаралық федерациясы, Республикалық жауынгерлік өнер бірлестігі.

Азияның ең мықтысы атағына 500 жуық спортшы таласады. Олар: Қазақстан, Пәкістан, Иран, Үндістан, Бангладеш, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Ауғанстан және Ресей елдерінің өкілдері.

Жарыстың негізгі мақсаты – бұқаралық спортты насихаттау, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Себебі, денені шынықтыру, спорт әр адамның жеке тұлға болып қалыптасып, салауатты өмір сүруіне зор ықпал етеді.

Айта кетейік, Жекпе-жектің қазақстандық түрі «NOMAD MMA» халықаралық деңгейде қарқынды түрде дамып, түрлі турнирлер өткізілуде. Бүгінгі таңда, Федерация аясында 14 мың бала қамтылған. Ал 15 жылдық тарихы бар Әлемдік Федерация жас жеткіншектерді тәрбиелеудегі ерекшеліктерді ашып қана қоймай, нақты тапсырмаларды орындау арқылы жеткіншектерге кәсіби спортшылардың дүниежүзілік элитасына кіруге мүмкіндік береді.

Аз уақыт ішінде Nomad MMA бұқаралық спорт түріне айнала бастады. Тек Қазақстанда емес, өзге де елдердің жастары қызығушылық танытып отыр. Қазіргі кезде Әлемдік Федерация құрамына 15 мемлекет өкілдері кіреді.

Жарысқа аккредитациялану мәселелері бойынша:

8(778)933-64-88

8(747)298-99-14

e-mail: masha_82.82@mail.ru

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=28192

Сұхбат

20180705173502

Фируза Шарипованың 4 тамызға жоспарланған кездесуі кейінге шегерілді

Июл 27 2018

Екі салмақ дәрежесінде кәсіби бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың Мириам Гутьерасспен межелеген кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы қазақстандық спортшының баспасөз-қызметі хабарлайды. Бокс кеші Санкт-Петербургтегі М-1 Аренда 4 тамызда  өтуі тиіс Далее »