ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Жаңа жекпе-жек түрлері Қауымдастығы құрылды

Астана – 26 қараша сағ 18.00-де Rixos қонақ үйінде (Д.Қонаев к, 7) олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша Республикалық Федерациялардың қатысуымен отырыс өтті. Шара ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының төрағалығымен өтті.

Шарада олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша барлық Республикалық Федерацияларды бір Қауымдастық аясына жинау мәселесі қарастырылды. Кездесуге республика бойынша аккредиттелген  20 федерация өкілі келді.

Шара барысында Қауымдастықтың Президенті сайланып, басшы құрамы бекітілді. Ортақ шешіммен ұйым президенті болып Масимов Карим Қажымханұлы сайланды, бірінші орынбасары қызметіне Садыкулов Ануар Толеуханұлы тағайындалды, бас хатшы міндетін Аманқұлов Фархат Аменұлы атқарады, сонымен қатар, ұйымның вице-президенттері бодып Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы, Жошыбаев Рапиль Сейітқанұлы, Найзабеков Таджимурат Толыбайұлы, Жарасбаев Серік Маратұлы сайланды.

Қауымдастық төрт бағыт бойынша жұмыс жасайды: каратэ, жекпе-жек, қоян-қолтық жекпе-жек, аралас жекпе-жек ММА.

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=28309

Сұхбат

20180705173502

Фируза Шарипованың 4 тамызға жоспарланған кездесуі кейінге шегерілді

Июл 27 2018

Екі салмақ дәрежесінде кәсіби бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың Мириам Гутьерасспен межелеген кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы қазақстандық спортшының баспасөз-қызметі хабарлайды. Бокс кеші Санкт-Петербургтегі М-1 Аренда 4 тамызда  өтуі тиіс Далее »