ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Спортта жемқорлықпен күресу!

Астана — 29 қараша 2018 жыл сағ 10.00-де «Сарыарқа» велотрегінің ғимаратында еліміздің спорттық ұйымдарының мамандарына арналған «Жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында семинар өтті.

Аталған шара Спорт және дене шынықтыру істері Комитетінің жемқорлықпен күрес жоспарын орындау аясында жүзеге асырылды. Шараға Комитет қызметкерлері мен мекемеге қарасты ұйымдардың қызметкерлері толықтай қатысты.

Семинарға Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Есімов Асқар Асылбекұлы, ҚР-ның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаменті басшысының орынбасары Ким Роман Юрьевич, «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының спорттық бақылау инспекторы Шакенов Жақсылық Малбақтинұлы, Астана қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Алматы аймағының филиалы Халыққа қызмет көрсету жөніндегі №3 қалалық бөлімінің басшысы Әлия Райымбекова қатысты.

Шара барысында орталықтың қызметкері Аделя Махмұтова сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша есеп беріп, оның негізгі тармақтары мен әдістеріне тоқталды. Сондай-ақ, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Асқар Есімов өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтың алдын алу, әсіресе спорт саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басым бағыттардың бірі болып табылатындығын тілге тиек етті.

 

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=28324

Сұхбат

20180705173502

Фируза Шарипованың 4 тамызға жоспарланған кездесуі кейінге шегерілді

Июл 27 2018

Екі салмақ дәрежесінде кәсіби бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың Мириам Гутьерасспен межелеген кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы қазақстандық спортшының баспасөз-қызметі хабарлайды. Бокс кеші Санкт-Петербургтегі М-1 Аренда 4 тамызда  өтуі тиіс Далее »