ҚАЗ РУС

Нормальная версия

Размер шрифта:
Цвета сайта:

Ерекше мүмкіндік

+ 100% -
Версия для слабовидящих
|

Жансая Әбдумәлік шахматтың барлық түрі бойынша 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында рейтингтің көшін бастады

- Жансая Абдумалик шахматтың барлық түрі бойынша 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында үздік шахматшылар рейтингтің көшін бастады. Қазақстандық спортшы шахматтың классикалық, рапид және блиц түрлері бойынша үздік атанды.  Бұған дейін ешбір спортшы ойынның үш түрі бойынша әлемдік рейтингтің көшін бастамаған. 

«Мен өз қызыммен мақтанамын, – деді спортшының әкесі Данияр  Әшіров, – Ол ұзақ дайындалды, өзінің шеберлігін үнемі шыңдап отырады. Бұл көрсеткіш көп жылғы еңбектің нәтижесі,-деді ол.

Жансая  шахматпен кішкентайынан айналыса бастаған. 14 жасында Қазақстанның ең жас гроссмейстері атанды. Қазір 18 жастағы спортшының қоржынында республикалық, халықаралық турнирлердің медальдары бар.

«Мен әрдайым өз шеберлігіміді ұдайы шыңдап отырамын. Мұндай жетістікке жетуіме ата-анам, жаттықтырушым себеп болды. Бұл әрине жақсы көрсеткіш, бірақ мен мұнымен тоқтамаймын. Әрі қарай еңбек ету керек. Мен үшін ең басты жетістік ертеңгі ойынымды бүгінгіден де шыңдау.».

2018 жылдың қараша айында ересектер арасында Әлем Чемпионатында Жансая қазақстандық спортшылар арасында алғаш рет жартылай финалға шыққан спортшы атанды.  Сонымен қатар, өткен жылдың желтоқсанында рапид пен блиц бойынша өткен Әлем Чемпионатында отандық шахматшы әйелдер арасында 6 орынға ие болды.

Бөлісу:
  • Добавить ВКонтакте заметку об этой странице
  • Мой Мир
  • Facebook
  • Twitter
  • LiveJournal
  • LinkedIn
  • Одноклассники

Short URL: http://kk.sport.gov.kz/?p=28407

Сұхбат

20180705173502

Фируза Шарипованың 4 тамызға жоспарланған кездесуі кейінге шегерілді

Июл 27 2018

Екі салмақ дәрежесінде кәсіби бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың Мириам Гутьерасспен межелеген кездесуі өтпейтін болды. Бұл туралы қазақстандық спортшының баспасөз-қызметі хабарлайды. Бокс кеші Санкт-Петербургтегі М-1 Аренда 4 тамызда  өтуі тиіс Далее »