ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Спорт журналистері арасында үздіктер анықталды!

Астана — Бүгін 20 желтоқсан ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Қазақстанның БАҚ журналистері арасында спорт журналисі, публицист және қоғам қайраткері Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жыл сайын өтетін байқау қорытындыланды. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан байқауға биыл еліміздің әр өңірінен 15 үміткер қатысып, олардан газет және сайт беттерінде жарық көрген 167 мақала, 11 телевизиялық материал, 3 деректі фильм мен 2 кітап келіп түсті.  Қазылар алқасының шешімімен жылына бір рет үш жеңімпазға тапсырылатын сыйлыққа «Қазақ спорты» газетінің тілшісі Мәдина Асылбек, «Қармақшы таңы» газетінің журналисті Нұрбай Жанәділов және «Qazsport» арнасының тілшісі Ермек Төрениязов лайықты деп танылды. Спорт журналистерінің үздігін анықтау Қыдырбек Рысбек, Дүрәлі Дүйсебай, Аман Сейтканов,  Нұрғазы Сасаев секілді журналистика саласының майталмандарына тапсырылды.

Жеңімпаздар «Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты» арнайы төсбелгісімен марапатталып, диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болады.

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=28364

Сұхбат

20180705173502

Фируза Шарипованың 4 тамызға жоспарланған кездесуі кейінге шегерілді

Июл 27 2018

Екі салмақ дәрежесінде кәсіби бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың Мириам Гутьерасспен межелеген кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы қазақстандық спортшының баспасөз-қызметі хабарлайды. Бокс кеші Санкт-Петербургтегі М-1 Аренда 4 тамызда  өтуі тиіс Далее »