ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Жеңімпазды күтіп алу!

Естеріңізге сала кетсек 16-18 қараша аралығында Партугалияның Одивелаш қаласында парадзюдодан өткен әлем чемпионатында отандасымыз Олжас Оразалыұлы қарсылас шақ келтірмей алтыннан алқа тақты. 60 келі салмақ дәрежесінде белдескен балуанымыз 18 жасында әлем чемпионы атанды. Байрақты бәсекеде спортшымыз Испаниялық Боржа Пахиссаны иппонмен, екінші кездесуінде жапон балуаны Такааки Хирайды, ширек финалда алжирлік Моулоуд Ноураны таза жеңді. Ал жартылай финалда әзірбайжандық Орхан Гараевтан басым түсіп, финалда Алжир спортшысы Ишак  Оулдкоуидерді ұтып, ел қоржынына алтын медальді салды.

Айта кетейік бұл алтын парадзюдодан ел тарихындағы алғашқы алтын жүлде. Осылайша еліміз 42 мемлекет, 267 дзюдоист қатысқан дүбірлі додада командалық есепте 1 алтынмен 10 орынға тұрақтады. Әлем чемпионатында Қазақстан намысын 7 балуан қорғады.

Күні: 22-қараша (бейсенбі) 2018 ж.

Уақыты: 04:30

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Б.Майлин к-сі,2 «Халықарлық Алматы әуежайы»

Журналистерді аккредитациядан өткізу үшін:

 «Спортты дамыту дирекциясы» 

РМҚК баспасөз қызметі,  баспасөз хатшысы

Тоқтахметова Айнагүл +7 (771) 830 -73- 49

press.dshnk@gmail.com

 

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=28283

Сұхбат

20180705173502

Фируза Шарипованың 4 тамызға жоспарланған кездесуі кейінге шегерілді

Июл 27 2018

Екі салмақ дәрежесінде кәсіби бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың Мириам Гутьерасспен межелеген кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы қазақстандық спортшының баспасөз-қызметі хабарлайды. Бокс кеші Санкт-Петербургтегі М-1 Аренда 4 тамызда  өтуі тиіс Далее »